Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет62/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Қызылдар келiп, мыналарды қырып салып, бiздi құтқарып 
алса ғой, — дедi Сүлейменнiң жанында отырған кiсi.
— Үмiтiнiң зорын. Қызылдар келсе, бiздi де аямас. Басмашылар 
сияқты бiз де оларға жаумыз ғой, — деп басып тастады оны 
Төрекелдi.
Бұдан кейiн әркiм өз ойымен болып, зындан iшiн меңiреу 
тыныштық жайлады. Аналардың не ойлағанын кiм бiлсiн
ғұмырында алғаш рет қамауға түскен Сүлейменнiң көңiл-күйi 
әлем-жәлем болып, қатты торықты. Қауқарсыз халге түскенiне ендi 
ғана көзi жеткендей, жан-дүниесiнiң бұлқан-талқанын шығарған 
ызалы ой жүрегiн қарып, орнынан тұра сап, тар апан iшiн ары-
берi кезе бердi. “Қап, Құдай-ай, тордағы арыстандай бұлайша 
тулағанша, бағана басмашылармен алысып неге өле салмадым?” 
деп кiжiндi iштей. Жайшылықта тұла-бойына сыймайтын ерен 
күшiн ендi қайда жұмсарын бiлмей, мына тас қамалды қашан 
күн бетi көрiнгенше жалаң қолмен соққылап, бұзып-жарып 
тастағысы келдi. Алайда қара жер, жылтыр тас жалаң қолдан 
әлдеқайда берiк екенiн, бойындағы арындаған бар күшiн оған 
жұмсап, қаншалықты аласұрса да, түк бiтiре алмайтынын, қайта 
кеудесiн кернеген тау селiндей тасқынды ашудың құр бекершiлiк 
қиялға итермелеп тұрғандығын, мың жерден туласа да, мына тас 
дуал зынданды қиратып шығудың мүмкiн еместiгiн ұғып, мысы 
құрыды. Мысы құрыды да, қайтадан отыра қалды.
— Ау, Төрекелдi. Бұл жерден құтылудың еш амалы жоқ па?
— Екi жұмадан берi амал таппай отырған жоқпыз ба. Бар 
үмiт… — деп Төрекелдi тағы бiрдеңенi айта бастағанда, төбеден 
бiреулердiң дабырласа сөйлескен дауыстары естiлдi. Iле-шала 
зындан аузына қойылған дәу тас орнынан қозғалды.
— Тағы бiреудi әкелдi ме, жоқ, бiзге iшер атауымызды беретiн 
уақыттары болды ма? — дедi Салықбай басын шалқайтып.
Оған ешкiм жауап қатпай, бәрi төбеге қарады. Дәу тас 
ашылғанда зындан iшiне бағанағыдай жарық түскен жоқ. Демек, 
мезгiл кешкi уақыт. Төбеден арқанмен мес секiлдi бiрдеңе 
салбырап түстi.
— Ей, қазақтар, атауларыңды алыңдар да, жiптi шешiп 
жiберiңдер.


132
Сүлеймен қарақшы
Шетте отырған Түрке мес аузындағы жiптi шештi.
— Бүгiн бiзге не бердi екен? Күндегiдей қатықсыз сорпасын 
тағы тастаған ба, иттер.
— Не берсе де iше берейiк. Iшегiмiз жабысып қалмаса болды, 
әйтеуiр, — дедi Төрекелдi местi өзiне қарай жылжытып.
Бұлар мес аузын сорып, тамақтануға кiрiскенде дәу тас 
қайта жабылып, төбе жақ тым-тырыс болды. Сүлеймен местегi 
сорпадан iшпедi. 
— Жиiркенбей iше бер, Сүлеймен. Әйтпесе аштан қатарсың, 
— дедi Көкен.
— Мына жерден шығудың бiр амалын табайық, — дедi 
Сүлеймен оған басқаша жауап қатып. 
— Айттық қой саған. Еш амал жоқ.
— Бар. Мен бағана зынданға түсiп келе жатқанда байқадым, 
зындан аузындағы тас доғалдау ернеулi тесiкке кигiзiледi екен. 
Егер iшкi жақтан сәл ғана итере алсақ, тас ары қарай домалап 
кетерi хақ. Иә, қатты домалап кетпесе де, адам сиярлықтай орын 
ашылуы мүмкiн. Содан бiреуiмiз шығып, арқан-сатыны берi 
қарай лақтырып жiберсек… 
— Сен, болмайтынды айтады екенсiң. Ол тасқа дейiн қалай 
жетемiз? 
— Бiрiмiздiң иығымызға бiрiмiз мiнемiз, Салықбай.
Сен болмасаң, басқамыз бiр-бiрiмiздi көтере алмаймыз. 
— Тоқта, Салықбай. Шынында мынау жақсы ой айтып отыр. 
Осы жайын неге ойламағанбыз, ә? Бiрақ төбедегi қарауылдарды 
қайтемiз? 
— Әттең, Төрекелдi, Шолпан туатын таңғы мезгiлдi бiлмей 
қаламыз да мына қапаста отырып. Әйтпесе олар таңғы ұйқыға 
бөгiп жатқанда, iске кiрiсуiмiзге болатын едi. Мен ғой, осы 
зындан түгiлi, айдалада жатсам да бiр ұйықтасам, өлiктей болып 
ұйықтаймын. Ұйқысы сергек бiреулерiң бар ма араларыңда? 
— Мен осында отырып күн мен түннiң қай мезгiлi болғанын 
ұйқымнан бiлемiн. Жастайымнан аш бөрiдей дала кезiп 
жүргеннен қалған дағды ғой. Түн жарым ауа, жетi қарақшы 
сәл көмескi тартқан мезетте ұйқыға бас қоямын да, таңертең 
құстан бұрын оянамын. Сол дағдым бұл жерде де бұзылған 


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет