Диагностикасы
Аурудың клиникалық көрінісі және қан плазмасында глюкозаның көбею деңгейі тәуліктің кез-келген уақытында 11,1 ммоль/л болса қант диабетін диагностикалауға мүмкіндік береді. 1999ж ДЖДСҰ эксперттерімен ұсынылған қант диабетінің диагностикасы.
Ашқарынға глюкоза - 8-14 сағаттық түнгі ашығудан кейінгі қан плазмасындағы глюкоза мөлшері.
Кездейсоқ глюкозаны анықтау - соңғы асты қабылдағанды есептемей тәуліктің кез келген уақытында қан плазмасындағы глюкоза мөлшері.
Эпидемиологиялық немесе скринингілік мақсатта аш қарында немесе ГТТ тан 2 сағаттан кейін қандағы глюкоза мөлшерін бір реттік өлшеу жеткілікті.
Қант диабеті компенсациялық дәрежесін бағалауға міндетті түрде қажетті лабораториялық зерттеулер:
3 айдағы көмірсу алмасуының жағдайын бағалау үшін гликозирленген гемоглобинді анықтау
аш қарында және тамақ ішкеннен 2 сағаттан соң қан плазмасынан глюкоза концентрациясын анықтау
қан мен зәрдің жалпы клиникалық анализі (көрсеткіштер бойынша)
тәуліктік зәрдегі кетон денелері және глюкоза деңгейі
биохимиялық зерттеу, соның ішінде билирубин, холестерин, Х-ТТЛП, Х-ТЖЛП, үшглицерид , жалпы ақуыз, кетон денелері, АЛТ, АСТ, К, Са, Р, NA, мочевина және креатининді анықтау.
микроальбуминурияны анықтау (Реберг сынамасы немесе зәр анализін Нечипоренко көрсеткіштері бойынша, шумақшалы фильтрация мөлшері)
Күрделі жағдайларда диагнозды қою үшін иммунологиялық және генетикалық қант диабетінің 1 типі мен С-пептидті маркерлердің құрамын анықтайды.
Міндетті инструменталды зерттеулер:
Дифференциалды диагностика
Қант диабетін 1ші және 2ші типтерінің ортақ клиникалық көріністері және сонымен бірге елеулі айырмашылықтары бар.
Қант диабетінің 1ші және 2ші типтерінің басты дифференциалды диагностикалық көріністері.
Белгілері
|
ҚД 1тип
|
ҚД 2тип
|
Тұқымқуалауға бейімдік
|
Тән емес
|
Тән
|
Дене салмағы
|
Жиі төмен
|
Үнемі жоғары
|
Аурудың басталу белгісі
|
Әдетте симптомың тез дамуы
|
Әдетте симптомың баяу дамуы
|
Ауру манифестациясы кезіндегі науқас жасы
|
Үнемі балалық шақта немесе 15-24 жаста
|
Үнемі 40жас
|
Симптоматика
|
Айқын көрініс
|
Айқын емес көріну
|
Инсулин көлемі/қандағы С пептид
|
Төмен/болмайды
|
Бастапқыда жоғары
|
В клеткасының антигеніне қарсы аутоантидене
|
Анықталады
|
Анықталмайды
|
Кетоацидоз қауіпі
|
Жоғары
|
Төмен
|
Инсулинрезистенттілігі
|
Жоқ
|
Бар
|
Пероральды қант төмендететін препараттармен терапияға жауап
|
Анықталмайды
|
Жиі кездеседі
|
Инсулинге қажеттілік
|
Өмір бойы
|
Бастапқыда анықталмайды, кейіннен дамиды
|
Достарыңызбен бөлісу: |