152
Сүлеймен қарақшы
жыл өзiне қызмет еткен Шонақ деген бай болды. Қорасына қора-
қора жылқы, кере-кере түйе айдап әкеп бердiм. Қайтарымы бiр
жылқы, бiр ботадан асқан жоқ. Сол маған басыма үй, құшағыма
бiр қатын әперiп қойса, артымды қысып, соның айтқанына көнiп,
айдағанына жүрiп,
жауының бетiнде, желiнiң өтiнде жатпас
па едiм. Содан оның түбi жарытпайтынын бiлдiм де “ақыры
Шонақтың қол астында нан үшiн ғана жүрген кедей екенмiн.
Бiр үзiм нанды жортып жүрiп те табам. Өз күшiмдi бiреуге емес,
өзiме жұмсаймын” деп оны өлтiрiп сабадым да, бар малын айдап
кетiп қалдым.
Бiрақ Құдай ырысымды сәл кем қылып жаратқан ба,
ойлағаныма жетем деп жүргенде, мына жаңа өкiмет келiп қалды
да, жалғыз
атты ұры менi де жау санап, тыныштық бермедi.
Мұндай күй бiр менде ғана емес, мына Салықбайда да, Аязбек
пен Сиязбекте де бар. Ақыр түбi, өзiңде де бар. Әйтпесе, Досалы
биiң өзiңдi жарылқап тастамады ма?” — деген-дi.
Содан берi Сүлеймен де: “Расында бiреудiң жұмсауымен күнi-
түнi шапқылап, барымта iстегеннен тапқан пайдам қайсы? Ат
төбелiндей байлар шалқып өмiр сүрiп, “арқа етi — арша, борбай
етi — борша” болған мына бiз неге жоқтықпен күнелтуге тиiспiз.
Байлардың көбiсiне байлық ата-бабаларынан мұра болып қалады.
Ал маған ата-бабадан не қалды? Қалың қазақтағы түгел билiкке
жеткен Төле бабамнан, жиырма мың қой, он мың жылқы бiткен
Қожамжар мен бес мың жылқысын бiр жұтта қырғызып, екi
жылда қайтадан екi мың жылқы жиып алған Дауылбай атамнан
маған бiр нәрсе жұқпағаны қалай? Рас, маған Құдай ерен күш
бердi. Бiрақ осы күштi де бiреулердiң
пайдасына жаратып
келiппiн ғой. Ендi, Төрекелдi айтқандай, осы күшiмдi мен өз-
өзiме пайдаланып көрейiн” деп ойлаған-ды.
Достарыңызбен бөлісу: