Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет60/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Сүлейменнiң тұла бойын тiмiскелеп, алақ-жұлақ етедi. Әлден 
соң төрдегi қария орнынан көтерiлдi:
— Қазақпысың? Ныспың кiм? Бұл жақта қайдан адасып 
жүрсiң? 
Даусы қатынның даусындай жiп-жiңiшке екен.
Сүлеймен жөнiн айтты. Қария бiраз ойланып отырды.
— Бiз сенiң сөзiңе сенедi деп тұрмысың? Бүкiл Шыршық, 
Ғалабасай, Пiскент пен Бөкi, Қыбырайда һәм күллi Құрама өңiрiнде 
сен сияқты дәу жiгiттi кездестiрген емеспiн. Кездестiрмесем 
де, есiтер едiм ғой. Сен, сiрә, Тәшкеннен қызылдар жұмсаған 
тыңшысың-ау. Түрiң басмашыға ұқсайды деп, олар сенi әдейi 
жiберген ғой, ә? Одан да жөнiңдi айт. Сонда тiрi қалдырамыз. 
Әйтпесе “батыр бiр оқтық” деген, қанша дәу болсаң да, сенi бiр 
атып өлтiре салу бiзге түк емес.
— Қасарыспай, шыныңды айт. Әйтпесе, тура қазiр осы жерде 
атып тастаймын, — дедi шалдың жанында отырған әлгi суық 
жүздi еңгезердей кiсi наганын бұған қаратып.
— Қоя тұр, Ибрагим. “Аюға әлiп үйреткен таяқ”. Бiр жұма 
зынданда жатып, бiздiң жiгiттердiң таяғын әбден жесiн. Одан 
кейiн өзi-ақ аяғымызға жығылады, — деп шал оның қолын төмен 
түсiрдi. Содан соң пұшыққа қарады: — Апарып, зынданға таста. 
Мұның еркiн саған бердiм. Бiр аптадан кейiн шынын айтпаса, 
анау апандағы аш қасқырлардың ортасына тастаймыз. Көптен 
берi олар кiсi етiн жемей, тiстерi қышыған болар. Өзi үш қасқыр 
тоятындай еттi, сүйектi екен.
Тамға сүйреп кiргiзген әлгiндегi басмашылар Сүлеймендi 
жабыла итермелеп, тысқа қайта шығарды. Сол күйлерi есiк 
алдындағы қаз-қатар тұрған ошақтарды айналып өтiп, дуалы 
таспен қаланған, кiшкене үйшiкке келдi. Тас дуалға арқасын сүйеп 
отырған екi мылтықты қарауыл бұларды көрiп, орындарынан 
ұшып тұрды:
— Ә, тағы бiреудi әкелдiңдер ме?
Бұл үйшiк зынданға кiре берiс дәлiз екен. Дәлiздiң аузында есiк 
жоқ. Әлгi екеу бұлардан жауап күтпестен үйшiк бұрышындағы 
дуалға жабысқан бiр дәу тасты итерiп, сырғытты. Оларға 
Сүлейменнiң жанындағы тұрған бiр басмашы жәрдемдесiп, 


128
Сүлеймен қарақшы
дәу тасты үшеулеп әзер дегенде орнынан қозғады. Дәу тастың 
арғы жағы қап-қараңғы қуыс. Қарауылдың бiрi үйшiк басында 
үйiле, умаждалып жатқан арқан-сатыны жазып, қуыс iшiне қарай 
лақтырды.
— Ал, мырзам, ендi сатымен төменге түс.
— Алдымен мұның қолын шешейiк те. Дәулiк көрсетiп, 
алысатын болса, атып тастауға дайын тұрыңдар. 
Пұшық Сүлейменнiң қолын шешiп жатқанда, басмашылар 
қаруларын оңтайлап, мұны көздеп, айнала қоршап тұрды. 
Сүлеймен шешуден босаған қолдарын сiлкiп-сiлкiп жiберiп
көрiнiп тұрған қараңғы қуысқа жақындады. “Алысқанмен пайда 
жоқ. Жазатайым атып тастаса, өлiгiм шың-құздың басында 
көмусiз қалар. Не болса да, қазiрше айтқандарына көнiп, ақырын 
күте тұрайын”.
Сөйттi де арқан-сатымен төменге түстi. Зындан түбi терең 
екен. Үш кiсi бойындай тереңге түскенде, табаны жерге 
тидi. Жоғарыдағы тесiктен түскен жарықтан байқады, апан 
түбiнде үрпиiсiп бес-алты кiсi отыр. Зындан қабырғасы таспен 
қаланғанын да байқады. Осы кезде:
— Әй, түсiп болсаң жiбер арқанды, — деп айқайлады төбеден 
түсiп тұрған жарықты көлегейлей қуысқа басын тығып алған 
бiреу.
Сүлеймен қолын әлi арқаннан алған жоқ едi. Ананың 
айқайынан кейiн қырсығып, арқанды екi қолымен бiрдей ұстады. 
Анау арқанды жоғары тартқылап, әуреге түсiп-ақ жатыр.
— Ей, сатыны жабылып тартайықшы. Жаңағы қазақ бiр шетiн 
ұстап жiбермей тұр, — дедi ол жанындағыларға.
Арқан-сатыға олардың нешеуi жабылғаны белгiсiз, бiрақ 
қаншама тартқыласа да, ештеңе өндiре алмады. Бұған ашуланған 
басмашылар Сүлеймендi балағаттап, “жiбер, жiбер” деп 
ауыздарына келгендерiн оттап жатыр.
— Ағайын, арқанды жiбере сал. Әйтпесе төбемiзден тас 
жаудырып, бәрiмiздi быт-шыт қылады, — дедi апан түбiнде 
отырғандардың бiрi.
Осыны айтуы мұң екен, шынында төбеден қойдың басындай 
бiр тас апан түбiне дүңк еттi. Артынша екiншi тас 


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет