Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет198/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
мәз. Дастархан үстiнде ас-сумен бiрге буда-буда ақша жатыр. 
Сiрә, отырғандар бiр сауданы бiтiрiп, ендi ақша бөлiс жайын 
әңгiмелеп жатса керек.
Қазақтың қос қарақшысын көргенде, бәрiнiң күлкiлерi сап 
тиылды. Өдiмәттiң зәре құты қалмай, iшiп отырған шайына 
қақалып, реңi қашты. Парманқұл белiндегi қылышын суырып 
алып, Өдiмәтқа ұмтыла берiп едi, Сүлеймен оны жiбермедi.
— Тоқтай тұр, Парманқұл. Мен бұдан алдымен бiр нәрселердi 
сұрап алайын. Сосын Өдiмәтқа қарады: — Сен мынаған жауап 
бер. Менi жөйiттерге не үшiн саттың?
Ананың тiл-аузы байланғандай, жауап беруге шамасы келмедi. 
Реңi құп-қу, екi көзi ойнақшып, дiр-дiр етедi.
— Айт, айт деймiн! 
Тамдағылардың бiрiнде үн жоқ. Осы кезде iшке бiр қолына 
үш-төрт жасар баланы жетектеп, бiр қолына жылаған сәбидi 
көтерiп, үстi-басы әлем-жәлем, кiр-қожалақ әлдеқандай долы 
қатын кiрдi. Отырғандардың қасында түрегеп тұрған Сүлеймен 
мен Парманқұлды Өдiмәттiң адамдары деп ойласа керек, бiрден 
сөйлей бастады:
— Мiне, сiздерге екi бала әкелдiм. Әрқайсысын елу сомнан 
сатам. Өдiмәт жәке, кеше осылай уағдаласып едiк қой-ә. 
Балаларды алып кететiн жөйiттерiңiз келдi ме?
Түкке түсiнбеген Парманқұл Сүлейменге бiр, отырғандарға 
бiр қарады. Ал, Сүлеймен бұл долы қатынның кiм екенiн түсiндi. 
Күнi кеше жөйiт Уақит: “Кейде долылар жас балаларын сатып 
жiбередi. Бiз ондай балаларды бағып-қағып, әбден семiртiп 
жеймiз” деген.
Ендi, мiне, сондай долыны өз көзiмен көрiп тұр.
— Өй, мынау не айтып тұр? — дедi түкке түсiнбеген Парманқұл.
Сүлейменнiң тұла-бойын ашу биледi. Сол ашумен долы 
қатынды да, отырғандарды да мыжғылап өлтiргiсi келдi. Өлтiрiп 
қояр ма едi, ұмтылып барып, еш уақытта әйелге қол көтермейтiн 
әдетi тосқауыл боп, кiлт тоқтады.
— Түсiнбей тұрмысың, Парманқұл? Долы қатын балаларын 
жөйiттерге, жөйiттерге емес, мына отырған делдалдарға сатып 
тұр. Ал мыналар балаларды жөйiттерге үстеме бағасымен сатады. 


416
Сүлеймен қарақшы
Әй, қатын, құры көзiме көрiнбей! Ендiгәрi балаңды сататын 
болсаң, шашыңмен дарға асамын.
Сүлейменнiң қаһарланған түрiнен ыққан долы қатын бұрыла 
сап, шығып кеттi.
— Ойпырмай, Сүлеймен. Тәшкенде қанша жүрсем де 
жөйiттермен жолым қиылыспапты. Сөйтсем, олардың кiсi 
таңқаларлық iстерi көп екен-ау. Әй, Өдiмәт! Сенiң жөйiттермен 
құпия қатынасыңның бар екенiн бұрын бiлген болсам, басыңды 
шауып тастар едiм. Өй, нәлетi…
— Ол хайуанға сөзiңдi қор қылып неғыласың? Осы күнге дейiн 
шабылмаған басы қазiр шабылады. Бiр бұл емес, отырғандардың 
барлығы да осы жерден тiрi шықпайды.
Өдiмәт шапшаң жылжып кеп, Сүлейменнiң аяғына жығылды:
— Ойбай, Сүке. Рахым ете көрiңiз, рахым ете көрiңiз. 
Бекабаның адамдары қорқытып, “өзiңiздi қолға түсiрiп бер” 
деген соң амал жоқ, айтқандарын iстеп едiм.
Парманқұл оның басынан бiр тептi. Өдiмәт тепкiнi елемей, 
Сүлейменнiң аяғынан ажырар емес.
Бiреу қорқытты деп, әркiмнiң обалына қала бересiң бе?
— Қайтем, ендi. “Айтқанымызды iстемесең, бала-шағаңмен 
қоса, құртып жiберемiз” деген соң, меңдуана мен көкнардың 
қайнатпа суынан дайындалған палау мен шәйдi берiп едiм сiзге.
— Опасыздық жасадың ба, жасадың. Ендi қанша ақталсаң 
да, менi кешiредi деп ойлама. Сөзiңе сенiп мүсiркейдi деп және 
үмiттенбе. “Бекабаның адамдары саған қастандық жасайын деп 
жүр” десең болмай ма, сонда. Сенi олардан өзiм-ақ құтқарып 
алар едiм.
— Сiздерде, қазақтарда, “Аяғыңа жығылса, бауырыңды 
өлтiргендi де кеш” деген мақал бар емес пе? Басын иiп
табаныңызды жалап жатыр ғой. Ендi бiр жолға кешiре 
салыңызшы, — дедi төрде отырған тақиялы бiреу.
— “Араша түсiп, арамыздағы дауды шеш” деген жоқ ешкiм 
саған. Менiң ұстанған жолым бойынша, опасыз әр кезде өз iсi 
үшiн жауап беруге тиiстi.
— Сонда немене, осы жерде басын кесiп алмақсыңдар ма?


417


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет