Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет40/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Бала асырап алуды мем-ік тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен және соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін ұсынған кезде бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі. Бала асырап алуды мем-ік тіркеу туралы өтініштің нысанын ҚР ӘМ белгілейді. Бала асырап алушылар бала асырап алуды мем-ік тіркеу туралы өтініш беруге жазбаша нотариатта куәландырылған нысанда басқа адамдарға уәкілеттілік беруге құқылы. Егер бала асырап алушылар немесе уәкілетті адам соттың бала асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде бала асырап алуды мем-ік тіркеу туралы өтініш жасамаған жағдайда, тіркеуші орган бала асырап алу туралы шешім шығарған соттан түскен шешімнің көшірмесі немесе сот шешімінің үзінді көшірмесі негізінде бала асырап алуды мем-ік тіркеу туралы жазбаны дербес жүргізеді.
Шетелдіктердің бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу
ҚР аумағында шетелдіктердің ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алуын мем-ік тіркеу, оның ішінде бала асырап алудың күшін жою Кодекстің талаптарын сақтай отырып, ҚР заңына сәйкес жүргізіледі. Шетелдіктердің асырап алуға берілген балаларын бақылауды ҚР шетелдегі мекемелері мен ҚР балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бала асырап алу туралы акт жазбасының мазмұны
Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) баланы асырап алуды мем-ік тіркегенге дейінгі және одан кейінгі баланың аты, әкесінің аты, тегі;
2) баланың туған күні, айы, жылы, туған жері және азаматтығы;
3) ата-анысының аты, әкесінің аты, тегі, азаматтығы, акт жазбасында немесе баланың туу туралы куәлігінде болған кезде, ұлты;
4) бала асырап алу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі, баланың тууын мем-ік тіркеуді жүргізген тіркеуші органның атауы;
5) бала асырап алу туралы актінің жасалған күні;
6) бала асырап алушылардың аттары, әкелерінің аттары, тектері, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, табыс көзі мен жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері;
7) бала асырап алушылардың баланың ата-анасы болып жазылғаны не жазылмағаны;
8) бала асырап алуды мем-ік тіркеу үшін негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтер;
9) бала асырап алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Бала асырап алу туралы куәлікті және баланың туу туралы жаңа куәлігін беру
Бала асырап алу туралы куәлікті бала асырап алушыларға мем-ік тіркелген орны бойынша тіркеуші орган береді. Асырап алынған баланың туған күні, айы, жылы мен туған жерін, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен, сол сияқты бала асырап алушыны туу туралы актілерді жазу кітаптарына асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазған кезде баланың туу туралы жаңа куәлігі беріледі. 2 немесе одан да көп бала асырап алған жағдайда бала асырап алу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.
Бала асырап алу туралы куәлік
Бала асырап алу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
- асырап алынған баланың атын, әкесінің атын, тегін, туған жерін;
- бала асырап алуды мем-ік тіркеу үшін негіздерді;
- бала асырап алушылардың аттарын, әкесінің аттарын, тектерін;
- бала асырап алуды мем-ік тіркегеннен кейін берілген баланың атын, әкесінің атын, тегін;
- мем-ік тіркеу күнін, орнын, тіркеуші органның атауын;
- бала асырап алу туралы куәліктің берілген күнін;
- бала асырап алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін қамтиды.
Бала асырап алу туралы жазбаның күшін жою
Бала асырап алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жойылады. Егер бала асырап алудың күші олардың өтініші бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішті баланың ата-анасы немесе, егер бала асырап алудың күші жойылған болса, оның талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет