Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет89/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Ей, бауырлар, тастаңдар сойыл мен қылыштарыңды. Жөн 
сөзге келiп, ымыра жасайық. Қарындарың ашса, менде нан бар, 
талқан бар… — дей бергенде бүйiр тұстағы атылып кеп, қылышын 
сермеп жiбердi. Сүлеймен шоқпарын одан бұрын сiлтеп үлгердi. 
Иек тұсынан тиген шоқпардың соққысынан ол кескен теректей 
жалп еттi. Содан кейiн артта тұрғаны ақыра ұмтылды. Бiрақ 
ақырысы да, ұмтылысы да оңды болмады. Сүлеймен мен оның 
арасында тұрған қарагер, ол ақырып ұмтылған кезде иесiне 
болысайын дедi ме, болмаса үрейлi дауыстан шошынды ма, кiм 
бiлсiн, бiр тоңқып, айналып кеттi. Осы мезет анау қарагердiң 
жамбасына соғылып қап, керi ұшты. Сүлеймен оны ұшып түскен 
жерiнен тұрғыза ма? Шоқпармен бiр ұрып, талдырып тастады.
Екi серiгiнiң жер құшқанын көрген үшiншiсi қамысты беттей 
қаша жөнелдi. Сүлеймен оның артынан түстi. Анау сорлы арық 
болғанымен түк жүгiре алмайды екен. Әлде аш болған соң әлi 
жоқ па, әйтеуiр, қамыс шетiне жетпей-ақ, Сүлейменнiң қолына 
iлiктi. Тура желкеден тап берген Сүлеймен оны ағаш сүйрегендей 
сүйреп, төбелес болған жерге әкелдi де, бетiндегi орамалын 
сыпырды. Екi жағы қушиған, қан-сөлсiз реңдi адам екен ол. 
— Жаныңның барында айт, кiмсiңдер? Әйтпесе мына екеуiне 
ұқсатып, сiлейтiп салам. 
— Қарақшымыз. Елден кеткенiмiз қашан. Жейтiн ештеңемiз 
жоқ болғандықтан, ары-берi өткен адамдарды ұстап жеп жүрмiз, 
— дедi анау қырылдай сөйлеп. 
— Не дейдi? О заманда бұ заман адам адамды жеушi ме едi? 
О, ата-бабаның… Әй, сендер, адам емес, шайтан шығарсыңдар? 
Сенi де өлтiре салайын, — деп Сүлеймен қонышындағы пышағын 
ала бергенде:
— Ойбай, көке, өлтiрмеңiзшi. Қасықтай қанымды қия көрiңiз. 
Ендiгәрi сiзге тиiспеймiн, — деп шыңғырды ол. 
— Не? Ендiгәрi тиiсетiндей маған тағы жолықпақ ойың бар 
ма? 
— Жо-жоқ, көке. Қайта сiзге жол көрсетiп жiберейiн. 
Оның шарасыз, әрi жалынышты түрiн көрген Сүлеймен ашуы 
басылып, бұлардың кiмдер екенiн бiлмек болды. 
— Қай елденсiңдер? Бұл жерде неғып жүрсiңдер? 


188
Сүлеймен қарақшы
— О, ол ұзақ тарих қой, көке. Оны бiрауыз сөзбен айта 
алмаспын. Жарайды, сiз жеңдiңiз ғой. Жiберiңiзшi ендi, желкемдi 
бүрмей. Сiзге бағынғанымның белгiсi болсын, бұдан былай 
алдыңызда құрдай жорғалап, құлыңыз болуға бармын. Жаңа 
“наным бар” дедiңiз бе?… Жүрiңiз онда, қамыс iшiндегi лашыққа 
барайық.
— Сен менi алдап тұрған шығарсың. Қамыс iшiнде тағы басқа 
адамдарың тығылып жатқан жоқ па?
— Оллаһи, алдамаймын, көке. Мұнда екi жылдан берi 
үшеумiзден басқа пенде болмаған. 
Сүлеймен сақтық үшiн оның қолын артына байлады. Одан 
соң атын ерттеп мiндi.
— Қане, түс алдыма. Көрсет лашығыңды. 
Жендет айдаған тұтқындай күйге енген қарақшының 
белбаусыз шапанының екi етегi тiзелерiне соғылып, алға түстi. 
Қалың қамыс ортасына қарай созылған жылан iзiндей тар, 
жалғыз аяқ жолмен сәл жүрген соң олар ну iшiндегi лашыққа 
келдi. Жанындағысының “бұл жерде бiзден басқа ешкiм жоқ” 
деген сөзiне әлi сенiңкiремеген Сүлеймен айналасына сақтана 
қарады.
— “Екi жылдан берi осында тұрып жатырмыз” деп жалған 
сөйлейсiң-ә, маған. Жазда мейлi, күн көруге болар. Қыста қалай 
күнкөрiп жүрсiңдер?
— Қыста елге таман жылжимыз ғой. Ол жақта қыстап шығатын 
апанымыз бар, — дедi анау екi көзiн Сүлейменнiң тақымындағы 
қоржыннан алмай. 
— Атың кiм?
— Зүндiн. Ендi қорықпай аттан түсе берсеңiзшi. Қолымды 
шешiп, нан берiңiзшi. Екi-үш күн болды, мына қамыс ортасындағы 
шалшық судан бақа аулап, қақтап жегеннен басқа нәр сызбадық. 
— Мен тiрi пендеден қорқатын жан емеспiн. Бiрақ сөзбен 
алдап тұрып, ту сыртымнан бас салатын қаскөйлердi суқаным 
сүймейдi. Судан бақа аулап жесең, аш емес екенсiң ғой. Тфу, 
нәлетi, нәр сызбадым дейдi-ау, тағы. 
Қарагер тыныш тұр. Егер қамыс арасында тағы бiреулер 
тұрса, ол осқырынып белгi берер едi. Оның осылай жайбарақат 


189


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет