Жұмыстың ахуалын бағалау әйелдерді қорғаудың халықаралық құқықтық жағдайлары туралы еліміздегі ғалымдарымыз бұл мәселені көпшілік жағдайда жалпы азаматтардың құқықтарымен біріктіріп қарастырған.Тікелей әйелдерді қорғау туралы жалпы әдебиеттер әлі жазылмаған.Тек қана әйел құқықтары туралы тікелей нормативтік акт,яғни 17.12.1998 жылы Неке және отбасы туралы заң., 8.12.2009 жылы шыққан Қазақстан республикасының заңы " Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы.31.03.1953 қабылданған Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция. Жақында 25.11.2011 жылы Неке және отбасы туралы заң жобасы Қазақстан Республикасының Пармаментімен қабылданды.Осы заң жобалары жаңа ғылыми ізденістер әкеледі деген үміт бар.
Мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау, тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.
Мемлекеттік билікті атқарушы органдар соның ішінде, құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т.б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары, соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойынша бір-біріне ұқсас, оларды бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |