Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет193/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Олар қазiрше Бекабаға бармайды. Бекаба сiздiң аман 
кеткенiңiздi есiтсе, шетiнен қырып салады. Ә, таптым! Егер ол 
жерге ертiп барсам, бiр өзiңiзге қиын болмай ма?
— Кегiмдi қайтармай тынши алман. Апар, апаратын жерiңе.
— Жаяу ұзақ жүремiз. Шаһардың арғы шетiне бару керек.
— Нақты қай жерге?
— Шағатай қақпасы жаққа. Сонда ескi зындан бар. Қиын-
қыстау, көлденең бiр жағдайлар болған кезде сонда жиналатынбыз.
Сүлеймен ойланып бiраз тұрды. Шынында, бiр өзiне қауiптi 
емес пе? Алайда қасына ерте қояр бәрiбiр ешкiм жоқ. Парманқұл 
мен Абдан келгенше күтейiн десе, iштегi қайнаған кек маза 
бермей тұр. Әрi олардың қашан келерi белгiсiз. Бiрақ қашанда 
Сүлеймен өзiне сенген. Бұл жолы да солай болды.
— Шағатай қақпаға дейiн көп болса екi сағат жүремiз. Түн 
iшiнде бiреу бiзге ат берер деймiсiң. Түс алға! 
Жөйiттi алдына салған Сүлеймен түн iшiнде Тәшкеннiң 
қиқы-жиқы көшелерiiнiң бiрiнен соң бiрiнен өтiп, шаһардың 
батыс жағындағы кең алапқа шықты. Бұл алап көне шаһардың 
орны. Мұнда да үйiндi-үйiндi болып, кiшкене-кiшкене төбешiкке 
айналып жатқан ескi тамдардың орны көп. Сол төбешiктердiң 
шетiн ала ұзыннан-ұзақ созылған қорғанның құландысы бар. 
Құландының орта тұсы ертеректе қақпа болған. Сүлейменнiң 
естуiнше, iлкiде Тәшкен шаһарының айналасы түгел қорған 
болыпты. Қорғанның он екi жерiнде қақпа болыпты. Әр қақпаның 
— өз аты, өз билеушiсi болады екен. Осы тұстағы қақпа — 
“Шағатай қақпасы” деп аталған. Қараман: “Менiң — Қошық атам 
датқа болып тұрған кезiнде “Шағатай қақпаны” билеген” деп 
айтып едi. “Қақпаның астында ұзыннан-ұзақ созылған жертөлесi 
көп” дегендi де сонда айтқан. Сол әңгiме есiне түскен Сүлеймен 
жанындағы жөйiттен сұрады:
— Серiктерiң тығылатын жер ескi қақпа астындағы жертөле 
ме?
— Онда жертөле бар екенiн қайдан бiлдiңiз? Әлде мұнда 
бұрын болған ба едiңiз?
Сен қарсы сұрақ қоймай, айтқаныма жауап бер. Әйтпесе…
— Ә-ә-ә. Иә, мекенiмiз сол жертөле ғой.
— Оған кiрер есiкте қарауыл тұра ма?
— Әлбетте. Онсыз болмайды емес пе?


406
Сүлеймен қарақшы
— Бағаналы берi сенiң атыңды да сұрамаппын. Ныспың кiм 
өзiңнiң?
— Уақит.
— Әке-шешең өзiңдi уақ, ұсақ итке ұқсатып, атыңды да құп 
қойған екен. Қап, кеше “Өдiмәт Құдайыға шақырып жатыр” 
дегенде ештеңенi ойламай, қонышымнан үнемi тастамай жүретiн 
дәу қанжарымды да ұмытып жүре берiппiн. Бағана ана жерде 
сендердiң бiреулерiңнiң де пышақтарыңды iле шықпағанымды 
қарашы. Ай, өкiнгенмен пайда жоқ ендi. Қазiр жертөледе қанша 
адам отыруы мүмкiн?
— Бүгiнгi мерекемiздiң быт-шытын шығардыңыз. Ендеше, 
тобымыздағы бас көтерерiмiздiң бәрi сонда болса керек.
— Оларда пышақтан басқа қару бола ма?
— Басқа қаруды не қыламыз бiз.
— Жүр. Кiре берiс есiктi көрсет.
Уақит кiшкене төмпешiктердi айнала жүрiп, жартылай 
құлаған қорғанның қасына тоқтады.
— Мына қорғанның басына шығып, одан соң төменге түсуiмiз 
керек.
— Баста.
Жартылай құлаған қорғанның төбесi жайпақ екен. Бiраз 
жүргеннен кейiн ескi қыш баспалдақпен төмен түстi. Төмендегi 
көне дуалдың түбi үлкен тесiк. Уақит зып берiп, тесiктен өтiп 
кеттi. Сүлеймен одан айрылып қалмайын деп, жалма-жан оның 
артынан тесiкке ұмтылды. Тесiктен өте бергенде, қақ шүйдесiнен 
ауыр соққы тидi. Бiр қолымен шүйдесiн ұстап, екiншi қолымен 
жер тiреп, жандәрмен ышқынып, тесiктен өте шықты. Осы 
кезде соққы тағы бiр тидi. Ұрып жатқанның кiм болса да, оң 
жағында тұрғанын сезген бұл, аса шапшаңдықпен тұра сап, сол 
жаққа атылды. Сәтiн салғанда, дуал түбiнде жасырынған қаскөй 
қолына оңай iлiге кеттi. Ұрып тұрған Уақит екен. Жыны қозған 
Сүлеймен оны бiр ұрып, жазым еттi. 
Осы мезетте артқы тұстан өзара сөйлескен кiсiлердiң 
дауыстары естiлдi. Дауыстар бiрте-бiрте жақындап келедi. 
Сүлеймен жанындағы үлкен үйiндiнiң тасасына тығылды.
— Рахман да айта бередi. Дәу қазақ ол жерден бағана-ақ құрып 
кеткен шығар. Үңгiрге барғанда не қыламыз ендi? — дедi келе 
жатқандардың бiрi.
— Бағана алды-артымызға қарамай қаша берiппiз ғой. Қанша 
адамымыздың майып болғанын да бiлмеймiз. Кеше айттым 


407


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет