Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі тану жөніндегі ғылыми тұжырымдар, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі, өзін-өзі тәрбиелеуінің теориялық қағидалары, жоғары оқу орындарына енгізіліп отырған «өзін-өзі тану» тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары.
Дәріс 9. Зерттеу ізденісінің нәтижелілігі көрсеткіштері Білімділік көрсеткіші
Әлеуметтік көрсеткіші
Жеке-тұлғалық даму көрсеткіші
Тәрбиелілік көрсеткіші
Валеологиялық (денсаулық) көрсеткіші
Психологиялық жағдай (комфорт) көрсеткіші
Басқару органдары мен зерттеушіге өзгерістерді әрдайым бақылап, объективті фактілерді жинақтап отыру өте маңызды. Бұндай ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау – мониторинг мазмұны болып табылады. Олар жұмысты талдауға, бағалауға, түзетуге мүмкіндік береді. Мониторингтің базалық жүйесі – диагностика. Оны жүзеге асыру үшін көрсеткіштерді (критерийлерді) таңдау қажет. Олар: білімділік, әлеуметтік, жеке-тұлғалық даму, тәрбиелілік, денсаулық және психологиялық жағдай (комфорт). Әрқайсысына толығырақ тоқталсақ.
Білімділік көрсеткіші (критерийі):
басты пәндер және бағыттар бойынша дайындық деңгейі; бұл көрсеткіш медалисттер, олимпиада, конкурс жүлдегерлері, мемлекеттік бюджет есебінен оқуға түсушілер санымен, үлгеріммен анықталады;
шығармашылық және ізденіс жұмысына қатыстырылатын оқушылар саны;
білімнің тереңдігі, жүйелілігі және қолданылуы, іс-әрекетті (тану, қайта өндіру, алгоритмдік әрекет, шығармашылық ізденіс және қайта өзгерту) меңгеру деңгейі; шешілетін міндеттердің күрделілік деңгейі.
Әлеуметтік көрсеткіші (критерийі):
мектеп аясында оқушының еркін таңдау жасаудағы (мұғалімдер, оқытудың деңгейі мен бейіні, қызығушылықтары бойынша сыныптан тыс сабақтарды және т.б. таңдау) шынайы мүмкіндігі;
оқушының шағын ортасына (мектеп, тұрғылықты жер, жанұя) бейімделуі, оның ұжымда қарым-қатынас жасау іскерлігі;
мектеп бітірушілердің бейімделуі: жоғары оқу орны және орта арнайы оқу орнында білім алуы; әлеуметтік орта жағдайларына үйренуі (бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік тұрақтылық, мамандықты меңгеру және кәсіптік іс-әрекет нәтижелілігі және т.б.);
ата-аналар және өндіріс басшылары арасында мектептің беделі, мектепке қабылдануға конкурс;
оқушылардың құқық бұзушылығы және девиантты іс-әрекеті;
сынып ұжымдарының даму деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |