Талдау мен синтез Талдаудың эмпирикалық материалы механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтерін өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтерінің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай –ақ ол қатыстық-қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтерінің бір- біріне қатынасы көрініс табады.
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу - бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алупроцесі.
Дәріптеушілік- дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді.
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивні әдістері; Бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделі жасау әдісі.
Модельдеу- зерттеу объектісінің өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастыратын зерттеу әдісі. Бірінші объект топ нұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы ойынша тұпнұсқаға көшірілді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу алкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданады. Модельдің түп нұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, слайда оның бойында моделіне де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсасқық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, байта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылды.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық. Белгілік болады. модельдің түрінтаңдау таным зерттеу огбъектісінің күрделілігіне байланысты.
Болжау әдісі: зерттеушінің қаысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім белу жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылды. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.
3. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (диспрессия), орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперссия ), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлік коэфиценттерін есептеу үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет.
Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе нашар деп айтуға болады.
Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық тізім әдісі көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен олардың дәрежесі бойынша орналастырыу, өзара үйлесімдік коэффиценттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмприкалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашауға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған.
Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде “құбылыс” деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер “мәні” деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәнінің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірі мен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас - емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді.
Зерттеу объектісінің мәнін теорялық түрде тану оның дамму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмприкалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір- бірі мен диалектикалық байланысты және бір-бірінісіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.
Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей әдістемелік деңгей. Танымның әдістемелік деңгейі педагогика категориялары мен, “білмеген туралы білімді” айқындау мен, ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолдану мен байланысты мәселелерді шешеуге бағытталған, таным іс- әрекетінің негізгі әдістемелік теориясы құрылуда.
Ғылыми - педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |