Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


Биологиялық системалардың катализаторлары ферменттер деп аталады



Pdf көрінісі
бет24/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
лекции химия

Биологиялық системалардың катализаторлары ферменттер деп аталады. Жан-
жануарлардың, өсiмдiктердiң организмдерiндегi биохимиялық процесстердiң бiрде-бiрi 
ферментсiз жүрмейдi. Организмдегi күрделi биохимиялық реакциялардың әрбiр сатысының 
өз ферментi болады. 
Катализ химия өндірісінде ерекше орын алады. Күкiрт қышқылы, азот қышқылы
аммиак катализаторлардың катысында синтезделедi. Бұл заттарды синтездеу – миллиондаған 
тонналы өндiрiстер. Катализ өндiрiстiк органикалық синтезде де кеңiнен пайдаланылады. 
Мысалы, синтетикалық талшықтар, каучуктер, полимерлер өндiрiсiнде. 
 
Қайтымды процесстер. Химиялық тепе-тендiк.. Химиялық реакциялар бiр бағытта 
аяғына дейiн жүрсе қайтымсыз реакция деп аталады. Мұндай реакциялардың нәтижесiнде аз 
диссоциацияланатын зат, тұнба немесе газ түзiледi. Егер реакция нәтижесiнде түзiлген заттар 
қайтадан әрекеттесушi заттарды түзiп керi жүрсе, қайтымды реакция деп аталады. Қайтымды 
реакциялар аяғына дейiн жүрмейдi – жүйеде тура реакцияға паралель керi реакция да жүрiп 
жатады. Тура реакция мен керi реакцияның жылдамдықтары теңескенде жүйеде химиялық 
тепе-теңдiк орнайды. Химиялық тепе-тендiк - динамикалық тепе -теңдiк, ол реакцияның 
параметрлерiне байланысты ығысып отырады. Химиялық тепе-теңдiктi ығыстыратын 
параметрлерге концентрация, температура, қысым жатады. Мысалы, мына қайтымды 
реакцияны қарастырсақ: 
aА + вВ ↔ сС + dД 
Әрекеттесушi массалар заңы бойынша тура реакцияның жылдамдығы тең болады:
υ 
тура
= k
1
·[A]

· [B]
в
Керi реакцияның жылдамдығы тең:
υ
керi
= k
2
·[С]
с 
· [Д]
d
Жүйеде тепе-теңдiк орнағанда: υ
тура
= υ
керi
. Орындарына мәндерiн қойсақ: 
k
1
·[A]

· [B]
в
= k
2
·[С]
с 
· [Д]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет