Диплом жұмысы Тақырыбы: «Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға дағдыландыру»


II. тарау Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс істеу II.1. Бастауыш сынытарда мәтінмен жұмыс істеу әдісі



бет7/11
Дата19.06.2022
өлшемі316.5 Kb.
#459344
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-Бастауыш-мектепте-оқушыларды-мәтін-қүрастыруға-дағдыландыру

24
II. тарау Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс істеу II.1. Бастауыш сынытарда мәтінмен жұмыс істеу әдісі
Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйрегне сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызда оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударып отырамыз.
Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерге көңіл бөлсек, баланың сабақ үстінде айтайын деген ойын анық жеткізе алмауы, яғни мәтінге байланысты мазмұнын айтуда бір деректі айтып бітпей жатып басқасына ауысып кетуі немесе керексіз сөзді орынсыз қолдануы (мысалы: жаңағы, сосын, яғни, сөйтіп, т.б.) сияқты ауызша сөйлеу тіліндегі қатерлерді көптеп кездестіреміз.
Байқалған кемшіліктерді ескере отырып оқушыны ойлауы мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерімізді оның тірі тіл неғүрлым түсінікті, жинақты, нақыт болғанын талап етіп, өз ойын дәл айтуын қадағалап отырамыз.
Баланың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез-келген тапсырманы берер кезде:

25
Біріншіден, оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескереміз. Себебі, «баланың түсінбей қалған сөзі топтастықтың бастамасы» деген нақыл сөз бар. Мысалы: калькуляторда бір сан қате болса, сол санмен орындалған есептеу нәтижесі де қате болып шығады.
Міне, тап осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге қате мағына немесе балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате түсінуі жиі кездеседі. (Мысалы: Ағашты аралау - сөздің кесу деген мағынаын, көшені аралау - жүру деген мағынамен шатастырады).
Екіншіден, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлеміз.
Үшіншіден, қандай да болсын берілген тапсырма бала бір қызығушылығын оятатындай деңгейде бөлу керектігін түсінеміз. Егер бала бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына тән білсем, білгенімді айтсам деген сөйлеуге деген талпынсты күшейте түседі де, сөйлеуге деген қажеттілік туады.
Логикалық мағынасын бүзбай мәтін қүрастыруды үйрету жолын қарастырамыз. Себебі, мәтінмен жұмыс бір жағынана, сөздің грамматикалық және лексикалық жақтарын талдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізі болып саналады.
Тіл дамыту сабақтарында (3 сынып) мәтінмен жұмыс кезінде мынадай тапсырмалардың пайдаланамыз.
1 -тапсырма.
Қате қүрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап қайта қүрастыру.
26
Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап таабды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға талсыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Сонан соң тышқан жжылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі жеті таныс ертегі беріліп отыр.
Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, осңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл.
2-тапсырма.
Аяқталмаған мәтінді, логикалық ойды бүзбайды жалғастырып айту. Мысалы: қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Мүраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады.
Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.
Өз ойынан ертегі қүрастырып айту. Ертегіне қалайбастап, немен аяқтар едің? -D П □ D.?
Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын қүс шыға келеді. Қүс адамша тіл қатады: -D D D D П...?
Ертегі қүрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. (шал мен кемпір, үш тілек, бәз-баяғы қалпына түсіру).
27
4-тапсырма.
Негізгі бәлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.
Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбеесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет