Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет7/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

1.2Ғылыми мәтіндер
Мәтіндер тілді меңгертуде маңызды компоненттердің 
бірі болып табылады. Мәтіндерді қолданысқа түсуіне 
қарай ғылыми, ғылыми- көпшілік, көркем-әдеби, газеттік 
(көркемсез) мәтіндер деп бөліп қарастыруға болады. 
Ғылыми-көпшілік 
мәтіндер 
арнайы 
мамандығы 
жоқ 
оқырмандарды ғылымның жетістіктерімен жеткілікті түрде 
хабардар етсе, газеттік мәтіндер (ақпарат, репортаж
комментарий, корреспонденция) саяси идеялық ақпараттарды жеткізеді.
Ғылыми 
мәтіндер белгілі 
бір заттың, 
деректің, 
құбылыстың 
заңдылығын суреттейді. Ғылыми мәтіндерге мақала, очерк, реферат, 
рецензия, аңдатпа, жоспар, тезис, сын-пікір, ғылыми хабарларды т.б. 
жатқызуға болады.
Ғылымимәтінніңбасқамәтіндерденайырмашылығы:оныңқұрылымы, 
ұйымдастырылуы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады. Тілді 
тиянақты білу мен меңгеруде ғылыми мәтінді игерудің жолдары көп. 
Ол сейлесім әрекеті, соның ішінде оқылым арқылы, оқылымға қатысты 
амалдар арқылы тиімді іске асады. Нақты бір ақпараттан хабардар 
болу үшін грамматикалық және лексикалық қорды игеру жеткіліксіз. Ол 
үшін ғылыми мәтіннің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оның ең 
маңызды, басты бөліктерін айқындай білу керек, сондықтан оқылған 
мәтіннен белгілі бір ақпаратты алу үшін оны түсініп оқудың маңызы зор.
10


Ғылыми стиль жанрларын оқудың түрлері:
1. Ізденімдік оқу - ізденушінің езін қызықтыратын хабарды, деректі, 
сілтемені мәтіннен іздеп тауып, пайдалана білуі. Кез келген ғылыми 
шығарманың кіріспесі және қорытындысы болатыны белгілі, сондықтан 
ізденімдікоқудымеңгеруғылымимәтінніңкомпозициялықерекшеліктеріне 
байланысты.
2. Танымдық оқу - кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, 
кітап, пікір, газет-журнал т.б. оқу. Ерекшелігі: арнайы ізденушілік, сол 
материалды зерттейін деген мақсатбола бермейді. Ақпаратты зерттеуден 
гөрі жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
3. Зерделік оқуда ізденуші берілген мәтінді не материалды басынан 
аяғына дейін түсініп оқуы керек. Зерделік оқу барысын екі кезеңге белуге 
болады:
1-кезең. Дайындық кезеңі. Мұнда мәтіндегі ақпараттьі толық, нақты 
ұғу үшін грамматикалық, лексикалық дағдыларды меңгертуді мақсат етіп 
қояды.
2-кезең. Мәтіннен ақпаратты алуға тікелей бағытталады. Ғылыми 
стильжанрларындағы ғылыми мәтіндердіңмазмұнынашатынлексикалық 
ерекшеліктер:
1)
негіздеу;
2)
түсіндіру;
3)
дефиниция;
4)
бақылау;
5)
сипаттау;
6)
эксперименттің еткізілуі
7)
тексеру;
8)
салыстыру;
9)
топтастыру;
10) дәлелдеу;
11) пікірлесу, баға беру;
12) жарияланым.
Бұл ерекшеліктердің бәрі бір мәтіннен көрініс табуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет