Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет180/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Анемия ауырлығын бағалау:

  • Жеңіл дәрежесі Hb 110 – 90 г/л

  • Орташа дәрежесі Hb 90 – 70 г/л

  • Ауыр анемия Hb< 70 г/л



Теміртапшылықты анемия (ТТА) — қан сарысуында, сүйек миында, деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия.
Темірдің тапшылығынан гемнің және құрамына темір кіретін ақуыздардың синтезі бұзылады. Темірдің тапшылығы екі түрлі бұзылысқа әкеледі — сидеропенияға және анемияға. Гемоглобин синтезінің бұзылысынан анемия дамыса, миоглобиннің және құрамына темір кіретін ферменттердің синтезінің бұзылысынан сидеропениялық синдром пайда болады. Сидеропениялық синдром анемияның көрінісінен бұрын дамиды, бірақ науқас оның белгілерін елеместен жүре береді.
Теміржетіспеушілік анемия — жер бетінде кең тараған патологиялық үрдіс, оның саны барлық анемиялардың 80-95% құрайды. Онымен ауыратын көбіне әйелдер, мәселен, жүкті әйелдердің және 16-17 жастағы қыздардың 60-65% осы ауруға шалдығады.
Жіктелуі

  • Созылмалы постгеморрагиялық ТТА

  • Ювенилді анемия

  • Ауырлық дәрежесі бойынша:

  1. Жеңіл НЬ 90-110 г/л дейін;

  2. Орташа НЬ- 70-90 г/л;

  3. Ауыр НЬ<70г/л

  • Кезеңідері бойынша: прелатентті, латентті, ТТА өзі

  • Түсті көрсеткіш бойынша: нормохромды (0,85-1,05) , гипохромды(<0,8) гиперхромды (>1,05).

  • Эритроциттер өлшемдері бойынша:

  1. Нормоцитарлық Д- 7,2-8,0мкм

  2. Микроцитарлық Д< 7.2 мкм

  3. Макроцитарлық Д>8,1мкм

  4. Мегацитарлық Д >9,1 мкм

Темір жетіспеушілік анемияның басты себептері


Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:

  • асқорыту жолдарының аурулары (асқазан, 12-елі ішектің эрозиялары, жаралары, асқазанның, ішектің рагы; өңештің рагы; диафрагманың жарығы, жаралы колит, Крон ауруы; геморрой; асқорыту жолының ангиомалары, телеангиоэктаздары);

  • өңеш, асқазан, тік ішек веналарының варикозды кеңеюі (бауыр циррозы, Бадда-Киари синдромы);

  • макро-, микрогематурия (Берже ауруы, алкогольдік нефропатия,
    гломерулонефриттер, несептас ауруы, қуықтың рагы, бүйрек туберкулезі, т.б.);

  • қан қақыру, өкпеден қан кету (бронхоэктаз ауруы, өкпе туберкулезі, өкпенің рагы);

  •  мұрынның жиі қанауы (гипертониялық криздер т.б.);

  • геморрагиялықдиатездар (тромбоцитопения, гемофилия) және гемобластоздар;

  • мено -, метроррагиялар (анабезінің дисфункциясы, фибромиома, жатырдың рагы, эндометриоз, аборттар, полименоррея т.б.);

  • донорлық (400-500 мл қан тапсырғанда онымен 250мг темір кетеді);

  • гельминтоз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет