Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет227/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
сенiмен неге айтысып тұрмын мен. Әйда, анау қораның дуалына 
қаз-қатар тұра қалыңдар. Тiзiп қойып, атып тастайын.
Бейiсқожаның сөзiне басмашылар не айтарларын бiлмей, 
аһiлеп-үһiлеп күрсiне бастады. Аздан соң жаңағы сөйлегенi 
Бейiсқожаның аяғына жығыла кеттi. 
— Ойбай, әка, бiз сiзге жаманшылық қылған жоқ едiк қой. 
Рахым қыла көрiңiзшi. Керек болса, қазiр барып, Озғарды атып 
келейiн. Басын кесiп, алдыңызға әкеп тастасам, күнәмдi кешесiз 
бе?
Бейiсқожа оның басына бiр тептi. Бiр тепкенiмен тоқтап 
қалмады. Онымен қоса, анау екеуiн де оңдырмай тастады. 
Сүлеймен Мұрсатқа қарады:
— Мынау бағаналы берi қақсап жатқанның аты кiм өзi?
— Бейiсқожа, осы сұмның аты кiм?
Ол бiраз ойланып тұрды. Жауапты басмашының өзi бердi.
— Ә, менiң атымды сұрап тұрсыз ба? Құрбан — менiң атым. 
Менi осындағылардың бәрi бiледi.
— Онда, Құрбан..., әй, Бейiсқожа, қоя тұршы тепкiлей бермей. 
Сен, Құрбан, жаңа не дедiң? Озғардың “басын кесiп әкелейiн” 
дедiң бе?
— Иә, иә, әка. Егер менi өлтiрмей тiрi қалдырсаңыздар, қазiр 
барып, Озғарды атып саламын. Оның онсыз да күнi бiтiп барады.
— Осы сөзiңде тұрасың ба?
— Өй, Сүлеймен, сенбе бұған. Ит иесiн қабушы ма едi?
— Жоқ, жоқ, мына әкам “сөзiңде тұрасың ба” деп дұрыс 
айтады. Әлбетте, тұрам. Тек жiберiңiздершi.
— Онда, тұр орныңнан!
Құрбан орнынан көтерiлiп, үстi-басын қақты. Оған iлесiп, 
анау екеуi де тұра берiп едi, Бейiсқожа оларды тепкiлеп-тепкiлеп, 
қайта жатқызып қойды.
— Сендерге әлi ешкiм тұр деген жоқ.
Содан кейiн қазақ қарақшылары өзара айтысып бiраз тұрды. 
Бейiсқожа мен Мұрсат Құрбанды Озғарға жiберуге қарсы болды. 
Екеуiнiң ойынша, бұл сатып кетедi. Ең жақсысы — бұларды атып 
тастап, Озғарға өздерi шабуылдауы керек. Сүлеймен болса, өз 
айтқанынан қайтар емес.
— Сен екеуiң мынаны ойлаңдаршы. Мақұл, үшеуiн де атып 
тастайық. Сосын Озғарды өлтiрейiк те, жылқыларды жұртқа қайта 


483
Сүлеймен қарақшы
таратайық. Ал сонда, колхоз бастықтарына не iстейсiңдер? Бiз 
Парманқұл, Айдабол үшеумiз ертең бұл жерден кетемiз. Сендер 
қаласыңдар. Сол кезде колхоз бастықтары өздерiңе тыныштық 
бередi деп ойлайсыңдар ма? Бұл — бiр. Екiншi, Озғардың тауда 
қалған сарбаздары келiп, шауып жүрсе, не iстемексiңдер? Екеуiң-
ақ оларға қарсы тұра аласыңдар ма?
Бейiсқожа мен Мұрсат үндемедi. Шынында Сүлеймен айтқан 
жәйттердi ойламаған сияқты.
— Сонда не iсте дейсiң? Бiрақ бұларға қарсы ақыры бас 
көтердiк пе, ендi оны аяғына дейiн апарамыз. Дегенмен, расында, 
колхоз бастықтары туралы қаперiмiзге кiрмептi.
— Күнi ертең iс насырға шауып бара жатса, колхоз бастықтарын 
қарабет қылатын бiр амал бар. Ол амалды қазiр жасап алуларың 
керек. Ал қазiр Озғарды бiр жақты етiп алайық. Менiң әдетiм 
бар, өзiме жалынған қауқарсыз адамға қол көтере алмаймын. 
Егер шектен шығып, жынымды бiр қоздырып жiберсе, онда оның 
өлгенiне қарамаймын. Мына сорлыларға қазiр жаным ашып тұр. 
Бәлкiм бұлардың қылмысын көрмеген соң солай боп тұрған 
шығар.
— Осылар жасаған күнәһарлықты көрсең, болмаса естiсең, 
төбе шашың тiк тұрады. Қазiр ғой, сұмдар моп-момақан болып 
тұрғаны.
— Сонда да қолымызды қанға мала берген жақсы емес. Одан 
да басмашылар бiр-бiрiн өлтiрсiн.
Сүлейменнiң сөзiнен өзiнiң аман қалатынын бiлген Құрбан
екi қолын қусырып, тiзерлеп отыра кеттi.
— Жөн айтасыз, әка, жөн айтасыз. Өз кiнәмдi мен Озғарды 
өлтiрiп қана жуа аламын. Жiберiңiздершi менi оған тезiрек. Тура 
барамын да, ай-шай жоқ, қақ шекесiнен атып саламын. Сөйтiп 
басын кесiп аламын да, дәл сiздiң аяғыңыздың астына тастаймын.
— Сүлеймен, сенбе оған.
— Қоя тұршы, Бейiсқожа, бiр сөздi қайталай бермей. Алдаса, 
өз обалы өзiне. Құрбан “сөзiмде тұрамын” деп Құдай атымен 
ант-су iшшi.
— Ант етем, ант етем, — деп Құрбан бетiн қайта-қайта 
сипады. Ол аздай жердi алақанымен қайта-қайта сабалады: — 
Анттан тайсам, қызығымды қара жер көрсiн, қызығымды қара 
жер көрсiн.


484


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет