Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет17/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58

Х – өлшенетін шама;


У – өлшеу ақпаратының сигналы;
О – оператр.

1 сурет - Өлшеу процесінің сұлбасы
Әсер етуші физикалық шама (ӘФШ) – берілген ӨҚ-мен өлшенбейтін, бірақ осы құралдың өлшеу нәтижесіне әсер етуші физикалық шама (қоршаған орта температурасы, ауа ылғалдылығы, электромагниттік өріс, вибрациялар және т. б.)
Өлшеу нәтижесі – бұл өлшеу арқылы табылған физикалық шаманың мәні. ФШ бөлінеді: а) физикалық шаманың шындық мәні – сапалық және мөлшерлік жағынан объекттің сәйкес қасиетін шынайы бейнелейтін физикалық шаманың мәні. Философия тұрғысында шындық мәні әрдайым белгісіз. Өлшеулерді жетілдіру физикалық шаманың шындық мәніне жақындауға мүмкіндік береді; б) физикалық шаманың нағыз мәні – эксперименталды жолымен табылған және нағыз мәніне сонша жақын болғанынан – берілген мақсат үшін оның орнына қолдануға болады, тәжиребелік жолымен және үлгілі өлшеу құралымен анықталады.
Жасалған немесе жасайтын өлшеу жөнінде елес құрастыру үшін оның негізгі сипаттамаларын (өлшеу принципін, өлшеу әдісін және өлшеу қателігін, кейде дәлдігін) білу қажет.
Өлшеу принципі  – өлшеудің негізі болатын физикалық құбылыстардың жинағы.
Өлшеу әдісі – өлшеу құралдарын және принциптерін қолдану тәсілдерінің жинағы.
ӨҚ жасалу кемелсіздігі, олардың дәл бөліктенген шкаласының дәлсіздігі, ӨФШ әсері, адамның субъектівтік қателігі және бірқатар басқа факторлар өлшеу қателігінің себептері болып табылады.
Өлшеу қателігі – өлшеу нәтижесінің  өлшенетін шаманың нағыз (шындық) мәнінен   ауытқуы
. (2.2)
Өлшеу дәлдігі өлшеу қателігінің нөлге жақындаған деңгейін немесе өлшеу кезіндегі алынған мәннің өлшенетін шаманың шындық мәніне жақындығын сипаттайды.
Дәлдік мөлшерін былай жазуға болады
. (2.3)
Қателікті және дәлдікті анықтаған кезде физикалық шаманың  шындық мәнінің орнына оның нағыз мәнін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет