Н Н
σ│ σ │σ
С ═ С
σ│ π │σ
Н Н
Қос байланыспен байланысқан екі көміртек атомы sp2-гибридтенген күйде болады. Олардың гибридтенген орбитальдары сутек атомдарының s-орбитальдарымен қаптасып, σ-байланыс түзеді.
Этилен молекуласында 5σ−байланыс қалыптасады.
Көміртек атомының екі гибридтенбеген орбитальдары, σ−жазықтықтың үстіңгі және астыңғы жағынан қосарлана қаптасады. Гибридтенбеген р-орбитальдардың қаптасуы нәтижесінде ерекше байланыс π−байланыс түзіледі.
Яғни, этилен молекуласындағы көміртек атомдарының арасындағы қос байланыс бір σ− және бір π−байланыстардан тұрады. Қос байланыс жай байланыспен салыстырғанда берік. Байланыстардың (σ−және π−) беріктігі әртүрлі. π−байланысты үзу оңай, оның үзілген жерінен қосылу реакциялары жүреді.
Изомериясы және номенклатурасы
Алкендер үшін тән:
Көміртегі тізбегі (қаңқасының) изомериясы:
Мысалы:
С5Н10
СН2═СН─СН2─СН2─СН3 пентен-1
СН2═СН─СН─СН3
│
СН3 2-метилбутен-1
Қос байланыс орнына байланысты изомерия:
Мысалы:
СН2═СН─СН2─СН2─СН3 пентен-1
СН3─СН═СН─СН2─СН3 пентен-2
Кеңістіктік (геометриялық, цис-трас-) изомерия:
Н Н Н3С Н
│ │ │ │
С ═ С С ═ С │ │ │ │
Н3С СН3 Н СН3
цис-бутен-2 транс –бутен-2
Халықаралық ИЮПАК номенклатурасы
бойынша алкендерді атау ережесі:
Қос байланысы бар көміртек атомдарының ұзын тізбегін таңдап алу;
Мысалы:
СН2═СН─СН2─СН3 бутен – 1
СН3─СН2─С═СН─СН3 3 – метилпентен – 2
│
СН3
Қос байланыс жақын жақтан басталып, көміртек атомдары нөмірленеді;
Негізгі түбір алдында радикалдар санмен көрсетіліп, аталады;
Мысалы:
СН3
│
СН3─СН2─С─СН2─СН3
│
СН
║
СН2 3 – метил – 3 – этилпентен – 1
СН3─СН2─С═СН2
│
СН3─СН─СН2─СН3 3 – метил – 2 – этилпентен – 1
Достарыңызбен бөлісу: |