Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


-ТАРАУ. ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет9/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Дип әйел құқ

2-ТАРАУ. ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Неке-отбасы заңдарының әйел адамдардың құқығын қорғаудағы өзіндік құқықтық мінездемесі
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында: «Қоғамның өркениеттілік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деген болатын. Осы сөз бүгінгі атқарылып жатырған іс-шаралардың маңыздылығын көрсетеді. Гендерлік саясат - отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Гендерлік саясат біздің елге қажеті жоқ деген пікірлерде айтылып жүр. Гендерлік теңдік жолын ұстанған әйелдердің мұраты тек қана билікке қол жеткізу деген көзқарас қалыптасқан. Әйелге саясатқа араласу тек татулық пен келісімге қол жеткізу, балаларын соғыс құрбаны етпеу, жетімдер мен жесірлер санын көбейтпеу, жер бетіндегі халықтың бейбіт өмір сүруі үшін қажет деп түсінген абзал.
Ежелгі заманнан қалыптасқан ер адам-асыраушы, қорғаушы, әйел адам-отбасының ұйытқысы, өмірге адам әкелуші және сақтаушы. Гендер туралы айтқанда біздің қоғам мұны тек әйелдер мәселесі деп қабылдайды да, олардың қоғамдағы, саясаттағы өміріне көп мән береді. Бұл тұста ерлер мәселесі тасада қалып қояды. Негізіне бұл салада әйел мен еркектің қарым-қатынасы бірге қаралуы қажет деп есептеледі. Әйелдерге күш көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, ажырасу бойынша олардың құқығын қорғау қажет. Кейбір жағдайда отбасында өрбіген ұрыс-жанжалдың салдарынан таяқ жеген немесе рухани жағынан қорлық көрген әйел отбасы шырқын бұзбау үшін көрші-қолаңға, ағайын-туыс арасында әшкере болмасын деп ешкімге айтпайды. Үйлесімді қоғам құру үшін үйлесімді отбасын қолдасақ қана мақсатымызға жетуге болады. Отбасымызда бақытты болсақ, сонда қоғам да бақытты болады. Біздің заманымызда қазіргі уақытта қолға алынбай отырған бір нәрсе-отбасын құратын азаматтарды сол өмірге дайындау, яғни жастарды отбасын құруға дайындау керек. Өйткені жастарымыз ұлан-асыр той жасап қосылғанмен, 3-4 айдан кейін айырлысып жататыны бар. Егер үйлесімділік болып тұрса, осындай мәселелер қоғамда орын алмас деп айта кетті.
конецформыначалоформыНеке-отбасы заңдарының негіздері әйел адамдардың құқығын тікелей қорғау жүргізеді деп айтса артық айтқан болмас еді.
конецформыначалоформыНеке және отбасы ер мен әйелдің еріктілігі, олардың арасындағы тең құқықтылық, отбасы ісіне бөгде біреудің араласуына жол бермей, мәселені өзара келісіммен шеше отырып, бала тәрбиесіне басымдық беру және отбасы мүшелерін салауатты тұрмыc салтына ынталандыру сияқты басты қағидаларға негізделеді[29].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы және осы Заңның отбасылық құқық нормалары қамтылыған өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Осы аталған заңмен некеге тұру мен оны тоқтатудың, отбасы мүшелерінің, заңда көзделген жағдайлардла олардың туыстарының арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша - сот, Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік мекемелер немесе қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.
Осы заңда қолданылатын ұғымдар:
1) неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;
2) жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;
3) отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбаыс қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
4) неке жасы- адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;
5) балалық шақ-кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;
6) мүліктік шарттық режимі-ерлі зайыптылардың және осы некеден туған балалаларының нек шартымен белгіленген режимі;
7) суррогат ана шарты-балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
8) патронат—уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбелеуге тілек білдірген адаманың (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;
9) алименттер - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
10) отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе айрылысқандағы жағдай, балаларының не басқа да отбасы мүшелерінің болу немесе болмауы;
11) материалдық жағдай-жалақының немесе зейнетақының, басқа да табыстардың болуы не болмауы, олардың мөлшері, мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінің көмек алу, не алмауы;
12) азаматтық хал актілері-адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын ресми мән-жайлар;
13) жақын туыстары – ата - аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір не ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апа-сіңілілер, (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
14) қорғаншы (қамқоршы)- қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
15) қорғаншылық пен қамқоршылық-кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі)деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерінқорғаудың құқықтық нысаны;
16) репродукциялық денсаулық-адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;
17) суррогат ана-суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру оны көтеру және күту[30].
Жоғарыда аталған ұғымдардың бірі - азаматтық хал актілері. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.
Қазiргi заман жастары үшiн неке, ең алдымен, қаржылай тәуелсiздiктi талап ететiн саналы қадам” - деген кері түсiнiктерi басым.
Адамзат үшін өмірдің мәні отбасын құрып, ерлі-зайыптылық ғұмыр кешуі, ұрпақ жалғастыру екендігі белгілі.
Отбасы- шағын мемлекет. Оның әлеуметтік жағдайы, өзіндік саясаты болуы тиіс.
Заңда белгіленген тәртіппен ер мен әйелдің ерікті және толық келісімімен құрылған тең құқықты одақ болып саналатын отбасы осалдықты сүймейді.
Екі адам отбасын құра отырып бір-біріне қатысты бірдей міндеттемелер жүктелетіндігін естен шығармауы тиіс.
Дейтұрғанмен, әйел үйдің берекесі, ұрпақ жалғастырушы деп жанұяның барлық жауапкершілігі анаға жүктелетіндігі белгілі. Ал, қазақи болмысымызда сай отағасының биік тұруы жанұяның беріктігіне, нығаюына зор ықпалы болатындығы өмірлік тәжірибемен дәлелденген. Осы орайда, тең конституциялық құқығымызды сақтай отырып отағасы мен отанасы отбасының беріктігін сақтауда бірдей әрекеттер жасауы тиіс.
АХАЖ органдары Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, сондай-ақ, Конституциядан бастау алатын азаматтық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу саласындағы бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қолдана отырып жеті түрлі акт жазуларын тіркеумен айналысады[31].
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, облыс көлемінде жылына 5000-ға жуық жұп некесін заңдастырады. 2000- жылдан сараптасақ, бұл көрсеткіштің 40-50 пайызға өсуі байқалады.
Сонымен қатар, дәл осындай өсу көрсеткішімен қазіргі таңда АХАЖ органдарында жылына 16000 - ға жуық туу тіркеліп отыр.
Әрбір Қазақстандық баланың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуде халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес жасалған негізгі нормативтік құқықтық актілердің бірі 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң болып табылады [32]. Аталмыш заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың бойында ұлттық сана - сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйене отырып, баланың ҚР-ның Конституциясында кепілдік негізгі - құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
2003 жылдан бастап, перзенттiң дүниеге келуiне байланысты бiржолғы жәрдемақы төленiп келедi. Ел басшысының балаларға деген мұндай қамқорлығы, еліміздің болашағын ойлап, ертеңіне алаңдаушылығын білдіреді.
Халықаралық Конвенция бойынша дүниеге келген әрбір сәби жер бетінің-туған елінің азаматы болып танылады. Ал, оның азаматтығы оны құжаттандырудан басталады.
Одан әрі АХАЖ қызметкерлері қолданыстағы заңда белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, баланың тууын тіркеп, қажет болған жағдайда ата-аналарға баланың атын қойып, тегін таңдауда да бағыт-бағдар береді.
Алдын ала жоспарлау немесе бағдарламаға негізделмейтін халықтың табиғи қозғалысына тұрғындардың тұрмыстық және әлеуметтік материалдық жағдайы да әсер ететіндігін айта кеткен жөн.
Неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
Бұл қазіргі таңда да өзекті мәселелердің бірі және маңыздысы болып қала беретіндігін Елбасы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауларында атап өткен болатын.
Президент Жолдауының балаларға арналған тарауларының бір мәні әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту арқылы халық санын көбейту. Біз заманына лайықты болашақ ұрпақ өсіру үшін ең алдымен ана мен балаға деген қамқорлықты дамыта, өркендете беруге тиіспіз.
Осы ретте отбасы туралы айтсақ, қазіргі таңда қоғамды қобалжытатын мәселе - азаматтық неке. Жалпы ерлі зайыптылар үшін мұның ешқандай ауытрпалығы жоқ көрінгенімен, келешек ұрпаққа, оның тәрбиесіне орасан нұқсан тигізуі ықтимал. Біз отбасын құрғанда, болашақты мақсат етіп, перзент сүюді негізге алып, талпынуымыз қажет.
Бабаларымыз ақ неке деп ардақтаған игi қадамның адам өмiрiндегi ұлы өзгерiс екендігін ешкiм жоққа шығара алмайды. Адамзат баласына бұйыртқан ең үлкен сыйының бiрi де – ер мен әйелдiң бiрiн-бiрi сүйiп, шаңырақ көтеру бақытына ие болуы екенi даусыз.
Бабаларымыз бiрiнен-соң бiрi шауып, тыным бермеген жауларымен айқасып, үнемi ат үстiнде шарт түйiнiп жүрген халықтың небiр зұлматты басынан өткерсе де ұрпағы үзiлмей, осынау ұлан-ғайыр жердi аман сақтап қалу үшін, “он үште отау иесi” деп, халықтық тәрбиенiң тигiзгер шарапатын естен шығарамған.
2020 жылға дейiн 20 миллионға жетемiз деп мақсат етiп отырған елiмiздiң ертеңiне ертеден-ақ алаңдаушылық білдіргендігін аңғаруға болады.
Қоғамымызда ер мен әйелдiң қосақталып өмiр сүруiнiң тағы да бiр көрінісі белең алды? Ол – “азаматтық” неке”, толыққанды отбасын құрып, балалы-шағалы болуды мәре санамайтындардың оң жамбасына оңтайлы келген өмiр салты. “Азаматтық неке” деген өз iшiмiзден шықпаған, Батыстан «бағытталған көрініс» екенiн айта кету керек.
Атап өткендей, Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ.
Белгілі бір себептермен некесін заңдастыра алмай жүрген аналар дүниеге келген сәбиіне тууы туралы куәлікті уақытша өз тегіне жаздыруға немесе АХАЖ органдарына жүгіне отырып, бірлесіп берген өтініштерінің негізінде әкесінің тегімен не ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, атасының,әкесінің атымен жаздыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген. Бұл азаматтар құжаттарын реттегеннен кейін одан әрі некесін заңдастыру үшін маман кеңестерін алып, отбасын құру ниеттерін білдіреді[33].
Ал бiз сөз қылып отырған “азаматтық неке” – дiни некенi де мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады.
Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Қазақтың бiр-бiрiн сүйген жасы тек ақ некенiң үстiнде қосылған. “Ырыс қайда барасың, ынтымаққа барамын” демекшi, болмашы нәрсеге кикiлжiң туғызып, бiр-бiрiмен жiк-жапар боп бет жыртысу да қазақ отбасына жат болуы тиiс.
Батыс қоғамындағы жанұялардың жырым-жырым болатындығының бiр ғана себебi бар. Олар да әйел мен еркектiң отбасындағы өз орны, белгiленген мiндеттерi жоқ. Бiр-бiрiне кiнәрат тағып, ту-талақай болып жататындары да содан. Сондықтан, олар отбасылық өмiрге шошына қарап, қолындағы бақты айдаладан iздеп шарқ ұрады. Ал шығыс халықтарының басым бөлiгiнде мұндай бетсiздiкке жол берiлмейдi.
Қыз Жiбек” фильмiндегі әлi некесi қиыла қоймаған Төлеген мен Жiбектiң ортасына жеңгелерiнiң белдiк қоятын әдемi салт Төлегеннiң төзiмдiлiгiне сын, Жiбектiң аппақ арына қорған болған сол белдiк арқылы халқымыздың ақ некенi аттамауды талап еткен тәрбиесiн тануға болады.
Отбасылық өмiрдiң басты бақыты–ұрпақ тәрбиелеу екенiн қаперден шығармауымыз қажет. Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек үнемі қажет.
Бұндай жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен маңызға ие болып есептеледі, ейткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезівде бұл некенің басқа мемлекетге, оның ішінде некелескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шарт болып табылады.
80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек керсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.
Материалдық шарттар жағдайын да құкықтық көмек керсету шарттары камтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құкықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп керсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматынын шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені тоқтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен. Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.
Консулдық некелержөніне келер болсақ, біздің заңнама Қазақстан Республикасынын аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық екідціктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды. Шет ел азаматтарының арасында Қазақстан Республикасының аумағында елшіліктер мен екілдіктерде жасалатын некелер екі жақты танудың негізінде ғана жарамды болып танылады.
Ол үшін елшілік жіберіп жатқан елдің Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі болуы кажет. Бұған қоса мұндай некелердін жарамдылығына тағы бірқатар талаптар койылады: а) екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай консулдықтардағы некенің танылуы; ә) некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы.
Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық ковенциялар өз мемлекетінің азаматының некесін консулға тіркеуге рұксат етеді. Мұндай консулдық конвенциялардың көпшілігінде консул сол келуші мемлекеттін заңына сәйкес некені тіркеуі тиіс деп корсетілген. Тек кейбір консулдық конвенцияларда ғана консул некені өзінін келген мемлекетінің заңнамасына карсы болмаса, өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуіне болады деп керсетілген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некені тек өзі келген мемлекеттің заңнамасына кайшы болмаған жағдайда ғана оз мемлекетінін заңы бойынша тіркеуі тиіс болып табылады.
Консулдық конвенцияларда осындай некенін тіркелгендігі туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау кажеттігі туралы жазба жасалуы мүмкін[34].
Қазақстан Республикасы азаматтарынын шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен біздің аумақта да, сонымен катар, басқа мемлекет аумағында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттің зандарынын талаптарымен койылған неке нысанына сәйкес болуы шарт. Тиісті мемлекеттің муниципалитетінде, мэриясында немесе баска да органдарында және діни әдеп - ғұрыптарды сактай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейіннен, біздін мемлекетте танылуы мүмкін бе дегенсұрақтуады. Біздің заңнама бұл орайда накты жауапты беріп отыр.
Басқаша айтканда, мұндай неке занды болып танылуы үшін біздің мемлекеттің некелесу бойынша заңынын материалдық нормалары бұзылмауы тиіс болып табылады. Бұл айтылғаннын мазмұнын ашатын болсак, біздің мемлекеттің азаматтығында тұрған азаматтың некесі жарамды болуы үшін ол біздің заннаманың коятын материалдық шарттарын сактауы керек. Шетелдікке катысты айтар болсак, казақстандық азаматпен некеге тұру үшін оған біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, ойткені, ол неке біздін мемлекеттің аумағында емес, баска мемлекеттің аумағында жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенін жасалған орнының заны колданылуға жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсак, оның жарамды деп танылуының негіздері басқа да болып калуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер болсақ, 1937 жылы Л. деген азамат Тегеранда ирандық калындық Амалиямен некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Православиелік шіркеуінде жасалады, өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жаткан Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л., қайтыс болып кеткеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотка талап арызын береді. Сот талап қоюшының пайдасына істі шешеді.
Егер Қазақстан Республикасының азаматы мен шетел азаматының некесін тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде біздің азаматтың шетел азаматымен некелесуге құкығын танитын кағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттердегі елшілігі бере алады.
Сонымен қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, консудцық конвенцияларда консулдың мемлекетінің азаматы некеге тұрғандығын тіркеп тұру міндеті көрсетіледі. Мысалы, кейбір мемлекеттердің консулдық жарғылары мұндай міндетті тікелей көрсетуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы Кенес мемлекетінің заңнамасында бұл тікелей көзделген болатын.
Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некені бекіту. Қазақстан Республикасының шегінентыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы некетиісті мемлекеттегі Казақстан Республикасының елшіліктерінде жүзеге асырылады. Некені тіркеу азаматтық хал-жағдайының бірден-бір актісі болып есептеледі. Казақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде толығымен біздің мемлекеттің зандары басшылықка алынуы тиіс, өйткені екі азамат та біздің республика азаматы болып табылады.
Консулдық мұндай некелерді бекіту құқығы біздің заңнама бойынша анықталады. Олар: а) біздің елшілікте немесе өкілдіктерде тіркелген неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені тіркеумен бірдей күште танылады; ә) некені консул тіркеген кезде ол біздің заңнаманың бекітетін материалдық талаптарын сақтауға міндетті[35].
Мұндай некені келуші мемлекетте (страна пребывания) тану ол мемлекеттің материалдық нормаларының сакталуына тікелей байланысты.
Шет елде жасалган шет елдіктердің некесін Қазақстан Республикасында тану. Осы уакытка дейін біздің азаматтардың шетелде жасаған некелері туралы, яғни аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Біздің мемлекеттің аумағынан тыс, шетелдіктердің жасалған некелері туралы айтар болсак, олар біздің мемлекетте танылады. Сонымен, шетедцерде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттің талаптарын сактайтын болса, олар занды болып табылады. Сәйкесінше, егер шетелдіктердін арасындагы неке солардың жеке зандарының талаптарын жэне некеге отыру жерінің талаптарын сактай отырып жасайтын болса, ол біздің республикада да сөзсіз танылады. Бұл аталғанымыз біздің мемлекетіміздің жария тәртіп туралы ескертпесімен каншалықты дәрежеде шектелуі мүмкін?
Бұл сұраққа да біздінң «Неке және отбасы туралы заң» жауап береді. Оған сәйкес, егер жасалған неке біздің Қазакстан Республикасының негізгі кұрылысына кайшы болатын болса, онда шетелде шетелдіктердің арасында неке танылмауы мүмкін. Осы ережеге сәйкес, жекелеген жағдайларда сауал туып отырады: шет елдердің заң талаптарын сактай отырып жасалған полигамдық неке біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе? Біздіңше, мұндай неке біздің мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бірақ мұндай некенін болуы, кез келген басқа некенің болуы сияқты Қазақстан Республикасында некені жасауға кедергі болып табылады.
Некені жарамсыз деп тану, Қазақстан Республикасында шетелдік пен біздің азамат арасында жасалған неке біздің заңнама ережелеріне сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің жасалу орны үлкен маңызға ие болып табылады. Кейбір жағдайларда фиктивті некелер де кездесіп қалады. Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып өту максатында жасалады. Мысалы, Қазақстан Республикасы на кіру-шығу ережелерін айналып өту мақсатында.
Ерлі - зайыптылар арасындағы құқықтық қатынас жайын бойынша талқылау. ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» Заңының 29-бабына сәйкес ерлі - зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін тандау құқығы, кызметтүрін, мамандығын, тұрғылықты жерді тандау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірігіп шешу құқығы[31].
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заннамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсыда жеке құкықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.
Қазақстан Республикасының  аумағында  тұратын ерлі- зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке катынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тендік ерлі-зайыптылардың арасындағы көптеген қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап калуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен кызмет аясын тандауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік катынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ меншікте үлесін сактайды және т. б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардын өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік күйеу отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздің кұқықка сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді тандауда да ерікті болып табылады. Сонымен катар, ерлі-зайыптылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып калатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып жүрген занда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заннамалар бойынша текті тандаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардын кай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін калдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек тандауға құкылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін[36].
Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) тандайды. Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұксат етеді.
Қызмет пен мамандықты еркін тандау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық тандау, сол тандап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінін шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, кызмет пен мамандық тандау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын кұруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді тандау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтын өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды  және бірінің  басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі-зайыптылардын ешқайсысы да өзінін еркін, екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір меселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін занда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек тандауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдары шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктеу және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Кұқықтық катынастардың бірінші түрі Заңның, «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормаларымен реттеледі.
Қорыта айтқанда, отбасы мәселесі бір күнде шешіле салмайтын, ұдайы ұмтылыспен жүзеге асатын үлкен сын. Біз осы сыннан сүрінбеуге, өзгелерге өнеге сіңіруге міндеттіміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет