Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет59/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Мұның мойнына орала кеткен арқанды көрген басмашылар 
бәрi бiрдей оған жабыла кеттi. Демде өзiне үйме-жүйме болып 
жабысқан үш-төртеудi заматта лақтырып үлгерген Сүлеймен, 
ендi мойнындағы арқанды сыпырып тастауға әрекеттендi. Бiрақ 
аналар қайта жабылып, ойындағысын iстеп үлгере алмады. 
Бiрi аяқтан, бiрi қолына жармасып, қалғандары Сүлейменнiң 
мойнындағы арқанның екiншi ұшын тарта бастады. Ойлары — 
қалайда мұны құлатып салу. Бiрақ олар арқанды бар күшпен 
тартқыласа да, Сүлеймен тырысып, құлай қоймады. Дегенмен екi 
қолымен өзiне жабысқандармен алысып, мойнындағы арқаннан 
босауға мұршасы келмеген ол, ақыры жерге етпеттей құлады. 
Сол мезет басмашылардың бiрi мылтықтың дүмiмен қарақұстан 
аямай бiр ұрды. Сүлеймен сонда да тыпырлап, қарсыласа түстi. 
Соққы екiншi рет тигенде, көз алды қарауытып, есеңгiредi. 
Осыны пайдаланған аналар қаруларымен мұны бас-көз демей 
төмпештеп бердi. Аяусыз соққыдан Сүлеймен бiрте-бiрте есiн 
жоғалтты…
Қанша уақыт өткенi белгiсiз, бiр уақытта көзiн ашса, қол-аяғы 
байлаулы. Анадайда жерде бiреулер күбiрлесiп сөйлесiп тұрған 
сияқты. Iсiп кеткен көздерiн әрең ашып, дауыс шыққан жаққа көз 
салса, жаңағы өзiн ұрып құлатқан басмашылар өзара сөйлесiп 
тұр екен. Сүлейменнiң қозғалақтап, өздерiне қарағанын байқаған 
бiрi:
— Өй, мынау есiн жиды-ей, — деп айқайлады.
Бәрi Сүлейменге таяды. Жанындағыларға басшы болып 
жүрген пұшық бүй дедi:
— Аяғын шешiңдер. Бiреуiң мұның атына мiнiп, өзiн сүйрете 
жетектеп жүрiңдер. Ауылында әркiмдi жеңiп, тым есiрiп кеткен 
дәу екен бұл. Қазiр үңгiрге жеткен соң, тағы жуасытып қояйық. 
Срайыл паруанашы бұған аяғын жалатып қойсын.
Үш-төртеуi Сүлеймендi басып тұрып, аяғындағы байлаулы 
арқанды шештi де орнынан тұрғызды. Қарагер атқа мiнiп алған 
бiреуi арқанның екiншi ұшын тақымына басып, үшкiр тасқа қарай 
желдiрдi. Алғашында Сүлеймен құлап қала жаздады. Содан соң 
аяқтарын қаттырақ басып, ат соңына iлестi.


126
Сүлеймен қарақшы
— Ей, жәй жүр. Бiз арттарыңнан iлесе алмай қаламыз, — деп 
айқайлады пұшық ат үстiндегi жiгiтiне.
Ол жүрiсiн баяулатқан кезде осыншама қырсыққа тап 
болғанына iштей нала болып, жарыла жаздаған Сүлеймен отыра 
кеттi. Арт жақта келе жатқандар: “Өй, неге отырасың? Тұр, тұр!” 
— деп мылтық ұңғысымен арқасынан түйгiштедi. Соққы жанына 
батқан ол орнынан тұрды:
— Қанша қинасаңдар да, маған ешкiмнiң аяғын жалаттыра 
алмайсыңдар.
Қазiрше оның бұдан басқа амалы да жоқ-тын. “Не iстер екен? 
Бара көрейiн” деп ойлады ол. Бұлар үшкiр тасты айналып, шың 
етегiндегi жалғыз аяқ қуыс жолмен бiраз жүрген соң шығыс жаққа 
бұрылды. Жан-жағын көгерген қурай мен сасыр басқан тағы 
сондай жолмен әудем жер өткеннен кейiн бiр үлкен жартастың 
түбiндегi үңгiрге келiп тоқтады. Үңгiрдiң алды буалдыр, iштен 
түтiн шығып жатқан сияқты. Алдағы басмашы аттан түскенде, 
үңгiр iшiнен қарулы екi адам шықты. Бәрi де қазақ емес. Бiрақ 
қазақша таза сөйлейдi. Қалың қабақтары мен ойнақшыған 
көздерiне, қоңқиған мұрындарына қарағанда таулық сияқты. 
Жаңағы үңгiр iшiнен шыққан екеу мұның жанындағыларға 
бiрдеңе деп шүлдiрледi. Пұшық оларға жауап қатып, бәрi 
қарқылдай күлдi. 
Күлiсiп болған басмашылар Сүлеймендi итерiп, үңгiр 
iшiне кiргiздi. Үңгiр дегенi — арғы жағы ашық, кең алаңқайлы 
шатқал екен. Шатқал iшiнде адам көп. Әр жерге тастан қалап, 
үстiн қамыспен жапқан бiрнеше тамдар тұр. Тамдар алдындағы 
ошақ басында пәрәнжi жамылған бес-алты әйел күйбеңдеп жүр. 
Сүлеймендi жетектеп алып келгендер, қолындағы байлауды 
шешпеген күйi үңгiрдiң оң жағындағы бiр үлкен тамға кiргiздi. 
Там iшiнде бес-алты кiсi отыр. Қақ төрде қара бурыл сақалы 
кеудесiне түскен бiр қария жантайып жатыр. Оның бер жағында 
сұрғылт жүзi зәрдей суық, шегiр көздерi от шашқан еңгезердей 
жiгiт жайғасыпты. Қалғандарының да түстерi, рең-әлпеттерi адам 
шошырлықтай. Бәрi “мынау қандай алып адам” дегендей, үнсiз 
Сүлейменге қарады. Әсiресе, анау еңгезердейi отты көздерiмен 


127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет