Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет209/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
жатырмыз. Осы кезде ысқырықтарын ойбайлатып, бес-алты 
солдат келiп қалды. Олардың келгенi мен үшiн тәуiр болды. 
Әйтпесе тағы таяқ жеп қалар ма едiм…
— Солдаттар бәрiңдi жертөлеге апарып қамаған шығар?
— Жоқ. Қолдарындағы таяқтарымен бәрiмiздi сабалап, 
таратып жiбердi. Менi және бiраз таулықтарды ұрғандарымен
найсаптар Ахмад пен Паязға тимедi. Қайта Ахмадтың айтуымен 
менi көбiрек сабады.
— Демек, Ахмадтың түрме бастықтарымен қарым-қатынасы 
жақсы болғаны да.
— Солай екен. Мұны кейiн бiлдiм.
— Со күйi оған ештеңе iстей алмадың ба?
— Менi ертесiне түрмеден босатты. Неге екенiн қайдам, сол 
жолы мерзiмiмнен сәл ертерек босандым. Екi жылдан кейiн бiр 
сартты ұрып тастағаным үшiн iстi болып, осында қайтым келдiм. 
Сонда үш ай отырдым. Үш ай iшiнде қалайда Ахмадтан кек алуды 
ойладым. Неге екенiн қайдам, ол да үш ай бойы маған қарсы ештеңе 
iстемедi. Сөйтiп, бiр нәрсе тындыра алмай, түрмеден шықтым. 
Үшiншi рет келгенде де оны сiлейтудiң ретi келмедi. Төртiншi рет 
осы түрменiң табалдырығын аттағанымда таулықтардың саны 
бұрынғыдан көбейiп қалыпты. Мен де қазақтардың басын қосып, 
бiр ортаға ұйымдастырдым. Үш-төрт мәрте олармен топтасып 
төбелестiк. Ол жақтан да, бiз жақтан да таяқ жегендер көп болды. 
Бiрақ Ахмад та, Паяз да менiмен жекпе-жекке шығудан ылғи 
тартынып жүрдi. Бiр күнi бұл жерге бағана сенен таяқ жеген дәу 
таулық келдi. Алғашқыда бұл жазған момындау едi. Ешкiммен 
жұмысы болмай, өзiмен-өзi жүретiн. Кейiн мыналар миын әбден 
айналдырып қойды ма, қазақ-өзбектерге басымдық көрсететiндi 
шығарды. Екеумiз талай ерегiстiк. Бұл да бiздiң ауылдағы қорқақ 
Парманқұл сияқты күшi болса да, батылдығы жоқ жүрексiздеу 
ме, әйтеуiр менiмен төбелеске түсе қоймады. Бiрақ шындап 
төбелессе, менi жеңiп кетуi әбден мүмкiн.
Күндер өте Ахмад ол екеумiздi жекпе-жекке шығармақ 
болды. Бiр төбелесетiн күнi қатты боран соқты да, ұрысымыз 
болмай қалды. Екiншi жолы түрмеден бiреулер қашып, солдаттар 
барактардағы тәртiптi қатты нығайтқандықтан, жекпе-жегiмiз 
тағы болмады. Көп ұзамай мен шығып кеттiм де, сол жоспарымыз 


441
Сүлеймен қарақшы
аяқсыз қалған-ды. Мiне, ендi бесiншi рет Ахмадпен кездесуге 
тура келiп отыр.
— Содан берi осы түрменiң билiгi Ахмадтың қолында ма?
— Иә, осыған дейiн одан өтер ешкiм болмай тұр.
— Өзiнiң денесi дәу ме?
— Бойы онша ұзын емес. Менiмен қатарлас. Бiрақ кең иықты, 
жалпақ. Паяз да сондай. Сүйектерi iрi. Екеуiнiң де түстерi суық. 
Бақырайып қарағанда, зәрлi жүздерiне адам қарап тұра алмастай. 
Ертең-ақ көресiң, олардың қандай екендiктерiн. Туһ, уақыт қанша 
болды? Менi ұйқы қыстап бара жатқанын қарашы.
— Мен де әзер шыдап жатырмын.
— Онда, Сүлеймен, сен ұйықтай бер. Таң қылаң бергенше
мен ұйықтамауға тырысамын. Таң сәл атса болды, қауiп жоқ, — 
дедi Парманқұл даусын көтерiп. Сосын Сүлейменнiң құлағына 
сыбырлады. — Әдейi қатты сөйледiм. Таулықтар да ұйықтамай 
жатыр. Өтiрiк ұйықтағынсып қалайық. Не iстер екен. Бiрақ қара 
басып, ұйықтап қалма.
Екеуi ұзақ уақыт өз ойларымен болып, ояу жатты. Парманқұлды 
кiм бiлген, Сүлеймен ұзақ ойлана алмайды. Ояу жата беруге 
шыдамы жетпедi. Көзi iлiнiп кеттi.
Әлi қатты ұйықтамаған едi. Басынан тиген қатты соққыдан 
оянып кеттi. Бәлкiм ажалы жоқтығынан осылай болды ма, кiм 
бiлсiн, көзiн ашса, Парманқұлдың бас жағында бiреу төнiп тұр. 
Бiреу емес, екi адам тұр. Сүлеймен сәл кешiксе, бiр қатердiң 
төнетiнiн сездi де: “Ой, Парманқұл, мыналар кiмдер?” — деп 
атып тұрды. Тұра бергенде, бас жақтағы бiреу өзiн бiр ұрды. 
Қолын тосып үлгердi. Қолы оның қолына тигенде, алақаны шым 
еттi. Ананың пышағы бар екенiн бiрден сездi. Ойлануға шамасы 
болмады. Екiншi қолымен оны құлаштай соқты. Анау “ойбай” деп 
жатқан қазақтардың үстiне гүрс құлады. Осы кезде Парманқұл да 
тұра бердi. Ал бас жақта тұрған екiншiсi ары қашты. Сүлеймен 
үш аттап, оны желкесiнен бүрдi. Сосын басынан аямай соққылап, 
жер жастандыра салды.
Бұл уақытта өздерiнiң үстiне құлаған адамның бақырғанынан 
оянып кеткен қазақтар: “Әй, кiм бұл? Әй, не болды өзi?” — 
деп дабырласып жатқан. Қараңғылыққа әбден көзi үйренген 


442


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет