2 Зepттeу матepиалдаpы мeн әдіcтepі
2.1 Зерттеу объектілері мен материалдары
Зерттеу
жұмысының
объектісі ретінде
коллекциялық
(CCMKazNU) Anabaena sp. Z-1, Anabaena variabilis R-I-5, Nostoc calsicola
RI-3 алынды. Зepттeу мaтepиaлы 1-2 м тереңдіктен 3-5 нүктеден алынды, содан
жалпы сынама шығарылды. Сынама 13 caғaт apaлығында арнайы салқындатқыш
сөмкеда (НПФ-Медтехника, РФ) +6° - +8°C тeмпepaтуpaда тacымaлдaнды және
+4° - +6°С сақталынды.
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және
биотехнология факультеті биотехнология кафедрасының «Микробиология»
зертханасында жүргізілді. Заррука, BG-11, №6, Аллен, қоректік орталары
қолданылынды.
Заррук қоректік ортасы – спирулина сияқты жішелі цианобактерия түрлерін
өсірудің негізгі стандартты ортасы болып табылады.
BG-11 ортасы - цианобактериялардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерде
негізгі орта болып табылады. Ол негізінен тұщы су ағзалары немесе жоғары
иондық күшті қажет етпейтін теңіз ағзалары үшін қолданылады. Оны топырақтан
шыққан кейбір организмдер үшін де қолдануға болады. Бұл ортаның
туындыларына азот жетіспеушілігімен өсіру үшін қолданылатын BG-11(N -)
кіреді, мұндай жағдайлар цианобактерияларда PHA жиналуына тән. Фосфатпен
шектелген орта, BG-11(P -) цианобактерияларда PHA жиналуына байланысты
зерттеулерде қолданылды.
Аллен қоректік ортасы – цианобактерияларды дақылауға арналған
универсалды қоректік орта болып табылады.
Дақылдау жұмыстары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде,
Биотехнология лабораториясында арнайы дақылдау камераларында жүргізілді.
Дақылдау камерасының температурасы 25ºС болды. Жарық 12 сағат қараңғы және
12 сағат жарық режимі бойынша берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |