«Сырдария» университеті
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы
5В011400 - «Тарих» білім беру бағдарламасы мамандығының 4 курс студенті Жанболат Гүлжахан Ержанқызы «Орталық Азия көшпенділерінің этносаяси және этномәдени дамуы (VIII-XVI ғасырлар)» тақырыбындағы диплом жұмысына рецензенттің
ПІКІРІ
Жанболат Гүлжахан диплом жұмысында Қазақстандық шығыстануда түріктану мен моңғолтану саласы ғылыми теориялык тұрғыдан бүгін де өзектілігі бар, шешілуі күрделі, ғасырлар бойы зерттеліп келсе де жан-жақты дәйекті дәлелдерге зәру, сол негізінде, өзге де қырлардың айқындалуына жол ашатын әрі олардың оңды дұрыс бағытта дамуына қарқынды әсер ететін негізгі мәселелер жеткілікті зерттеліп, ғылыми жаңалықтың негізі болған деректер негізінде зерттеп нақтылы ғылыми нәтижелерге қол жеткізген қорытындыларды бірыңғай сараптап, жан-жақты толықтырудың және де теориялық тұрғыдан ғылыми сараптаудың нәтижесінде:
Орталық Азиядағы түрік-моңғол конфедерациясының этносаяси және этномәдени дамуы ашып көрсеткен. Студент диплом жұмысының құрылымында нақты логикалық өзара байланыс пен сабақтастық байқалады.
Студент еңбегінің бірінші тарауында Орталық азиядағы түрік-моңғол конфедерациясының этносаяси және этномәдени даму тарихына толық тоқталған.
Екінші тарауында түрік-моңғол этникалық мәдениетіндегі ортақ негіздерін толық өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Диплом жұмысында әрбір тараудағы бөлімде тақырып бойынша студент талдаулар, қорытынды мен ұсыныстар берген. Қорытындылары мен ұсыныстары дәйекті болып табылады.
Диплом жұмысы студенттің тарихи-теориялық білімінің жоғарылығын байқатады. Зерттеу тақырыбы бойынша студент жұмысын өте сауатты жазған. Жұмыста кейбір техникалық кемшіліктер кездеседі. Бірақ бұл жұмыстың құнын түсірмейді.
Студент Жанболат Гүлжахан 5В011400 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша тарих бакалавры академиялық дәрежесіне қойылатын талаптарға сай, диплом жұмысын 85 В+ 3,33; « жақсы» деп бағалауға болады деп есептеймін.
Рецензент
Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университеті.
Атқаратын қызметі:
__________ с.ғ.к., доцент Тәжітаева Р.С.
«____»______ 20_
Достарыңызбен бөлісу: |