Дипломдық жұмыс. Кенесары – қолбасшы, дипломат м а з



бет1/9
Дата19.12.2023
өлшемі130.03 Kb.
#486874
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Диплом Кенесары


Дипломдық жұмыс. Кенесары – қолбасшы, дипломат
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………..

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – САЯСАТШЫ

1.1. Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметі………………………………………………
1.2. Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттерімен шеберлігі……………………………………………………………………………….._.__КЕНЕСАРЫ_ҚАСЫМҰЛЫ_–_ҚОЛБАСШЫ'>…………………………………………………………………………………...

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – ҚОЛБАСШЫ

2.1. Кенесары Қасымұлының әскери құрылымдарды құрудағы тапқырлығы……………………………………………………………………………….
2.2. Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы
қабілеті мен әдіскерлігі……………………………………………………………….
 
 
Кіріспе
Мәселенің өзектілігі. Қазіргі кезде республика жұртшылығы арасында тарихқа, әсіресе қазақ халқының өткен дәуірін білуге деген ынтаның күрт артуы байқалып отыр.
Бүгінде жұтшылық назарын өзіне ерекше аударып., тарихшылардың жаппай жазып, жарыса зерттеуге ден қойған тақырыптардың бірі – ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты өзекжарды мәселелер. Ұлт тарихындағы бұл бір кезеңді сөз еткенде елдің елдігін, халықтың бірлігін ойлап, әсіресе ұлттық мүддені қорғау жолында жанын шүберекке түйе күрескен ержүрек батырларымызды айналып өту мүмкін емес. Өйткені, сол уақыттағы қоғамдық оқиғалардың барлығы солардың тікелей қатысуымен тарих бетіне бедерлі ізін қалдырған.
Сондықтан да егеменді ел болып отырған Қазақстанның тарихын, әсіресе осы жердің түп иесі қазақ дейтін халықтың ешкімге де тәуелсіз ел болу жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын, сол қозғалыстардың себептері мен салдарын айқындайтын әртүрлі әрекеттер мен саясаттың астарына не жатқанын зерттеу, бағалау, қорытынды пікір айту – тарихшылардың еншісі екені әмбеге аян. Және зерттегенде, баға бергенде, қорытынды пікір тұжырымдағанда, баяғы бір қасаң қағидалардың қалыбында қалып қоймай, заманымыз әкелген жаңа леппен жаңаша көзқараспен зерттеу , бағалау, тұжырым жасау – бүгінде ауадай қажет болып отыр.
Кенесарының көп шайқастарда өз мақсатына жету жолындағы асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшы, әмбе ұйымдастырушы, ролі-тіпті патша генералдарының өзін таңғалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.
Ұзақ жылдар жан-жақты қаруланған патша әскеріне табандылықпен қарсы тұра алуы, әсіресе, қазақ батырлары басқарған жасақшыларының нелер қиыншылықтарды бастарынан кешіріп, асқан төзімділік жасауының өзі-қазақ шаруаларынан құралған жауынгерлердің ұзаққа созылған халық көтерілісінде өздерінің шындалғандығын көрсетсе керек; Екіншіден, көтерілісшілердің бәріне бірдей дарыған қасиет-ол далалық өмірдің ерекшеліктерін толық меңгергендігі болып табылады.
Әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға бөлу, сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне берілгендігімен көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай күресі — Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетінің шыңдалғандығының бір көрінісі.
Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ бір орталыққа біріккен мемлекет құрмай, қуатты Ресей патшалығына және Орта Азия хандықтарына қарсы тұру мүмкін еместігін Кенсары жақсы түсінді.
Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.
Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.
Кенесарының, әсіресе, дипломатиялық әрекеттерінің көтеріліс барысында өте шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның бұған дейінгі жарияланған хаттары (ал,архив қорларында жатқан әлі сыры ашылмаған хаттары қаншама десеңізші!) болып табылады. Бұл проблеманың одан әрі зерттеле түсуі хақ. Жас тарихшы-зерттеушілер, мамандар ретінде бұл міндет-біздің үлестерімізде. Сондықтан, хан Кене көтерілісі туралы деректер жетерлік, яғни тарихнамалық базасы мол, әрі кең; жан-жақты ғылыми зерттеу жұмысын әр уақытта жүргізе беруге толық мүмкіндіктер бар екенін қанағаттық сезіммен айтуға болады.
Сұлтан Кенесарының айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды. Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып, ауыздықталмаған Ресей билеп -төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көргендікпен көзі жеткен Кенсары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады. Орынбор губернаторы граф В.А Перовский арқылы патшаға жеткізуге дәмеленген хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық қозғалысты тоқтатудың бірден-бір шарты-өлкемізде бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды, округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген: “Ұлытау мен Кішітау өңірінде Сібір шептерінен әскер жіберуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып қалады, патша ағзамға қызмет ете алмайды”,- деп толқуын білдірген. Әрине, қазақ сұлтанының осы хатында қандыбалақ Николай I-шіні “шахин-шах (патшалардың патшасы) деп лепірте мадақтағанымен оған жақын да , алыс та, болсамда жүрегіммен, жаныммен қызмет етуге дайынмын, маған бір шен немесе грамота алып беріңіз”/2,125/ -деген сол В.А. Перовскийге арналған хаттағы аты шулы сұлтанның сондай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ өлкесіне Ресей әскерлерін жолатпаудың қамы деп түсінгеніміз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет