Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет197/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Бұл тұста iшке кiргенде, тек сол жақпен, ал сыртқа 
шыққанда, тек оң жақпен жүру керек. Сол жақта терең ұра бар. 
Сiз осы жертөледегi жолдарды жақсы бiлесiз-ау деймiн. Әлде 
бiреу айтты ма?
Сүлеймен жауап бермедi. Оң жақпен келе жатты да, жөйiттi 
сол жаққа итерiп қалды. Жөйiт сорлы айқайлап та үлгере алмады. 
Табан астындағы топырақ опырылып түстi де өзi төменге күмп 
бердi.
— А-а-а, неге итердiңiз?
Дауыс сонау алыстан естiлiп, ұра iшiнде жаңғырып бiраз тұрды. 
Соған қарағанда, ұра өте кең, әрi ұзын болса керек. Жөйiттердiң 
айтқандарының бәрi дәл екенiне көзi жеткен Сүлеймен неге екенi 
белгiсiз, ұраға құлаған ана сорлыға жаны ашып кеттi.
— Әй, өзiң тiрiмiсiң? Майып болған жоқсың ба? — деп 
айқайлады опырылған тесiкке үңiлiп. Жөйiт қолындағы шаммен 
құлап едi. Сол шам он құлаштай тереңдiкте жалтырап жатыр.
— Тiрiмiн, тiрiмiн. Тек менi шығарып алыңызшы. Әйтпесе 
өзiм шыға алмаймын. Бiреудiң көмегiнсiз бұл жерден ешкiм 
шыға алмаған.
— Қазiр. Күте тұр.
Сүлеймен жаңа баспалдақ тұсында дуалға iлiнген арқанды 
байқап едi. Неғылған арқан екенiнде жұмысы болған жоқ-ты. 
Тағы да ештеңе ойламай, соны алып келдi.
— Мына арқанның ұшын белiңе байла. Өзiм тартып аламын.
Сөйтiп, оны тартып сыртқа шығарды.
— Бiр жерiң сынған жоқ па?
— Жоқ. Ұра табанына қамыс төселген екен.
Қосарланып далаға шықты. Қорғаннан асып, шаһарға жеткен 
соң:
— Көрдiң бе? — дедi Сүлеймен. — Мен сөзiмде тұрдым. Сен 
серiктерiңнiң iшiндегi ең мықтысы болып, қарсыласқандарды 
жеңген соң, өзiңдi тiрi қалдырдым. Ендi қалған жөйiттерiңе 
сәлем айт. Әсiресе, анау Бекабаңа. Бiр күнi оның да көзiн құртам. 
Жалпы, бәрiңдi, адам жегiштердiң бәрiн құртпайынша, тынши 
алман. Серiктерiңе осылай дегейсiң. Кет ендi! 
Аман кететiнiне шынымен сенген жөйiт:


414
Сүлеймен қарақшы
— Мақұл, мақұл, айтам. Бiрақ бұдан кейiн өзiм адам жемеймiн, 
— дедi де қараңғы көшелердiң бiрiне түсiп, қарасын батырды.
Ендiгi кектi Өдiмәттан алмақ боп бекiнген Сүлеймен, ертесiне 
әдеттегiден ерте тұрып, Шорабазарға келдi. Күн сенбi болатын. 
Бүгiн және ертең мұнда базар әбден қызады-ақ. Жолай бiр 
сарттың жүн артқан арбасына мiнiп, базарға жеттi. Базардың кiре 
берiсiнде Парманқұл жолықты. 
— Қашан келiп қалдың? Пархат қайда?
— Кеше кешкiсiн келдiк. Саған барайық деп едiк, “сенi үйде 
бола ма, болмай ма” деп ойладық. Пархат ағасының үйiне кеткен. 
Өзiңдi бүгiн осы жерде кездестiретiн шығармын деп едiм. Құдай 
оңдап, оңай жолықтың. Бiз кеткелi жалғызсырап, iшiң пысқан 
жоқ па?
— Қайдағы iш пысқан. Бiр ажалдан қалдым.
— Не дейдi? Тағы да бiреулер тиiстi ме?
Сүлеймен болған оқиғаның бәрiн айтты. Үнсiз тыңдаған 
Парманқұл Сүлейменнiң әңгiмесiндегi оқиғалардың iшiнде 
өзi жүргендей боп, бiресе тiстенiп, бiресе жұдырықтарын түйе 
күшенiп, қатты дегбiрсiздендi. Әңгiменiң аяғына дейiн әзер 
шыдады.
— Жүр, Өдiмәт жаманның басын кесiп алайық.
— Өзiм де соны дiттеп келгем. Бiрақ бүгiн базарда мiлиса көп. 
Бәлкiм алдымен Мамажанға хабар берермiз.
— Ұсталып бара жатсақ көрермiз.
Екеуi базар ортасын кесiп, керуен сарайдағы шайханаға 
жеткенше, бiраз уақыт өттi. Өтпегенде қайтсiн. Базардағы күллi 
жұрт екеуiне иiлiп сәлем берiп, бiр ауыз хал-жағдай сұрауға 
ынтығып, жолдарын бөгей бердi. Екеуi қанша мықты болса да, 
бiреудiң сәлемiн алмай кететiн көкiректiктерi жоқ.
Шайханаға жеткенде алдарынан қызметшi жүгiрiп шықты.
— Қожайының қайда?
— Өдiмәт дәдәмдi айтасыз ба?
— Ендi кiмдi айтам?
— Төргi тамда бiр қонақтармен отыр.
Төргi тамға кiрiп барды. Мұнда бес-алты кiсi қарқылдаса 
күлiп, ауқаттанып отыр екен. Әсiресе аяқ жақта отырған Өдiмәт 


415


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет