Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет64/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
қамаған басмашыларға бұл таудың әр тас, әр сайы жақсы таныс. 
Күн сәскеге көтерiлмей жатып-ақ олар бiздi iздеуге шығады. 
Ал бiз осы жаяу түрiмiзбен алысқа ұзап кете алмасымыз анық. 
Күн шығысты бетке ала жүрсек, қырғызға қарай кетiп қаламыз. 
Ойпаңғы қарай кетсек, жазықта қызылдардың қолына түсу оңай. 
Сол себептi құбылаға қарай ойыса бергенiмiз жөн-ау. Құбыла 
бiздi Қоқанға апаратын үлкен жолға тап қылады. Менiң ойым — 
осы. Ал басқаларыңда, кәне, қандай ой бар? 
Төрекелдiнiң сөзiне ешкiм үн қатпады. Олардың үнсiздiктерiн 
өзiнiң сөзiне көндiге балаған ол тағы сөйледi:
— Қоқаннан басқа барар жерiмiз жоқ. Тiптi ол жаққа жете 
алмағанның өзiнде, мына Сүлеймен айтқан Елсапа мен Қоратайды 
осы таудың бiр жерiнен кездестiрiп қалуымыз кәдiк. Жә, ендi 
салыларың суға кетпесiн. Бастысы — зынданнан құтылдық. 
Олжамыз — үш мылтық. Бұл маңнан аман-есен ұзап кетсек, өле 
қоймаспыз. Жол таппай, теңселiп тұрып қалған сапарымыз бұл 
бiр емес. Бұдан да қиын-қыстау күндерi лаж тапқанбыз. Мына 
шоқыны айналып жүре берейiк. Артымыздан қуғыншы түссе, 
мылтық атып, тас лақтыратын ыңғайлы жер табармыз. Уақытты 
созбай, кетейiк.
Басқалары жақ ашпай, оның соңынан ердi. Табаны қатпар-
қатпар жайпақ тасты шоқыны айналып өткендерiнде арт жақтан 
тасырлата шапқан аттың дүбiрi естiлдi. Қаш-қындар шоқы 
етегiндегi оқшау-оқшау болып тұрған үшкiр тастардың панасына 
тығылды. 
— Салықбай, атқанды құры жiбермеушi едiң ғой. Оқта 
мылтығыңды! Түрке, сен мұнда келiп, менiң жаныма қатарласа 
отыр! Көкен мен Сүлеймен екеуiнiң бiр мылтыққа ие болыңдар! 
Қап, Құдай-ай, бiр биiктеу жерге шығып, үлгере алмай 
қалғанымызды қараңдаршы, — дедi Төрекелдi бұйрықты сөзiне 
өкiнiш араластыра.
Бұлардың бақытына орай, арттағы аттың дүрсiлi 
қуғыншылардың шабысы емес екен. Мылтық кезенiп, жау күтiп 
жатқан қашқындардың көзiне ер-тоқымы алынбаған, жүгенi 
мен шылбыры сүйретiлген жалғыз қарагер ат көрiндi. Жануар 


136
Сүлеймен қарақшы
Сүлеймен тасасына тығылып жатқан тасқа жақындап келдi де 
оқыранып-оқыранып қойды.
— О, айналайын, қарагерiм. “Бәсе, менен қалай ғана қалады” 
деп ойлап едiм, — деп Сүлеймен қуанып орнынан тұра бергенде:
— Ойбай, жат! Бұл басмашылардың әдейi iстеп жатқан қулығы 
шығар, — деп Көкен Сүлейменнiң иығына жармасты.
Қатардағы тастың ығында отырған Төрекелдi мен Түрке де 
“жат, жат” деп сыбырлады. Лаж жоқ, Сүлеймен тас панасына 
қайта тығылды. Қарагер болса, бұлардан айналып өтiп
Сүлейменге жақындап келiп, оның желкесiнен иiскеледi. 
Сүлеймен оның тұмсығынан сипалады. Осылайша, қашқындар 
қуғыншылардан секемденiп, бiраз уақыт жатқанымен, қарагер 
аттың артынан келген ешкiм болмады. Ақыры, оның артынан 
ешкiм ерiп келмегенiне көздерi жеткен соң бұлар:
— Ойпырмай, Сүлеймен, қарагер бiздiң қашқанымызды қалай 
бiлдi, ә?
— Нағыз ақылды ат деп осыны айт. Егесiн тастамайтын 
дарабоз тұяқтың өзi екен.
— Бәрiнен бұрын, бұл жануар үңгiрден қалай шықты десейшi. 
Iзiмiзден қалай жаңылыспай келдi? — деп бәрi қарагердiң 
қылығына таңырқай даурығысып, орындарынан көтерiлдi.
Олардың қарагерге риза болғанына Сүлеймен iштей мәз. 
Әрқайсысына қарап, ыржиып күлiп қояды. 
— Сүлеймен, басқаларымыздың атымыз осы қарагер секiлдi 
жемсек мал емес. Бiздi iздеп келмейдi. Сен жаңа өкiнiп едiң. 
Ендi қарагердiң өзi-ақ келдi. Тұқымы айрықша, бiтiм-тұлғасы да 
өзге тұяқтан асыл екенi көрiнiп тұр. “Ат жақсысы иесiнiң исiнен 
жаңылмайды” деген осы. Жетексiз келген аттың тұяғы — құт. 
Ал ендi бұлай алаңсыз тұра бермейiк. Тау қуысының кез-келген 
жерiнен қаскөй мергеннiң шыға келетiнiн ұмытпайық. Қауiптiң 
өтiнде, қылыштың жүзiнде тұрғанымыз тағы бар. Жүрейiк.
Төрекелдi тағы алға түстi. Сүлеймен атына мiнбей, жетекке 
алды. Бiрiнiң соңынан бiрi шұбырған сегiз адам, бiрде ылдилап, 
бiрде өрлеп ұзақ жүрдi. Күн сәскеден ауғанда алдарынан 
созылып жатқан асу шықты. Асу бол-ғанда, тұтас бiр жалаңаш 
тау сiлемi. Оның ар жағында тiршiлiк болмаса, дәл мына жерде 


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет