Гиполипидемиялық дәрмектердің әсер ету механизміне байланысты жіктемесі:
Атерогенді липопротеидтердің түзілуін тежейтін дәрмектер:
А) Статиндер: ловастатин (мевакор), симвастатин (зокор), правастатин, флувастатин (лескол) , аторвостатин.
Б) Фиброй қышқылының туындылары: фенофибрат, безафибрат, клофибрат, гемфиброзил.
В) Никотин қышқылы. Никотин қышықылы суға еритін витаминнің бірі, гиполипидемиялық әсері бар.
Г) Пробукол (фенбутол, лорелко)
Д) Бензафлавин
Ішек бойында холестерин сіңірілуін бөгейтін дєрмектер: холестирамин, полиспанин.
Липидтер алмасуыныњ физиологиялық корректорлары; эссенциале, липостабил.
Санаторлық – курорттық ем – атеросклерозда жүргізілетін комплексті емнің маңызды шараларының бірі. Санаторий мен курорттың басты емдік факторлары: климат, теңіз ауасы, емдәм, минеральді сулар, фитотерапия, теңізге шомылу, терренкур, физиотерапия, бальнеотерапия, дене жаттығулары бұл аурудың барысына оң әсер етеді. Емге жолдаған кезде науқастың жалпы жағдайы церебральдік атеросклероздың ЖИА-ның, аяқ артериялары зақымдануының болу – болмауы ескеріледі. Санаторлық курорттық ем ең жылы маусымдарда (жазда, күздің басында) жақсы әсер етеді.
Артериалды гипертензия (гипертония, АГ) деп - артериялық қан қысымы 140 мм.сын.бағ жоғары болатын жағдайды айтады. (кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшегенде анықталса).
Екі түрі болады:
Біріншілік эссенциалды;
Екіншілік симптоматикалық
Артериялық қан қысымы дәрежелерінің классификациясы
АҚҚ деңгейлері
|
Систолалық АҚҚ ммс.б.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |