426
Сүлеймен қарақшы
осында өзiме тiке келiп, атымды сұрайтын адам бар ма едi? Жоқ,
бұл қазақтар түкке түсiнбей тұр екен. Өздерiн есiк алдына қуып,
бұл жердiң тәртiбiн үйретiп қойыңдар!
Осы кезде сотталушы бiр қазақ жүгiрiп келдi:
— Ойбай, көкелер, үндемей айтқан жерiне бара берiңiздер.
Атын сұрағандарыңыз не одан? Бұл атақты Шурхат қой.
Барыңыздар ендi, тезiрек ана жаққа. Әйтпесе, бәрiңiздi оңдырмай
қояды.
— Сен араға түспей-ақ қой, бауырым. Шурхатың пiрiн
танымай жүр екен, — дедi Парманқұл әлгi қазаққа.
Шурхаттың серiктерiнiң бәрi iрi-iрi денелi. Әсiресе,
алдындағысы Сүлеймен секiлдi алып. Ол шеттегi Парманқұлды
салып жiбердi. Парманқұл тәлтiректеп кеткенiмен құламады.
Бiрақ оған қалған таулықтар жабылып кеттi. Ал, дәу таулық
Кәрiмбек
пен Пәрiмбектi, Адамбайды, сондай-ақ басқа
қазақтарды пұшпақ құрлы көрмей, бiр-бiр ұрып құлатып түсiрдi.
Сосын ыржиып Сүлейменге жақындады. Сiрә, “мұны бiр перiп,
сiлейтiп салайын” деп ойласа керек. Сүлеймен ол
қазақтарды
ұрып құлатып жатқанда әдейi араласпай, сабыр сақтап, оның
өзiне келуiн күткен. Анау таяй бергенде «шоқпар тимей жүрген
асау бұқа екенсiң өзiң» деп тiстенiп тұрып, маңдайынан бiр соқты.
Таулық
төрт-бес қадам артқа теңселiп, шалқасынан гүрс еттi.
Ол гүрс еткенде құлаған қазақтар тұра сап, басқа таулықтармен
төбелесiп жатқан. Парманқұл бiреуiн қылқындырып, жанын
көзiне көрсетiп тұр едi. Сүлеймен
қарсыласын шалқасынан
түсiргенде, олардың бәрi төбелестерiн тия сап, шетке ығысты.
Барлығы шешушi төбелес осылардiкi деген сияқты. Бiр олар
емес, баракта жатқандар түгел
орындарынан көтерiлiп, осы
жаққа қараған.
Құлаған дәу әп-сәтте тұрды. Тұрды да, екi қолын жұдырықтап,
алға соза Сүлейменге жақындады.
— Қаныңды судай ағызамын қазiр.
Сүлеймен жайбарақат тұр. Аюдай болған анау неме секiрiп
келiп, мұны бiр соғып үлгердi. Сүлеймен бiр жағына қарай
қисайып барып, әзер құламады. Бағаналы берi ашуы көтерiлмеген
Сүлеймен өзiне соққы тигенде, қаны басына шапшып шыға келдi.