Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Синустық брадикардияның ЭКГ-лық сипатамалары



бет74/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Синустық брадикардияның ЭКГ-лық сипатамалары:

  1. R тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған;

  2. R-R. аралықтары қашық немесе 1 с артық;

  3. функциялық брадикардия болғанда атропин (1 мг) салған соң ЖСС жиіленеді.

Синустық брадикардияны емдеу принциптері:

  1. негізгі ауруды емдеу;

  2. ЖСС 40-тан кем болып, әсіресе синкопэ күйлері болып тұрса, міндетті түрде жүрек соғуын жиілендіретін дәрмектерді қолданады (белладонна экстракты 0,01-0,02 г 3 рет; эфедрин 0,03-0,05 г 3 рет; кофеин 0,2 г 3- 4 рет; эуфиллин 0,15 г 3 рет).

Брадикардияның аса ауыр түрінде (әсіресе өткір миокард инфарктынан дамыған) 0,2% атропин ерітіндісін 0,5-1 мл 3-4 сағат сайын тері астына енгізеді немесе 1-2 мг изадринді, немесе 5-10 мг алупентті, 5% глюкоза ерітіндісінің 500 мл-де минутына 10-15 тамшыдан венаға тамшылатады; изадринді немесе алупентті 1/2 таблеткадан тәулігіне 4-8 рет ішкізеді. Емге берілмейтін, жүрек шығарымын аса төмендететін брадикардияда жүректің электрлік стимуляциясын жасайды.
Синустык аритмия оның тыныстық және тыныстық емес түрлерін айырады. Тыныстық аритмия n.vаgus тонусының тыныс қимылынан өзгеріп тұруынан болады. Демді алғанда ЖСС жиіленеді, шығарғанда - азаяды. Тыныстық емес аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне миокардтың біріншілік зақымдану салдарынан болады.
ЭКГ-лык көрінісі. R.-R аралыктар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық. Тыныстық аритмияда R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес: демді алу кезінде қысқарады, шығару, кезінде ұзарады. Тыныстық емес аритмияда мұндай заңдылық жоқ, ең қысқа R-R аралықтан кейін ең үзын R-R аралық болуы мүмкін. Оны тыныстық аритмиядан айыру үшін, ЭКГ-ны тынысты токтатып түсіреді.
Синусты аритмияны емдеу принңиптері:

  1. негізгі дертті емдеу;

  2. антиаритмиялық ем, тахикардияның немесс брадикардияның басымдылығына қарай, ЖСС-на тәуелді түзіледі. Синустық аритмияның тынысқа тәуелді түрінде ем жасау қажетсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет