200
Сүлеймен қарақшы
— Ой, жiбершi, сақалымды. Менi әлi ешкiм бұлай табанының
астына салған жоқ едi… Еркек болсаң, жiбер деймiн.
— Табанына салатын адамға кездеспей жүргенсiң де. Жiбер
деп шарт қояды тағы. Шартты мен қоямын. Одан да жаңағы
сөзiңе жауап бер.
— “Қатын қылдым” деп кiм айтты саған? Ойнас қылайын деп
едiм. Қанша дәу болсаң да Қоқанда Исламқұл тұрғанда, менiң
дегенiм болады…
— Ой, сорлы. Сен алдымен осы жерден аман шығып алсайшы.
Исламқұлыңның да, сенiң де әкеңнiң… Уа, сенiмен неге сөз
таластырып тұруым керек менiң, — деп көп сөздiлiкке салына
бермейтiн Сүлеймен
қонышынан пышағын суырып алып,
Шалпардың алқымынан осып жiберуге ұмтыла бердi:
— Ой, Сүке, тоқта, тоқта! Сойсаң, үй iшiнде сойма. Жә, жә, қоя
тұр деймiн, батыр. Сәл сабыр сақтай тұршы, — деп Пұсырманқұл
пышақ ұстаған қолына жармасты.
— Ә-ә, қойыңыздаршы, байекелер, — деп бiр бұрыштан
әйелдер сұңқылдады.
Пұсырманқұлдың ажыратқанын басқаға жорыды ма, кiм
бiлсiн, осы кезде Шалпар:
— “Соямын” деп әкiреңдегенiмен сою қайда бұған менi.
Сойып көрсiншi. Ертең Исламқұл сүйегiн өртеп, етiн күл қылып
шашсын, — дедi тағы батырсына.
— Мынау тiлiн тарпайтын пәле екен. Онда қазiр көресiң
соя алмайтынымды, — деген Сүлеймен оны үйден сүйреп
сыртқа шығара берiп: — Айтпақшы, өлер алдыңда iздеп келген
қатыныңның бұтын иiскеп қал. Ақыры тiрi кезiңде сол жерiне
жете алмап едiң. Ей, Дилда, қайдасың? Берi кел. Етегiңдi көтер.
Ауыңа мұрнын бiр тығайын. Өлер алдында арманда кетпесiн.
Сосын
қалт етуге шамасы келмей, бұрыштағы Дилданы
сүйреп әкелдi де етегiнiң астына Шалпардың басын тықты.
Аяқтарына иегiн үйкелеттi.
— “Еш еркек бұрын кеудемдi бұлай басқан жоқ едi” дедiң
ғой. Ендi сенiң кеудеңдi әйел басты. Жо-жоқ, әйел аяғына басың
жығылды. Бұдан былай саған жер бетiнде еркек болып жүрудiң
қажетi жоқ. Сендей намыссыз еркектi мен өлтiруге де арланамын,