Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалануын талдау
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
Негізгі қорларды пайдаланудың нұсқаулық шешімдері; және
2) перспективаға мақсатталу.
Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.
"Жамбылгипс" АҚ-ның бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:
2004 жылы ФОо = 331500,5/143132,0 = 2,32 тенге
2005 жылы ФО1 = 339136,9/168915,0= 2,02 тенге
2005 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,02 тенгеге өнім көріп отырмыз.
Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын индекс:
Iфо = ФО1 / ФОо (12)
Iфо = 2,02 / 2,32 = 0,86 немесе 14%
яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда –0,31 кеміген.
Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің кемігенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.
Қор қайтарымның кемуі дәл қай фактордың есебінен кемитінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.
Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында “Жамбылгипс” ЖАҚ-да қор қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр.
7 кесте – "Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
№
|
Негізгі көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2004
|
2005
|
Ауытқу
|
+ / -
|
%
|
1
|
Өнімді өткізуден түскен түсім
|
мың тг
|
331500,3
|
339136,9
|
7636,6
|
102,3
|
2
|
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
|
мың тг.
|
143132,0
|
168915,0
|
25783,0
|
118,0
|
3
|
Қор қайтарымы
|
теңге
|
2,32
|
2,01
|
-0,31
|
86,6
|
4
|
Қор сиымдылығы
|
теңге.
|
0,43
|
4,32
|
3,89
|
10,05 есе
|
5
|
Жұмысшылар саны
|
адам
|
417
|
481
|
64
|
115,3
|
6
|
Қормен карулану
|
мың теңге.
|
343,2
|
351,2
|
308,0
|
102,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |