Диэлектриктер - электрөткізгіштігі аз, поляризациялану және электрстатикалық өрісті сақтау қабылеті бар заттар. Олар электртехникалық материалдардың кең класы: газтәріздес (газдар, ауа), сұйық (майлар, сұйық органикалық заттар) және қатты (парафин, полиэтилен, керамика және т.б.); табиғи және синтетикалық; органикалық және бейорганикалық болып келеді. Орындатын функциялары бойынша олар пассивтік және активтік болып бөлінеді. Пассивтік диэлектриктер электроқшаулаушы материалдар ретінде пайдаланылады. Активтік диэлектриктерде (сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер және т.б.) электрилік қасиеттер электртехникалық құрылғылардың сипаттамаларын өзгерте алатын басқарушы сигналдарға тәуелді.
Молекулалардың электрлік құрылысы бойынша полярлық емес және полярлық диэлектриктер ажыратылады. Полярлық емес диэлектриктер оң және теріс зарядтардың орталықтары сәйкес келетін симметриялық молекулалардан тұрады. Полярлық диэлектриктер симметриясыз молелекулалардан (дипольдер) тұрады. Дипольдық молекула дипольдық моментімен сипатталады – p = q ⋅ l, мұндағы q ≈ 2.10-19 Кл; зарядтардың ара қашықтығы l = (1…3).10-10 м; р = 5.10-29…10-30 Кл.м.
Достарыңызбен бөлісу: |