объективтілік ұстанымы – құбылысты тудыратын факторларды, жағдайларды есепке алу, объект жайында шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін зерттеу тұрғылары мен әдістерінің сәйкестігі, фактілерді жинақтау және бағалауда субъективтіліктің болмауы. Бұл ұстаным мына талаптарды белгілейді: дәлелдеу (зерттеудің негізділігі) және ғылыми ізденістің альтернативты сипаты.
мәндік талдау ұстанымы – зерттелетін құбылыстың жалпы, ерекше және жеке сипаттарын сәйкестендіру, олардың даму факторлары мен жағдайларын, оларды мақсатты түрде өзгерту мүмкіндіктерін, олардың өмір сүру және қызмет ету заңдарын ашумен байланысты. Бұл ұстаным бойынша педагогикалық құбылыстарды сипаттаудан түсіндіруге, түсіндіруден болжауға көшу белгіленеді. Талаптары: зерттелетін педагогикалық құбылыстың үздіксіз өзгерісте, дамуда болатынын есепке алу қажеттілігі, зерттелетін үрдіс нәтижесін анықтайтын негізгі факторларды белгілеу, зерттелетін пәннің қарама-қайшылығын, оның сандық және сапалық анықталуын ашу.
логикалық және тарихи бірлік ұстанымы – объектінің тарихын (генетикалық жағы), теориясын (объектінің қазіргі жағдайдағы құрылымы, қызметі, байланыстары) және оның даму бағыттарын зерттеуді ұштастыру. Талаптары: сабақтастық, өткен өмірден жинақталған тәжірибені, дәстүрді, ғылыми жетістіктерді есепке алу.
тұжырымдамалық ұстаным – зерттеуде белгілі бір тұжырымдамаға сүйену, оны дамыту және жақтау.
жүйелілік ұстанымы - жалпы жүйенің ішіндегі жеке бөліктердің бір-бірімен байланысын анықтайды. Бұл ұстанымның мәні мына қағидаларда көрініс тапқан: қоршаған ортамен салыстырғанда жүйенің бітұтастығы, оны ортамен тұтастықта зерттеу (білім беруді әлеуметтік және экономикалық дамуды қарастыру); тұтастықты элементтерге ажырату; жүйенің барлық элементтері өзара күрделі байланыстарда және әрекеттесуде болады, оның ішінен жүйеқұраушы байланысты табу қажет және т.б. Талаптары: тұтастық.
тұлғалық ұстаным – адамның даоалық ретінде және адамгершілік дамуы мен құрметке деген құқығын, тұлғаның ерекшелігін мойындауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |