Диплом мазмұны кіріспе 3 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 4



бет9/10
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#169756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Алымдар, баждар, төлемдер

Салықтан басқа Қазақстан Республикасында Салық Кодексінде белгіленген және белгілі бір молшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары — алымдар, толемақылар, төлемдер және т.б.) іс-әрекет етеді.



Алымдар, баждар жоне төлемдер деп әдетте заңи жөне жеке түлғалардың мемлекетгік органдардың оларға корсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Бүл толемдердің со-масы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті үйымдарға не арнаулы қызметтер корсететін үйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу,қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгеддей олардың қара-мағына түседі.

Алымдар мен төлемдерді толеу көбінесе қаржы аспектілерін де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің, қызметтің белгілі бір халін біріктіруді ресімдеумен байланыстыларды да қоса, қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен толемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен толемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгіленген молшерлемелер бойынша есептеледі жөне тіркеуші органдарға тиісті қүжаттарды бергенге дейін толенеді.

Алымдарды толеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы олардың кобісін тиісті қызмет көрсетулерге кобінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет корсетуге кошіп отырган және қаралып отырған операциялар қар-жылықтан кәдуілгі тауар-ақша қатынастарына түрленіп отырған нарықтық қатынастар жағдайында бүл төлеушілердің фискалдық жөне тарифтік-бағалық сипатының үштасуы оте-моте өрістеді. Мүндай ақылы қызметтердің шеңбері олшем мен олшеуіш при-борларды тексергені жөне таңбалағаны үшін алымдарды, басқа бірқатарларын қамтиды.

Алымдардың сомасы, әдеттегідей, Үкімет белгілеген молшер­лемелер бойынша есептеп шығарылады. Бірқатар телемдер үшін есептеу ресурстардың (судың, ағаштың) колеміне немесе қызмет-ке қарай, басқа сан параметрлеріне қарай жүргізіледі. Осыған бай-ланысты алымдар мен толемдер салыну объектісінің базасы әр алуан, салық салуды есептеу үшін негізінен салық төлемдері мен әлеуметтік толеулерге арналған айлық есептік корсеткіштің есе-ленген мөлшері алынады.

Қаралып отырған толемдердің қатарында ресурстар үшін төле-мақылар бөлініп керсетіледі:

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін;

жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін;

орманды пайдаланғаны үшін;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін;

радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін;

Мысалы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем (жер са-лығына қарағаңца) оны уақытша пайдалануға берген кезде алына-ды (жер учаскелерін бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға беруді шығарып тастағанда).

Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж — бүған уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың зандық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін не (немесе) қүжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баж теленетін қызметтердің тізбесі тым кең және ол мыналардан: сотқа берілетін талап арыз-дардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шагым-дардан), апеляциялық шағымдардан, сондай-ақ сот қүжаттары-ның көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін; азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге бай-ланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін; шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды ша-қыруга құқық беретін қүжаттарды ресімдегені үшін;шетелдіктердің паспортына Қазақстан Республикасынан кету және келу құқығына виза бергені үшін; Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қалпына келтіру және оның азаматтығын тоқтату туралы қүжат-тарды ресімдегені үшін; түрғылықты жерін тіркегені үшін; аңшы-лық құқығына рүқсат бергені үшін; азаматтық қаруды тіркегені және қайта тіркегені үшін; бекітілген халықаралық шартқа сәй-кес Қазақстан Республикасында жасалган, ресми қүжаттарға Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін; жүргізуші куәлігін, көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмер белгілерін бергені үшін және т.с.с. үшін алынады. Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздык мөлшерлемелері қолданылады, олар айлық ссептік көрсеткіштерге қарай немесе қуыным сомасына пайызбен есептеледі. Баж немесе отініш бергенге дейін, іс-қимыл жасалғанға дейін, немесе бажбен төленетін қүжат берілген кезде төленеді.

Мемлекеттік баж нақты ақшамен, сондай-ақ төлеушінің банктегі (оның филиалындағы) шотынан аударым жасау арқылы толснеді. Мемлекеттік бажды телеу тәртібін Қаржы министрлігі бслгілейді.

Қазақстан Республикасының шекарасынан тысқары жерде жоне оның аумағында атқарылған іс-өрекеттері үшін консулдық алымдар алынады.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ксден заңнамасымен белгіленген кедендік төлемдвр алынады. Олар бойынша төлеушілер, есептеулердің, қайтарып берудің тәртібі, сон-дай-ақ жеңілдіктер кеден заңнамасымен анықталады. Кеден толемдерінің мөлшерлемелерін Үкімет белгілейді.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар-лар алып өткен кезде және кеден заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінің мынадай түрлері: кеден бажы, ксден ресімдеуі үшін, тауарларды сактау үшін, кедендік ілесіп алып жүру үшін кеден алымдары, кеден органдарының лицензия беру үшін алымы, кеден ресімдеуі женіндегі маманның біліктілік аттестатын беру үшін алым, алдын ала шешім үшін төлемақы толенеді.

Заңи жөне жеке түлғалардың алымдары, баждары және езге де телемдері бойынша толеушілердің жеке санаттарын да, соны-мен бірге белгілі бір іс-әрекет жасалған кезде де әр алуан жсңілдіктер белгіленген. Жеңілдіктер бүл толемдерді толеуден ішінара немесе толық босату түріңде белгіленеді.

11. Арнаулы салық режімдері



Арнаулы салық режімі —салық толеушілердің жекелеген са-наттары — шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи түлгалар-ауыл шаруашылығы онімдерін ондірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін жоне салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен толеудің, сондай-ақ ол бойынша салык есептемесін берудің оңай-латылган тортібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айы-рысудың ерекше тәртібі.

Арнаулы салық режімі шагын бизнес субъектілері үшін төлем козінен үсталатын салықтарды қоспаганда, өлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен телеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Басқа салықтарды, міндетті төлемдерді есептеу, толеу және салық есептемесін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Шағын биз­нес субъектілеріне арналған салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі 02-17 біржолгы талон, патент, оңайлатылган маглүмдама негізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің әрқайсысы үшін оларды қолдану-дың шарттары ескеріледі: қызметтің ара-тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты, табыс мелшері, қызметтің жүзеге асы-рылатын түрлерінің саны, жалдамалы қызметкерлерді пайдалану және т.б.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімі қызметтің бірқатар түрлеріне, атап айтқанда: акцизделетін өнімді өндіретін, консультациялық, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсететін, мүнай өнімдерін өткізетін, шыны ыдыстарын жинайтын және қабылдайтын, жер қойнауын пайдаланатын, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.

Ара-түра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті (жылына бәрін жи-нақтаганда тоқсан күннен аспайтын қызмет) жүргізген кезде са-лықтық есеп-қисаптарға арналған біржолгы талон арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен үсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салыгы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын қүжат пайдаланыла-ды.

Салықты оңайлатылган маглумдама негізінде есептеуді шагын бизнес субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес жүргізеді; са-лықты бюджетке төлеу бірдей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

Патент бойынша (мәлімделген кірістің белгіленген мөлшерлемесі мөлшерінде) сапықты есептеу кезінде төлеу де бірдей үлеспен жүргізіледі.

Жеке косіпкерлерге арналған арнаулы салық режімі патент негізінде ресімделеді. Патент негізіндегі арнаулы салық режімін мынадай шарттарға сай келетін: 1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын; 3) жыл ішіндегі табысы 1,5 миллион теңгеден аспайтын жеке көсіпкерлер қолданады.

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналган арндулы салықрежімі бірыңгай жер салыгын төлеу негізінде жүзеге асырылады, бүл салық ауыл шаруашылығы онімін өндіру, үстату және откізу бойынша қызметтен алынатын жеке табыс салығын, ҚҚС, жер салығын, көлік қүралдарына жөне мүлікке салынатын салықты кіріктіреді. Бірыңғай жер салығының салу объектісі жер учаскесінің багалау қуны болып табылады, салық осы қүнға 0,1 пайыз бойынша есептеледі.

Бірыңғай жер салығының төлеушілері қызметтің басқа түрлерінің көзінде салынатын жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарын толеуден босатылмайды.

Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде:

1) ағымдағы толем ағымдагы салық кезеңінің 20-қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде толенеді;

2) бірыңғай жер салыгы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20-наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде (салық жоніндегі мағлүмдама есепке алына отырып) жүргізіледі.

Заңи тулга-ауыл шаруашылыгы өнімдерін өндірушілерге арналган арнаулы салык, рвжімі жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашы­лыгы онімін өндіру, озі ондірген осы онімді үқсату және откізу жоніндегі, толық циклді (толді осіруден бастап) мал шаруашылығы мен қүс шаруашылығының (соның ішінде асыл түқымды), ара ша-руашылығының ауыл шаруашылығы өнімін ондіру жоніндегі, сон-дай-ақ өндірген осы өнімді үқсату және өткізу жоніндегі қызметіне қолданылады. Бүл салық режімі қүнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, меншік, жерді түрақты пайдалану немесе бастапқы отеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде толейтін жер салығы, уақытша отеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін толейтін ақы, мүлікке және колік қүралдарына салынатын салық енгізетін патент негізінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге па­тент қүнын есептеу кезінде бюджетке теленуге тиісті салық сомасы 80 пайызға азайтылады. Патент қүны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке толеу 20-ма-мьфдан және 20-қазаннан кешіктірілмей, салық патент қүны есебінде көрсетілген және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларының тиісінше 1/6 және 1/2 молшерінде және патент қүны есебіне енгізілген салық бойынша берілген қайта есептеулерді ескере оты­рып, патент қүнының қалган болігі мөлшерінде келесі салық кезеңінің 20-наурызында жүргізіледі. Салық толеушілер басқа міндетті толемдер бойынша мағлүмдама тапсырады.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнау­лы салық режімі ойын бизнес!, боулинг (кегельбан), картинг, би­льярд, лото ойындары саласында қызмет корсететін заңи және жеке кәсіпкерлерге (соның шетелдік заңи және жеке түлғаларга) қолданылады.

Қызметтің аталған түрлерінің субъектілері бюджетпен тіркелген жиынтық салық, өлеуметтік салық, төлем көзінен салынатын жеке табыс салығы негізінде есеп айырысады. Корпорациялық (жеке) табыс салығы тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30 пайызын, қосылған құнға салынатын салық — 70 пайызын қүрайды. Қалған салықтар мен басқа міндетті төлемдер (акциздерді қоса) жалпы белгіленген тәртіппен төленеді. Тіркелген жиынтық салықтың ба-залық ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі салық салудың әрбір объектісі бойынша (ойын үстелі, ойын автоматы, тотализатор кассасы жөне т.б) белгілейді.

Арнаулы салық режімдерімен бірге салық төлеушілердіц жеке-леген санаттарына салық салу ерекшеліктері қарастырылған. Осын-дай ерекшеліктердің бірі арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жузеге асыратын уйымдарга салық салу болып табылады.

Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) арнаулы экономикалық аймақтардың аумағындагы салық органдарына тіркеу есебінде түратын;

2) арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде қүрылымдық бөлімшелері жоқ;

3) арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнау­лы экономикалық аймақтарды қүру мақсаттарына сөйкес кслетін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру:

бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және ап-параттық қүралдарды жобалау, өзірлеу, енгізу жоне олардың тәжірибелік өндірісі мен ондірісі;

және (немесе) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;

және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында жобалар-ды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жүмыстарды жүргізу нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын қүрайтын заңи түлгалар Салық кодексінің мақсаттары үшін арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын үйымдар деп танылады.

Көрсетілген қызмет түрлері бойынша жүмыстар мен қызмет-тер көрсетудің нақты түрлерінің тізбесін Қазақстан Республика-сының Үкіметі айқындайды.

Алынған (алынуға жататын) табыстарды жоғарыда корсетілген қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қүрылған атқарушы орган-ның тиісті онеркәсіп саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жене нысанда уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып берген растауы негізінде жүзеге асыры-лады.

1. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын үйымдардың салықтарды есептеуі козделген ерекшеліктерді ескере отырып, Кодексте белгіленген тортіппен жүргізіледі.

2. Бюджетке толенуге тиісті корпорациялық табыс салығы-ның сомасын айқындау кезінде корпорациялық табыс салығының Кодекстің 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 50 пайызға азай-тылады. Кезделген салық сомасын кеміту айқындалатын корпо-рациялық табыс салығы бойынша аванстық толемдер сомаларын ссептеу кезінде де қолданылады.

3. Корпорациялық табыс салығын толеу және аванстық толемдерді енгізу белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында орна-ласқан және жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру ксзінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:

1) жер салыгын есептеу кезінде тиісті молшерлемелерге 0 коэффициент!;

2) мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа қүнына 0 пайыздық молшерлеме қолданылады.

Жоғарыда аталған қызмет корсетулерді іске асыру жоніндегі айналымдар қосылған қүн салығынан босатылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет