Дипломдық ЖҰмыс 5B070200 «Автоматтандыру жəне басқару» мамандығы Алматы 2022


Автоматты басқару жүйесінің классификациясы



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата17.02.2024
өлшемі3.32 Mb.
#492260
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ДР ТАУ

1.3 Автоматты басқару жүйесінің классификациясы 
 
Барлық технологиялық объектілер басқарушы құрылғысымен бірге қайсы 
бір автоматты жүйені құрайды, ал ол өз кезегінде автоматты басқару теориясы 
заңдарымен талданып синтезделеді. 
Автоматты басқару жəне реттеу теориясы — автоматты реттеу жүйесін 
талдау,синтездеу тəсілдерін жəне құру принциптерін зерттейтін ғылым. 
Автоматты басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен обьектінің 
математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл есепті экспериментті жəне 
аналитикалық жолдармен шешуге болады. 
Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сəйкес əсер ететін кез-келген 
техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады. 
Бір-бірімен байланысты жəне басқару алгоритміне сəйкес өзара 
əрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару 
обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады. Жұмыс 
барысында автоматты басқару жүйесіне əртүрлі ішкі жəне сыртқы əсерлер 
ықпал жасайды.Автоматты жүйенің бір белігінен келесі белігіне технологиялық 
процестің бірталыпты өтуін қамтамасыз ететін əрекеттің тізбекті желісін 
құрайтын əсерді ішкі əсер деп атайды. Оларды басқарушы əсер дейді. Ал 
сыртқы əсер екіге белінеді. Технологиялық процестің тиянақты етуіне қажет 


13 
бірінші əсер қызмет алгоритміне сəйкес жүйе кіреберісіне беріледі де, 
тапсырыстық əсер деп аталады. Ал, екінші əсер жүйеге немесе басқару 
объектісіне сыртқы ортадан беріледі. Ол жүйе жұмысында алдын ала еске 
алынбайды да, кездейсоқ сипатта болып, деп атайды. 
Технологиялық процестің дұрыс етуіне сəйкес басқарылатын шаманың 
берілген уақыт аралығында ұстап отыруға керекті мəнін алдын ала берілген мəн 
деп, ал фактілі, яғни процестің елшенген мəнін нақты (қазіргі) деп атайды. 
Реттелетін шаманың алдын ала жоспарланған жəне нақты мəндерінің 
арасындағы айырмасын келісілмеген (айырымдық) шама дейді. 
Сол себепті ендірістік жабдықтарды (басқару объектісін) басқарып отыру 
қажет, яғни басқарылатын шама қоздырушы əсердің ықпалына берілген ереже 
(программа) бойынша өзгеретіндей дел есеппен баскарушы əсерді 
қалыптастыру керек. 
Басқару жүйесінің құрылымдық график бойынша кескіндеуді 
құрылымдық схема дейді. Құрылымдық схемасындағы бөліктері арасындағы 
берілетін əсердің ағыты мен жолын көрсететін қарапайым құрамдас бөлігін 
құрылымдық схеманың байланысы деп атайды. 
Жүйедегі сигналдардың түрлеріне сəйкес автоматты басқару жүйелерін 
үзіліссіз жəне дискретті деп ажыратылады. 
Егер басқарылатын шама орнықты режимде сыртқы қобалжыту əсеріне 
тəуелді болса, онда автоматты басқару жүйесі статикалық деп аталады, ал 
тəуелді болмаса астатикалық деп аталады. 
Статикалық 
сипаттамалардың 
сипатына 
сəйкес 
немесе 
жүйе 
элементтеріне өрнектейтін инфференциалдық теңдеудің түріне қарай жүйелерді 
сызықты жəне бейсызықты деп бөледі.Сызықты жүйелердегі барлық 
элементтер сызықты алгебралық жəне дифференциалдық теңдеулермен 
жазылады.Егер жүйедегі ең болғанда бір элементтің кіреберістік жəне 
шығыстық сигналдарының арасында бейсызықты тəуелділік болса, онда ол 
жүйе бейсызықты , мұндай жүйелердің сипаттамаларын сызықты сипаттамалар 
арқылы жуықтауға болмайды. 
Жүйенің орнықталағы деп оның тепе-теңдік күйінен ауытқуына себеп 
болған əсерді алып тастағаннан кейін, бастапқы орнықтылық қалпына оралу 
қабілеттілігін айтады. Орнықтылыққа зерттеу бойынша бірнеше əдістері бар. 
Олар Гурвиц критерийі, Михайлов критерийі жəне Найквитс критерийі[2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет