Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Дiни экзистенциализм мен антропология



бет110/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   175
lektsii po filosofii

Дiни экзистенциализм мен антропология
Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам мәселесiне басымырақ қарау - оның негiзгi ерекшелiктерiне жатады. Х1Х ғ ортасынан бастап адамның өмiр сүруi, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзiктiгi, болмыстың неше-түрлi үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының негiзгi мәселелерiне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 ж.ж.) жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтiң айтуына қарағанда, Л.Шестовтың философиясын экзистенциализм бағытына жатқызуға болады, “оның философиясының қайнар-көзi ретiнде адамның қайғы-қасiретi, үрейi мен зардабы, үмiтсiздiк сезiмi болды². Ол рационализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бiрi болып қатты сынға алады. Оның ойынша, өмiрдегi әсемдiк, өнегелiк, сенiм ешқандай рационалдық, логикалық танымға жеткiзбейдi. Ғылыми зерттеу - заттар мен құбылыстардың жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске алмайды. Сонымен, адам өмiрiнiң мақсат-мұраты, мән-мағнасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Олай болса, ғылым мен философия - ымыраға келмейдi. Философияның негiзгi мәселесi - адам, оның өмiрiнiң мән-мағнасы.
Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екi тұрлi. Ғылыми ақиқат дұниедегi қажеттiлiктi зерттеуден шығып, барлық адамдарға бiрдей болып келедi. Ал философиялық ақиқатқа келер болсақ, оған әрбiр адам өзiнше өзiнiң болмысында жетуi керек. Адамзаттың негiзгi мақсаты - табиғаттың қажеттiлiгiн жеңiп адамға бостандық, алғашқы ерiктiктi қайтадан әперу.
Ерiктiк мәселесiне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негiздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзiне ұқсатып, оларды құдiреттi, ерiктi, жетiлген қылып жоқтан жаратқан болатын. Бiрақ, Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсiп тұрған таным ағашының жемiсiн жесең - өлесiң !! Жыланның сөзiне ерiп, өзiн Құдаймен теңегiсi келген адам тиым салынған жемiстiң дәмiн татып “бiлiмдi² пәндеге айналды. Бiлiммен бiрге күнә өмiрге келiп, залымдыққа жол ашты. Бiлiм шындықты қажеттiлiкке айналдырып, ерiктiктi жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат - жойылған ерiктiктi қайтару, дұниенi залымдықтан құтқару. Ол ұшiн моральдық нормалар, неше-түрлi ережелердi орындау қажет емес, өйткенi олардың бәрi де ғасырлар шеңберiнде ақыл-ойдың таразысынан өтiп, қажеттiкке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзiн ерiктi сезiну ұшiн ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткенi, оны жаратқан Құдайдың өзi. Адам әрқашанда iшкi тебiренiсте, алаңдауда болып, өзiнiң ерiктiгiн Құдайды iздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол ұшiн тек қана сенiм керек,- деп қорытады Л.Шестов. Тек қана сенiм ештеңемен шектелмеген бостандықты бередi. Адам таным ағашынан бас тартып, өмiр ағашына қайта оралуы қажет.
Орыстың дiни философиясына қомақты үлес қосқан Николай Александрович Бердяев (1874-1948 ж.ж.) болды. Негiзгi еңбектерi: “Ерiктiк философиясы. Шығармашылық мағынасы², “Тарих мағынасы² “Өзiндiк тану² т.с.с.
Оның ойынша, философия - рухты зерттейтiн iлiм, яғни адамның өмiр сүруiне, сол арқылы болмыстың мән-мағнасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дұниенi зерттесе, философия адамның iшкi рухани өмiрiне үңiледi. Сондықтан, философия объективтi емес, ол - әрқашанда субъективтi.
Н.А.Бердяевтiң ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмiр сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенiң өзiн таниды. “Таным дегенiмiз субъектiнiң болмысты бейнелеуiнде емес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүрiп мән-мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып-бiлу - болмыстың құпиясын танып-бiлумен тең.
Адам абсолюттiк болмыстың алдында тұрып, оны танып-бiлгiсi келедi. Бұл мақсатқа жеткiзетiн екi-ақ жол бар. Ол өзiн дүниенiң бiр бөлiгi ретiнде сезiнiп, оған терең шомылуы мұмкiн. Бiрақ, ол жол нәтиже бермейдi, өйткенi, бөлшек бiртұтастыққа жете алмайды.
Екiншi жол - өзiңнiң дүниеге деген маңыздылығыңды сезiнiп, өз болмысыңды бүкiл дүниенiң өзегi ретiнде қарасаң - онда өз тереңдiгiңе үңiлу, оны танып-бiлу - бүкiл болмысты танып-бiлумен тең болады. Мұндай көзқарас көне замандағы гректердiң “макрокосм² мен “микрокосм² идеяларына кетедi. Адам “кiшi ғарыш² ретiнде “ұлкен ғарышқа² сай келедi. Сондықтан, сыртқы болмысты тану ²шiн өзiңнiң iшкi болмысыңды бiлуiң қажет.
Н.А.Бердяевтiң философиясының негiзгi категориясы - ерiктiк. Оның ешқандай өлшемi, шегi, түбi жоқ, оны ештеңемен теңеуге болмайды. Оның оқшаулығын түсiну - оның болмысқа дейiн өмiр сүргенiн мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Орта ғасырда өмiр сұрген Я.Беменiң “Құдайдың өзi тұбi жоқ тұңғиықтан пайда болды²,- деген пiкiрiн қолдап, сол алғашқы “түбi жоқты² ерiкпен теңейдi. Сол алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дұниенi жаратады.
Осы арада Н.А.Бердяевтiң философиясының ғажап қызықты жағын көремiз. Ол - алғашқы Ерiктiк пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы дуализм, қайшылық. Құдай дұниедегi залымдыққа жауапты емес, өйткенi, оның өзiнiң негiзi жоқ, Ол өзi шыққан тұбi жоқ ерiктiкке ештеңе жасай алмайды. Керiсiнше, Құдайдың өзiнiң болмысына, содан кейiн оның дүниенi жаратуына жол ашқан сол алғашқы Ерiктiк емес пе? Олай болса, адамның өзi, бiр жағынан, Құдайдың жаратқан пендесi болса, екiншi жағынан, түбi жоқ ерiктiктiң нәрестесi. Сондықтан, ерiктiк бұкiл адамның iс-әрекетiн баурайды. Ерiктiк дегенiмiз - ешнәрсеге тәуелсiз таза сана, кұш-қуат.
Белгiлi бiр “метафизикалық ессiз кезеңде²ерiктiк өзiн Құдайға қарсы қойып, онымен кұресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге, адамның өзiне де тарады. Сондықтан, дұние мен адам залымдыққа белшесiнен батты, ал Құдай болса, оған ешнәрсе жасай алмайды, өйткенi Ол ерiктiктi жаратқан жоқ. Мiне, осы сәтте дұниеге Христос келiп, бұкiл дүние мен адамдардың кұнәләрiн өз мойнына алып, тұңғиыққа тереңдеп, оны өз сәулесiмен жарқыратады. Сонымен, Н.А.Бердяев Құдайдың ессiз ерiктiктi жеңетiнiне сенгенмен, бiрақ, оған үзiлдi-кесiлдi кепiл беруден бас тартады.
Н.А.Бердяевтiң философиясындағы негiзгi болмыстық категория - ол адамның өзi, өйткенi, ол дүниенiң ортасында, оның тағдыры дүниенiң тағдырын анықтайды. Адам мен Дұние Құдайдың өмiрiн байытады, өйткенi, адам - рухани пенде, ол iзгiлiк пен әсемдiктi сүйедi. Екiншi жағынан, ол ең жоғарғы материалдық құрылым, бұкiл дүниенiң барлық элементтерi оның бойында бар, сондықтан, Ғарыш оның шығармашылық iс-әрекетiн қабылдайды.
Сонымен, адам қайшылықты пенде, ол “табиғаттық дүниедегi ұзiлiс², оны түсiну ұшiн одан да жоғары - Құдайға деген оның қарым-қатынасын бiлу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейiн адам өзiн Құдайға тәуелдi пенде ретiнде түсiнiп келдi. Ал тәуелдiлiк бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан, Құдай мен адамның ара-қатынасы нағыз ерiктiкке негiзделген - махаббатың құпиясы, мiне, осында. Адам Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етедi, өйткенi, оның өзiнiң негiзi жоқ (безосновность), ол адамсыз өзiнiң жалғыздығын сезiнедi... Сонымен, бiз адамның Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуiмiз керек. Тарихи Христостың өзi алғашқы рет осыны паш еттi.
Құдай - рух, сонымен қатар, адам да - рух. Олай болса, екеуiнiң шығармашылық жолда кездесуi ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады. (объективация - Бердяевтiң философиясындағы ұғым,- идеяның, жалпы сананың мазмұнының, адамдардың қарым-қатынастарының заттануын, адамнан жаттануын көрсетедi).
Ендi Н.А.Бердяевтiң тарих философиясына келер болсақ, онда “уақыт² категориясы үлкен орын алады. Егер дүниедегiнiң бәрi шектелген, олай болса, соңы бар болатын болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның аржағына өтiп кетуге болады. Шығармашылық - мәңгiлiкке әкеледi, бiрақ, ол шексiз уақыт емес, уақытты аттап өтетiн жаңа сапа. Осы себептi тарихтағы шексiз жоғары өрлеудi (прогрестi) қабылдауға болмайды. Тарихтағы соңғы “жұмақта² өмiр сүретiн буындар өткен шексiз санды адамдардың өмiрiн сол мақсатқа жетудiң құралына айналдырады. Мұндай жағдайда адамзат тарихының мән-мағнасы жойылатыны хақ. Өткен дәуiрдi, оның мәдениетiн толыққанды қабылдамай, дұрыс болашақты да орнату мұмкiн емес. Шiркiн, осындай Н.А.Бердяевтiң терең тарих жөнiндегi ойларын саясаткерлер жете бiлсе ғой!!! Сонда реформа барысындағы қателiктер де аз болар едi.
Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтiң тарихи көзқарасын өмiршеңдi деп атауға болады : адамзат рухани жаңарудың негiзiнде қайта өрлеуге мұмкiндiк алады. Болашақ қоғам екi принципке негiзделедi - аристократиялық - тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын көрсетедi, ал демократиялық - әдiлеттiлiк пен достыққа шақырады.
Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтiң талдап, өзiнiң шешiмiн берген екi категориясын көрсетпей болмайды - олар мәдениет пен цивилизация.
Мәдениет - қоғамның рухани дамуының шыңы, дiн, философия, өнер құндылықтары, терең де нәзiк ойлар, шығармашылық туындылары. Уақыт өткен сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгi қажеттiктерден шығатын қарапайым өмiрдi көтеруге бағытталған iстер келiп, “өзiмшiл цивилизация² мәдениеттi тұрпайылата бастайды.
Цивилизация дегенiмiз өмiрдiң әлеуметтiк, материалдық жағының дамуы, экономикалық мүдделердiң басымдығы, пайдақорлыққа тырысу, құралдың мақсатты жеңуi. Цивилизация өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығармашылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машиналардың өмiрге енуiмен бiрге келедi. Адам техниканы пайдаланып, табиғатты өз еркiне көндiруге тырысады, соның нәтижесiнде адамның толыққанды органикалық табиғатқа сәйкес өмiрi жойылып, оның орнына мамандандырылған, бiржақты адам пайда болады. Цивилизация техниканың үстемдiгiне әкелiп, рухты тоқыратады.
Капиталистiк, я болмаса социалистiк цивилизация болмасын өз табиғатына сәйкес әрқашанда “буржуазиялық². Ол дегенiмiз рухтың тоқырауы, материалдық байлыққа, өмiрден ләззат алуға тырысу.
Дегенмен, цивилизация мәдениеттi толығынан құрта алмайды, ол ұсақталынғанмен аяғына шейiн цивилизацияның пайдақорлығына қарсы тұрады. Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт логикалық сатысын көрсетедi : олар тағылық, мәдениет, цивилизация және “дiни қайта өрлеу². Социалистiк өзгерiстер Ресейдi цивилизация шеңберiне кiргiзiп, мәдениеттi тоқыратты. Мәдениеттi қайта жаңартуда дiн шешушi қызмет атқаруы керек.
Орыс философиясындағы дiни антропология бағытының өкiлдерi ретiнде С.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.О.Лосскийдi атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет