Дифракция. Френель дифракциясы.
1 Толқын ұзындығы λ = 0,5 мкм нүктелік
жарық көзі, радиусы r=1,0 мм дөңгелек
диафрагма саңылауының алдында а = 100 см қашықтықта тұр. Саңылауындағы
Френельдің
зондар саны k=3 болатын, диафрагмадан бақылау нүктесіне дейінгі b
қашықтықты табыңыздар.
2 Нүктелік жарық көзі мен экран арасына,
r радиусын өзгертуге болатын, дөңгелек
диафрагма орналастырылды. Диафрагманың жарық көзіне және экранға дейінгі ара
қашықтығы а = 100 см және b= 125 см. Егер экрандағы диафрагмалық суреттің центрінде
максимум
жарықтану r
1
=1,0 мм және келесі максимум r
2
=1,29 мм болғанда байқалса,
жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.
3. Толқын ұзындығы λ=500нм монохроматты жарық көзі кедергіден а = 1 м қашықтықта
орналасқан. d = 2 мм болатын домалақ саңылауы бар кедергі берілген. Экраннан b = 1 м
қашықтықта
орналасқан, Р бақылау нүктесі үшін бұл саңылау арқылы Френельдің неше
аумағы сияды?
4. Толқын ұзындығы λ=500нм монохроматты жарық көзі d = 4,5 мм саңылауы бар
кедергіден а = 6,75м қашықтықта орналасқан. Бөгеттен b =
a қашықтықта экран
орналасқан. Егер саңылаудың диаметрін d1 = 5,2 мм дейін үлкейтсек, нүктесінде
жарқырау қалай өзгереді?
5. Толқын ұзындығы λ=600нм жазық толқын дөңгелек саңылауы бар экранға нормаль
бойымен түседі. Экраннан b = 2 м қашықтықта орналасқан шоқтың жолында жатқан Р
нүктесінде жарқырау максимум болған кездегі саңылаудың диаметрін анықтаңыз?
6. Френелдің алғашқы 3 аумағының радиусын анықтаңыздар:
a) егер жарық көзінен толқындық бетке дейінгі қашықтық а = 1 м, ал толқындық
беттен бақылау нүктесіне дейінгі қашықтық b = 1 м болса, онда сфералық толқын үшін?
Толқын ұзындығы λ=500нм;
б) егер ал толқындық беттен бақылау нүктесіне дейінгі қашықтық b = 1 м болса, онда
жазық толқын үшін? Толқын ұзындығы λ=500нм.
7. Толқын ұзындығы λ=600нм болатын монохроматты нүктелік
жарық көзінен l
қышықтықта дифракциялық бейне байқалады. Жарық көзінен a = 0,5
l қашықтықта
диаметрі D = 0,6 см дөңгелек мөлдір емес кедергі орналасқан. Егер кедергі бақылау
нүктесі үшін Френелдің централды
аумағын ғана жабатын болса,
l қашықтықты табыңыз?
8. Толқын ұзындығы λ=500нм болатын нүктелік монохроматты жарық көзі экраннан
l = 4
м қашықтықта орналасқан. Жарық көзі мен экранның қақ арасына, дөңгелек саңылауы
бар, диафрагма орналасқан.
Саңылаудың қандай радиусында, экранда байқалатын
дифракциялық сақинаның центрі қараңғырақ болады?
9. Бір-біріне параллель толқын ұзындығы λ = 600нм монохроматты жарық шоғы, саңылау
диаметрі D = 1,96 мм болатын диафрагмаға нормаль бойымен түседі. Эрканда байқалатын
дифракциялық бейненің центрінде қара дақ байқалау үшін, дифрагма мен экранның L
арақашықтығы қандай үлкен мәнге ие болады.