Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет221/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Мұрсат пен Бейiсқожа елдерiндегi жағдайды айта бастады. 
Олардың айтуынша, қазақтардың үш ауылы үш колхоз боп 
құрылыпты. Бiрақ үшеуiнiң де бастықтары сырт жақтан келген 
адамдар екен. Олар елге жайлы болғанымен, ауылдарға түн 
мезгiлiнде ауық-ауық шабуыл жасап, жұрттың барын тонап 
кететiн басмашылар мен бандыларға болысып кетедi екен. 
Басмашылардың денi таулықтар болғасын, жергiлiктi қазақтарға 
қырғидай тиiп, кей кездерi жас қыз-келiншектердi әкетiп қалады 
екен. Сондайда жергiлiктi жұрт Шұстыдағы, Терексайдағы 
мiлисаларға хабар берейiн десе, әлгi қорқақ бастықтар 
қазақтардың жолына тұрып, ол жаққа жiбермейдi екен...
Бейiсқожа бұдан басқа да көп жайттарды айтты. Бiрақ қандай 
әңгiме айтса да, қазақтардың таулық басмашыларынан көрiп 
жүрген зәбiрлерi жайына қайта-қайта тоқтала бердi.
— Қырғыз, өзбек мiлисалары басмашылардың зомбылығын 
жұрт айтпаса бiлмей ме? — деп сұрады Айдабол.
— Бiлмеушi ме едi. Бiрақ көздерiн құрта алмайды. Осыдан бес-
алты жыл бұрын Хоженттен, Тәшкеннен көп отрәд келiп, оларды 
тас-талқан еткен едi. Алайда басмашылардың тас-талқандары 
шыққанымен, солардан қалған азғантай-аз-ғантай топтар тау 
шатқалдарына тығылып алып, өкiметке қарсы әлi күресуде. 
Олардың “өкiметке қарсы күресемiз” дегендерi жәй далбаса. 
Олай болатұғын болса, анау үш колхоз бастықты өлтiрiп кетпей 
ме. Бастықтарды өлтiрмейтiн себебi — олар өздерiн асырап 
отыр. Бастықтар бандыларды немен асырайды дейсiң. Жұрттың 
жиған-тергенiмен асырайды. Қит етсең, сол түнi басмашылар 
келiп, жаныңды шығарады. Осыдан запы болдық. Қазiр мына 
жылқыларды жұртқа таратып берсек, ертең-ақ басмашылар 
келiп, бәрiн сыпырып әкетер.
— Олар бiр келгенде қаншау болып келедi?
— Әртүрлi. Кейде он шақты, кейде он бес шақты.
— Үш ауылдың адамдары он-он бес басмашыдан қорқып жүр 
ме?
— Жұртта қару жоқ. Ал бандылардың бәрiнде мылтық, 
пүлiмөт бар. Былтыр тал түсте бiр басмашының өзi ауыл үстiне 
пүлiмөтпен оқ жаудырып, күллi халықты жерге жатқызып қойған.


471
Сүлеймен қарақшы
— Басмашыларды кiм басқарып жүргенiн бiлмейсiң бе? — 
деп сұрады Сүлеймен Бейiсқожадан.
— Бұрын тәжiк жерiндегi Жылыкөл жақта өкiметпен әбден 
шайқасып, ақырында ауған қашып кеткен Отанбек құрбашының 
оң қолы болған Озғар деген таулық басқарады оларды. Озғардың 
өзi мейiрiмсiз, қатал, әрi қатынқұмар адам. Ауылға келген сайын 
бiр қызды сүйремей кетпейдi.
— Баяғыда өзiм басмашылық қылып жүргенде Отанбек 
жайында талай естiгенмiн. Көр Шермет, Егембердi батыр, 
Махмұтбек, Есенжарты дегендер де болушы едi.
— Не дейсiз? Сiз де басмашы болып па едiңiз?
Бейiсқожаның таңырқай берген сұрағына Сүлеймен күлiп, өзi 
жайында аз-кем айтты.
— Бiз тауда жүргенде кедей-кепшiкке, жазығы жоқ ауылдарға 
шабуыл жасаған емеспiз. Кiмге тиiсудi бiлетiн едiк. Арамызда 
әлгiнде сен айтқан Озғар секiлдi озбырлар болса, бiр пәсте жөнге 
салып қоюшы едiк. Озғардың өзi мен бандысы қай таудың қай 
шатқалында тығылғанын бiлесiңдер ме? 
— Ойбай, Сүлеймен-ау, олар сенi бiр-ақ оқпен жайрата салар, 
— деп шап еттi Мұрсат. – Озғар деген қорқу-үркудi һәм адамды 
аяу дегендi бiлмейтiн жауыз. Одан соң оның дәулiгi де сенен кем 
емес.
— Ретi келсе, ондай жауыздарға олардың өздерiнен өткен 
жауызбын мен. Ал оның дәулiгi менi қорқыта аламайды.
— Мұрсат, — деп сөзге араласты Парманқұл. — Сүлейменнiң 
не ойлап қойғанын мен бiлiп қойдым. Мұны ешқандай жауызбен 
қорқыта алмайсың. Бiз сендерге жылқы таратып бiр көмектессек, 
сол Озғарыңды ауыздықтап, екi көмектесейiк. Сендер бiзге 
Озғардың тұрағын көрсетiңдер.
— Мен сенi сыйлаймын, Парманқұл. Бiрақ жаңағы айт-
қандарыңды iске асыра алмайсыңдар-ау деп қорқам.
— Сен осыны iске асырудың амалын ойлан. Басмашыларға 
қыздарыңды күң, ұлдарыңды құл етiп, ал өздерiң қашанғы 
қорқумен күн кешiп жүре бермексiңдер?
— Сен, Парманқұл, дұрыс айтасың, — дедi Бейiсқожа Мұрсат 
үшiн жауап берiп. — Әттең, ауылда Озғарға қарсы бас көтерер 


472


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет