Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет233/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
келгенше, Сүлеймендер аман қалған басмашыға әлгiнде ғана 
өлген Озғардың адамдарын көмдiрдi. Пұштай үстiнiң бәрiн дал-
далын шығарып сүйрелеп келген Озғарды да, солардың жанына 
көмдiрiп тастады. Басмашы оны көмiп болған кезде Сүлеймен 
сұрады:
— Кәне, Бейiсқожа, Мұрсат, айтыңдаршы. Жұрт екеуiнiң 
бетiне түкiрдi ме?
— Қатындар беттерiн жұлып, балалар арттарына теуiп, әбден 
мазақ қылды. Ендi бұлардың бұл ауылда тұруға дәттерi жетпейтiн 
шығар.
— Бейiсқожа-ау, бұларда бет бар деймiсiң? Масқара 
болғандарына қарамай, көресiң, екеуi де осында тұра бередi. 
Тәшкен асып кетпесе, баратын жерлерi жоқ, — дедi Мұрсат.
Ат құйрығына байлаулы күйде сүйретiлiп келу оңай ма? 
Өкпелерi өшкен Ерсiн мен Ордаш ентiге демалып, жерде етпеттей 
жатыр. Сөйлеуге шамалары жоқ. Осы кезде ауыл жақтан берi 
шұбырған адамдар көрiндi. Еркектер бiр топ, әйелдер бiр топ. 
Оларға қосылмаған балалар бiр бөлек. 
— Мына жұрт жүдә, жақсы келе жатыр, — дедi Сүлеймен. — 
Қазiр қорадағы жылқыларды бәрiне бiр-бiрлеп таратамыз.
Асыққан жұрт қора алдына тез жиылды. Сақалы белiне түскен 
бiр қария алға шықты. Көзiнен жас ағып тұр.
— Осы ауыл жұрты талай уақыттан берi Құдайдан күндiз-
түнi «басмашылардан құтқара көр» деп жалынып жүрушi едi. 
Сендердiң арқаларыңда сол тiлегiмiз қабыл болды-ау деймiн, 
қарақтарым. Сендердi осы ауылға тап қылған Құдайға мың 
алғыс... 
Қария сөзiн ары қарай жалғастыра алмай, еңкiлдеп кеттi. 
Сүлеймен қасына барып, арқасынан қақты. Көз жасын тыйған 
қария тағы сөйледi:
— Бiз бұл Бестоғай жерiне менiң жiгiт кезiмде келген едiк. Ол 
кезде Сыр бойына келген орыстар қазақтарға қатты тiзе батырған 
соң әкем рахметтiк оларға қарсы қол жинап, шайқасқа түскен-дi. 
Бiрақ от қаруы бар орыстар қазақтардың қолын быт-шыт қылған 
соң туған жерден бiр ауыл боп үдере көшiп кеткенбiз. Осында 
келiп тұрақтағалы берi бұл ауыл жұрты тау паналаған қарақшылар 
мен жергiлiктi басбұзарлардан тыныштық көрген емес. Мiне, 


495
Сүлеймен қарақшы
он жылдай болды, сол қарақшылардан қалған сарқыншақтар 
басмашы болып, елдi жүндей түтiп жүр едi. Озғарға күндiз-түнi 
нәлетi айтушы едiк. Сол қарғысымыз бүгiн оған тап келдi. Сен, 
қарағым, баяғының батырындай екенсiң. Атаңа мың алғыс, сенiң! 
Бiрақ ертең сен кеткен соң бұл елдiң күнi не болмақ? Қалған 
басмашылар келiп, тағы ту-талапайымызды шығармай ма?..
Сөйлеген қарияның сөзiн Бейiсқожа бөлдi:
— Жоқ, Әнуар көке. Озғар өлдi. Ендi келiп, бiздi басынатын 
басмашылар жоқ. Қазiр мынау Ордаш пен Ерсiн бастықтарға 
өздерiнiң басмашыларға болысып, елдi қинайтын жүгенсiздiктерi 
туралы өз қолдарымен хат жаздырып аламыз да, екеуiн мiлисаға 
өткiзiп жiберемiз.
Бейiсқожаның сөзiн жұрт iлiп әкеттi.
— Дұрыс, екеуiн абақтыға жаптырып, тәубелерiне келтiрейiк.
— Өз жұртын сатқан мұндайларға аяушылық етпейiк.
Жұртқа әкiреңдеп, құдайсынған екеуi сазайын әбден 
тартсын.
— Абақтыға жiберерден бұрын қос сатқынды бiраз төмпештеп 
алайық та.
— Өздерi абақтыға кеткен соң, үй-жайларын ауылдан көшiрiп 
жiберейiк.
— Жә, тоқтаңдар! — деп қолын көтердi Бейiсқожа. — Ордаш 
пен Ерсiндi төмпештеп, болмаса бала-шағаларын елден көшiрiп 
жiбергенде ұтпағымыз не?! Онсыз да бұлар ендiгi — қарабет. 
Ал қазiргi өздерiңiзге болысқан мына Сүлеймен «қорадағы 
жылқыларды елге таратып жiберейiк» дейдi. Ендеше, жұртым, 
тараңдар да жылқыларды екi-үш үйден бiрiгiп, сойып алыңдар. 
Ал Ордаш пен Ерсiндi қазiрше қамай тұрамыз.
Әрдеңенi күбiрлескен жұрт тарай бастады. Бәрi кетiп болған 
кезде Бейiсқожа колхоз бастығына бұйырды: 
— Пұштай, баста, сенiң үйiңе барайық. Бiлемiн, үйiңде ауқат 
мол. Бiздiң қарнымыз ашты. Сыйла бiздi. Мына екi сатқынды да 
бiрге алып жүремiз. Үйiңде қағаз-қалам бар ғой. Үшеуiң жасаған 
қылмыстарыңды баяндап, өкiметтiң атына хат жазасыңдар. Ертең 
Мұрсат екеумiз үшеуiңдi сол хаттарыңмен бiрге Терексайға айдап 
барамыз.
Одан соң Пұштай, үйiңе барғанда бiзден құтылайын деп бiр 
қулықты ойласаң, мына Мұрсатты бiлесiң ғой, бiр атып жер 


496


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет