Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет111/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   175
lektsii po filosofii

С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре алмайды, егер iшкi дұниеңде Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды. Құдайға қарсы кұрес, бiр дiндi тарату, қажеттi тұрде екiншi дiндi тудырады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналынған болатын. С.М.) Алайда, адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз iшiнен табуы керек.
С.Н. Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз - ол “антроподицея² (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi - дүние уақыттың шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол әлi соңына жеткен жоқ, дәл қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы дүниенi жарату iсiне, оны әрi қарай жетiлдiруге ат салысуда. Адам - Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. Ол - микротеос, оның iшiнде бүкiл дұниенiң кұш-қуаты бар, ол болмыстың ең жоғары ортасы.
С.Л.Франк адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретiнде қарайды. Өзiндiк сана арқылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзiнен де алшақтап, өз-өзiне басқа адамның көзiмен қараған сияқты дәрежеге келедi. Нәтижесiнде екi ақуал - танушы мен танылатын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын пайда болады. Мiне, адам өзiндiк санасы арқылы өзiнiң денелiк эмпириялық табиғатынан бөлiнiп, өз-өзiн бағалайтын, сынайтын дәрежеге көтерiледi.
Адам әрқашанда өзiнiң күнделiктi болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтiп, басқа өмiрге, өнегелiкке қарай ұмтылатын пәнде.
Н.О.Лосский тұлғаларды шынайы және потенциалды деп екiге бөледi. Тұлға өзiнiң дамуында құдайдың бейнесiне ұқсаудан бастап, соңында тiптi құдайдың өзiне тартуға тырысады. Ал соңғы - ол тұлғаның негiзгi мақсаты, ол ұшiн адам неше-түрлi қиындықтар мен зардаптардан өтуi керек.
Руханияттық - адамның негiзгi қасиетi. Рухани адамның iшкi өнегелiгi қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.
Қорыта келе, бiз орыс философиясының адам мәселесiне қомақты үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазiргi өтпелi дәуiрдегi қалыптасқан көп ақуалдарды талдауға өз көмегiн бередi. Сiз де ол жөнiнде ойланып көрiңiз. Ғарыш философиясы
Ғарыш философиясы деген кезде бiз екi нәрсенi айтуымызға болады. Бiрiншiден, ол дұниенiң бiртұтастығы және соның шеңберiндегi адамзаттың, яғни рухтың алатын орны; екiншiден, адамзат мәңгi осы жер бетiнде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектiлердi игерiп, өзiнiң ықпалын бұкiл ғарышқа тарата ала ма ?
Бiрiншi сұраққа қайсыбiр ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екiншi сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негiзiнен алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан, бұл ағымды орыс философиясының ерекшелiктерiнiң бiреуiне жатқызуға болар едi деп ойлаймыз. Ал ендi оның өзiнiң де себебi бар шығар.
Бiздiң ойымызша, Алтын Орда мемлекетiнiң қысымынан кейiнгi Ресей қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпiлуi (бiрнеше ғасырдың шеңберiнде Едiл өзенiнiң әр жағынан сонау қиыр Шығысқа дейiн жетуi), өлшемсiз кең байтақ жерде мемлекеттiгiн құруы, ұлттық ой-өрiстi де кеңейтiп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. Мүмкiн, басқа себептер де болған болар.
Еуропа ой-өрiсiнде ғарыш жөнiнде христиандық антропоцентрлiк көзқарас ғасырлар бойы өмiр сұрдi. Оның негiзгi қағидасы - адам жаратылған дүниенiң ең биiк шыңы, жер болса - ғарыштың ортасы.
Коперник мұндай көзқарасқа төңкерiс жасайды - ғарыштың ортасы жер емес, кұн. Ғарышта тек жерде ғана өмiр бар. Дж. Бруноның шексiз ғарыш пен өмiр жөнiндегi ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуiрдегi ғылымда ғарыш механистiк-физикалық объект, сансыз атомдардың өрiсi деген пiкiр қалыптасты.
Ендi, мiне, орыс философиясында 18 ғ бастап антропокосмизм идеялары пайда болып дамиды. Яғни, адамның жер бетiндегi орны емес, оның ғарыштағы рөлi зерттеле бастайды.
Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негiзгi идеялар:
а) ғарыштағы адамзаттың өлместiгi (К.Э.Циолковский) ;
в) биосфераның ноосфераға өтуi (В.И.Вернадский) ;
с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тiрiлту (Н.Ф.Федоров) ;
д) күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский);
е) сананың ғарыштық дамуы (Н.К.Рерих) ; т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет