Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет25/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Осы формуладағы k
1
мен k
2
тура және кері реакция жылдамдықтарының 
константалары, тұрақты шамалар. Бұл тұрақты шамалардың бiр-бiрiне қатынасы да тұрақты 
шама болады. Ол шама химиялық тепе-теңдiктiң константасы деп аталады, мына өрнекпен 
анықталады: 
   
   
b
a
d
c
тендiк
тепе
B
A
D
C
k
k
К





2
1
[А], [В], [С], [Д] – заттардың тепе-теңдiктегi концентрациялары, моль/л.
Химиялық тепе-тендiктiң константасы температураға, заттардың табиғатына тәуелдi, 
бiрак концентрацияға тәуелдi емес. Тепе-тендiктiң константасы тура реакцияның керi 
реакциядан қаншалықты артық немесе кем жылдамдықпен жүретiндiгiнiң көрсеткiшi. Тепе –
теңдiк константасы бүтiн үлкен сан болса (К

1), тепе –теңдiк жағдайда жүйеде реакция 
өнiмдерiнiң концентрациясы басым болады, ал бөлшек аз сан болса (К

1) – бастапқы 
заттардың концентрациясы басым болады. 
Қайтымды реакцияның параметрлерi өзгерiп, тепе-тендiк ығысқанмен тепе-тендiк 
константасының сандық мәнi өзгермейдi. Тепе-теңдiктiң ығысу бағытын Ле-Шателье 
принципi сипаттайды: “Тепе-тендiкте тұрған жүйенің бiр параметрi өзгертілсе, жүйеде 
осы өзгерістi азайтуға бағытталған процесстер жүредi.” Мысалы, 
а) бастапқы заттардың концентрациясы жоғарлатылса - тура реакцияның жылдамдығы 
артады;
б) реакция өнiмдерiнiң концентрациясы жоғарлатылса – керi реакцияның жылдамдығы 
артады; 
в) температура жоғарлатылса – тепе-теңдiк эндотермиялық реакцияның жүру бағытына 
карай ығысады;
г) температура төмендетiлсе – экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады;
д) қысым жоғарлатылса - тепе-теңдiк молi саны аз бағытқа қарай 
е) қысым төмендетiлсе – моль саны көп бағытқа қарай ығысады.
Егер реакция теңдеуінің екі жағында да заттардың моль сандары тең болса, тепе-
теңдiкке қысым әсер етпейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет