29
өлшенген және сол температурада кептірілген фарфорлы табақшалар
қолданылды. Жасушаларды буландырып, кептіргеннен кейін ыдыстар
аналитикалық таразыларда қайта өлшеніп, салмағының айырмашылығына
байланысты жалпы құрғақ салмақ анықталынды.
Екінші кезеңде құрғатылған ыдыс дистилденген сумен толтырылды. Толық
араласып, ерігеннен кейін тұз ерітінділерімен араластырып, ерімеген қалдығымен
қоса өлшегіш пробиркаларға құйылды да, бірінші кезеңдегі сынаманың көлеміне
дейін дистилденген сумен толтырылып, цианобактериялардың штамдары
центрифуганың көмегімен (5810R, Eppendorf) 5,000-10,000 айн/мин жылдамдықта
бөлініп алынды. Центрифугалаудан соң ерітіндіні тұңбадан бөліп алып, жалпы
құрғақ салмақты анықтау кезіндегі әдіспен зерттелінген үлгідегі тұздың құрғақ
салмағы анықталынды. Үлгі мен тұздардың құрғақ салмағы арасындағы
айырмашылық арқылы жасушалардың құрғақ биомассасы анықталынды [84].
Содан соң, құрғақ биомасса лабораториялық таразыда өлшенді.
Достарыңызбен бөлісу: