Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет78/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
VI
Сол шапқаннан Салықбайда тастап кеткен тас жанына бiр-ақ 
жеттi. Оны ерге өңгерiп, өзi атын жаяу жетекке алған Сүлеймен 
шығысты бетке ала таң атқанша жүрдi. Бiр-бiрiне ұқсас жоталар 
мен шың-шоқыларды артқа тастап, түске дейiн де тоқтамады. Бiр 
бұлақтың басына келгенде аздап демалып, тағы жолға түстi. Осы 
кезде қылаулап қар жауа бастады. Алдында жатқан үлкен бiр 
асуды асып өткенше қар тобықтан келiп, айналаны қараңғылық 
басты. Сонда ғана барып, ол жолдан адасқанын бiлдi.
Iштей аласұрып, қанша күйiп-пiскенiмен басқа iстер амалы 
болмаған соң, қалың аршаның арасына кiрдi. Желтоқсанның 
ортасына дейiн жаумаған қар, ендi тiзе бойы бiр-ақ жауып 
тастайын дегендей, дамылсыз төгiп тұрғанымен, бiр-бiрiмен иiле 
тұтасқан аршалардың табандарына өте алмапты. Түптерi құп-
құрғақ.
Осында бiр түнеп шыққан ол, ертесiне қар басқан тау iшiнде 
ұзақ сандалды. Ақыры болмаған соң Салықбайдың өлiгiн бiр 
құздың қуысына көмдi. Сөйттi де атына мiнiп, “ендi аттың 
басын еш жаққа бұрмаймын. Елдi бiр тапса, осы табады” деп, 
қарагердiң басын жiбердi. Қарагер Сүлейменнiң ойын сездi ме, 
машырық жаққа бұрылып, түнi бойы жүрдi. Одан соң терiскейге 
қарай бет бұрды. Бiрi малдың, бiрi адамның мықтысы атанған 
екеу, осылайша аялдамастан, ертесiне екiндi түсе жазыққа аяқ 
iлiктiрдi. Сүлеймен сонда ғана байқады, келе жатқан жерi — 
Шыршықтың Ғалабасай жақ бетiндегi Түлкiжортқан етегi екен. 
“Уһ, ендi өлмеспiн”, — деп бiр күрсiндi. 
Тiзесiнен жоғары батып қалатын омбы қардың қай жерде 
бар екенiн бiлiп, қары жұқа дөңес-дөңестi айналып жүрiп келе 
жатқан қарагер бiр кезде құлақтарын қайшылатып, қалт тұрды. 
Оның бұл қылығынан бiр қатердiң таянғанын бiлген Сүлеймен, 
дереу арқасына iлген мылтығын қолына ала сап, айналаны 
көзбен шолды. Аппақ болып манаураған далада да, қар басып 
мiз бақпай жатқан қия-дөңесте де секем алардай ешнәрсе көзiне 
түспедi. “Қарагердiң сезгенi қасқыр ма екен? Қарлы күндерi 
қатты ашығатын бөрiлер қар астымен жылжып келiп, бассалатын 
әдеттерi болатын едi. Кеше ғана жауып, әлi қата қоймаған 


166
Сүлеймен қарақшы
ұлпа астынан “арс” етiп шыға келмесiн найсаптар” деп, жан-
жағындағы қалың қарға көз тастап тұрғаны сол едi, машырық 
жақтағы дөңес үстiне қарулы үш атты шыға келдi. Дәл осындай 
үш аттылы маңдай алдындағы белестен де бой көрсеттi. Олар 
аздай бүйiр тұстан да тағы үшеу пайда болды.
— Таста мылтығыңды! — деп айқайлады алдағы тұрғандардың 
бiрi.
— Сендер кiмсiңдер?
— Онда сенiң шаруаң қанша? Айтқаныма көнбейдi екенсiң, 
ат-патыңмен қоса атып, анау еңiстегi омбы қарға бiр-ақ тығамыз.
— Әй, айтсаңдаршы. Доссыңдар ма, қассыңдар ма?
— Өй, мынау бiздi тергеуiн доғарар емес қой. Жұман, атының 
маңдайынан бiр атып, омақастыра салшы.
Бұйрық берiп тұрғанның жанындағы түлкi тымақты бiреуi 
дереу мылтығын көздеп, атуға дайындалды. “Шын ататын болса, 
көрейiн” дегендей, Сүлеймен оларға қасқая қарап, мылтығын 
тастай қоймады.
— Қалай, Тұреке, ата салайын ба? — дедi көздеп тұрған кiсi.
— Мынадай дәу атты ата салу обал. Одан да өзiн атып, атын 
олжалайық.
Түлкi тымақты мылтық ұңғысын жоғары көтерiп, Сүлейменнiң 
кеуде тұсын көздедi. Дәл мынадай елсiз далада көкжалдардай 
омбы қар кешiп жүрген мыналардың тегiн адамдар еместiгiн 
және мұндайлардың адам өлтiрудi шыбын өлтiргендей көретiнiн 
бiлетiн Сүлеймен:
— Әй, әй, бауырлар, тұра тұрыңдар. Алдымен бiлiсейiк те. 
Бәрiң де сарт емес, өзбек емес, тәжiк емес — қазақ екенсiңдер. 
Қай туған боласыңдар? Тоғызыңа бiр кiсiнi өлтiру — ерлiк емес 
шығар. Мен өзiм тау iшiнен адасып келе жатқан жанмын, — 
дедi. “Алдымен бiр ырыққа көндiрiп алайын. Ары қарай көре 
жатармын” деп ойлап қойды тағы.
Үшеуi бiр-бiрiмен күбiрлесiп сөйлестi де, бiреуi айтты:
Аман қалғың келсе, мылтығыңды тастап, берi жақында. 
Хал-жайды содан соң сұрасармыз.
Сүлеймен амал жоқ, мылтығын тастап, оларға жақындады. 
Қастарына келгенде жаңа алыстан мықтысынған үшеудiң бет-


167


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет