1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Бөрібаева Сафура Болатовна
Қазақ тілінде
дипломатиялық және мемлекеттік
құжаттарды рәсімдеу
Халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне
арналған оқу құралы
Алматы 2011 жыл
2
Пікір жазғандар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Н.Мақашева
Абай атындағы ҚазҰПУ
филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Қосымова
ҚР
ҰҚК Академиясы
филология ғылымдарының докторы, доцент С.Б.Қоянбекова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты
Бөрібаева Сафура Болатовна
Қазақ тілінде
дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу
Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2011. –321бет.
Оқу құралы жоғары оқу орындары халықаралық
қатынастар факультетінің
қазақ және орыс тілді аудиторияларында халықаралық құжат үлгілерін,
сонымен қатар қазіргі таңда қоғамда өзектілік танытып отырған аса маңызды
мәселелердің бірі – дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды қазақ тілінде
рәсімдеуді теориялық және практикалық тұрғыдан жетік меңгертуге арналған.
Оқу құралын аталған факультеттің студенттері мен магистранттары және
оқытушылары мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын дамыту мәселелерінде
кеңінен жүйелі қолдана алады.