Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
немесе амин топтары болатын қосылыстар жатады. Құрамында карбоксил және амин 
топтары 
болатындықтан, 
акуыздарды 
полиамфолиттер 
деп 
атайды. 
Ақуыздар 
полиамфолиттер ретінде әрі қышкылдық, әрі негіздік қасиеттер көрсетіп, амфотерлік 
қосылыстар тобына жатады. Ақуыздар сілтілермен әрекеттесіп, кышқылдық қасиет 
көрсетеді. 
Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік қасиет көрсетеді. 
Ақуыз молекуласының заряды ионогенді топтардың диссоциациялану қабілетіне 
байланысты болады. Иондалған негіздік және қышқылдық топтардың мөлшері бірдей 
болатын ақуыз молекуласының күйі изоэлектрлік күй деп аталады. 
Осындай күйге сәйкес келетін рН шамасы изоэлектрлік нүкте деп аталады. 
Биполюсті ион немесе Цвиттер-ион немесе амфиион. 
Мысалы, казеин 4,6 
желатин 4,7 
гемоглобин 6,8 
Ақуыз молекуласының заряды ортаның рН-на тәуелді болып келеді: 1)қышқылдық 
ортада ақуыз молекуласы оң зарядталады, ал сілтілік ортада теріс зарядталады. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Макромолекуланың пішіні мен конфигурациясына да ортаның рН-ы әсер етеді. 
Изоэлектрлік күйде олардың пішіні орама түрінде болса, қышқылдық немесе сілтілік ортада 
таралған күйге айналады. Себебі оң немесе теріс зарядтардың ықпалында болады. 
ЖМҚ-ң ісінуі және оған әсер ететін факторлар 
Ісіну процесі ЖМҚ-дың еруі барысында жүретін процесс. Себебі ЖМҚ-дың еруі 
КМҚ-дың еруінен өзгеше орын алады. ЖМҚ-дың еруі барысында еріткіштің қозғалу 
жылдамдығы полимердің макромолекулаларының қозғалу жылдамдығынан әжептәуір 
жоғары болады. Сондықтан бастапқыда бір жақты козғалыс байқалады, яғни еріткіш 
молекулалары полимерге өтіп, оларды қопсытады. Қопсыту барысында еріткіш 
молекулалары макромолекуланың қозғалғыш буындарының арасына еніп, оларды бір-
бірінен алшақтатады. Макромолекулалар бір-бірінен әжептәуір қашықтыққа алшақтағанда 
ғана үзіліп, ерітіндіге өте бастайды. Егер молекулааралық байланыстардың беріктігі жоғары 
болса, ісіну процесі тоқтайды. Полимер молекуласындағы берік химиялық байланыстың 
болуымен сипатталатын мұндай ісіну шектелген ісіну деп аталады. Мысалы, резина, 
целлюлоза, крахмал шектеліп ісінеді. 
Егер полимер молекуласының арасында берік байланыстар болмаса, ісіну процесі 
гомогенді жүйе түзілгенше, яғни еріткіштің молекулаларымен толық толтырылғанша жүреді. 
Мұндай ісіну шексіз ісіну деп аталады. Мысалы, белоктар суда, каучуктар көмірсуларда 
шексіз ісінеді. Желатин ерітіндісінің, крахмал клейстерінің және желімнің дайындалуы 
шексіз ісінуге негізделген. 
Полимерлердің ісінуі барысында ісіну қысымы пайда болады. Ол өзінің табиғаты 
бойынша осмос қысымына ұқсас болып келеді. Полимерлердің бұл қасиеті іс жүзінде бас 
сүйегін жіктеп бөлу үшін қолданады. Ісіну процесіне еріткіштің табиғаты әсер етеді. 
Полюсті ЖМҚ полюсті еріткіштерде (су, ацетон, спирт) жақсы ериді. Ісіну дәрежесі 
температура жоғарылағанда, ортаның рН-ы ИЭН-ден ауытқығанда жоғарылайды. Мысалы, 
шыбын немесе маса, ара шаққанда терінің рН-ы өзгеруіне байланысты қатты ісіну процесі 
байқалады. Себебі макромолекуланың (ақуыздың) пішіні өзгеріп, оның сольваттану 
мүмкіндігі артады. Ісіну дәрежесі бойынша ақуыздың ИЭН-ін анықтауға болады. Ақуыз 
молекуласы ИЭН-ге жуық рН шамасында ең төменгі ісінуді көрсетеді. Себебі ИЭН-де ақуыз 
молекуласының заряды болмайды, конфигурациясы орама немесе глобула тәрізді болады. 
Сол себепті су молекулаларымен әрекеттесу мүмкіндігі аз болады. 
Ісіну процесінің медициналық-биологиялық маңызы немесе түсіндірмесі адам 
ағзасының ісінуімен байланысты. Бұл жағдай ағзадағы сулы-тұзды алмасудың бұзылуына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет