Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет39/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Қатарларды зерттеу. Статистикада бір факторды (параметрді) бірнеше рет зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын қатар деп атайды. Мысалдар қатары: температуралардың ауытқу динамикасын өлшеу жолы, маршруттң бірдей арақашықтығындағы өсімдіктер мен жануарлардың саны, бірнеше жыл уақыт аралығындағы туылу динамикасы тағы басқалары. Сонымен бірге барлық қатарлар қандай-да бір ортақ сипатқа және ортақ мөлшерлемелерге ие. Қатарларды сипаттау үшін үш негізгі көрсеткіштер қолданылады: орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқушылық және вариация коэффиценті, сонымен қатар осы көрсеткіштердің қателіктері. Статистикалық қателіктер – объектілерді зерттеу барысында жіберілген қателіктер емес. Олар генералды бірлестіктерді іріктеу процесінің барысында пайда болады.
Сонымен, орташа арифметикалық М М= Σх\ Ν қатарының мүшелерінің орташа көлемін сипаттайды, мұндағы х- қатардың мүшелерінің мәні, N-қатар мүшелерінің саны.
Орташа арифметикалылықтың қателігі mM=δ\ √N, δ-орташа квадраттық ауытқушылық. δ-орташа квадраттық ауытқушылық қатар мүшелерінің орташа мәннен қаншалықты ауытқушылыққа ұшырайтындығын көрсетеді. Оның бірнеше формулалар бар: δ= √ Σ(х-М)2\ Ν-1 , где Σ(х-М)2 қатардың әрбір мүшелерінің әртүрлілігінің және арифметикалық орташалығының квадраттарының суммасы, Ν-қатар мүшелерінің саны. Орташа квадраттық ауытқушылықтың қателігі mδ=δ\√2N.
Вариация коэффиценті СV вариабельділікті салыстыру деңгейінің кез-келген қатарында қолданылуы мүмкін:
CV=δ/ M 100%

Вариация коэффицентінің қателігі: mv=V/ √ 2N


Аталған есептеулер кез-келген біртекті мәліметтерді жинауда міндетті болып саналады. Оларсыз әрі қарайғы зерттеулер және қорытындыларды шығару мүмкін емес болып саналды.


Корреляцияны бағалау. Егер зерттеуші зерттеліп отырған екі қатардың байланысын болжайтын болса, онда бұл байланысты сипаттау міндеттемесі туындайды. Мұндай тапсырмалар корреляция коэффиценттерінің көмегімен шешіледі. Аталған есептеудің деңгейі – ранжирлеу, яғни қатардың сандық мағыналарын азаю бағытында тәртіптік нөмірлерде ауыстыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет