Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет11/14
Дата14.09.2022
өлшемі0.99 Mb.
#460714
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

Эксперименттік тапсырмалар:

  1. Қағаз беттерінің қалыңдығын өлшеу.

Сіздерге өлшегіш сызғыш пен штангенциркуль берілген.
Тапсырма: Осы құралдардың бірін пайдаланып физика кітабының бетінің қалыңдығын есептеңіздер.
Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқалар: 
1-нұсқа. Бір бетінің   қалыңдығын штангенциркуль арқылы өлшейміз, қағаз қалыңдығы 0,01 мм-ден кем болады, ал штангенциркуль құралының қателігі 0,1 мм, сондықтан өлшеу қателігі 100%-тінде артуы мүмкін.
2-нұсқа. Кітаптың   қалыңдығын сызғышпен өлшеп, алған нәтижені кітаптың барақ санына бөлеміз: 

Бұл жағдайда өлшенген қағаздың   қалыңдығының   абсолют қателігі, сызғыштың көмегімен өлшеніп алынған  -ның абсолют қателігі ( мм), кітаптың   парақ санына бөлгенге тең болады. 

3 нұсқа. Кітаптың қапсыз   қалыңдығын штангенциркуль арқылы өлшеп, дәлдеу нәтиже алуға болады.

  1. Мыс сымның диаметрін анықтаңыздар.

Сіздерге сызғыш және әртүрлі салмақтағы гірлері бар таразы берілген. 
Тапсырма: Жұқа мыс сымның диаметрін анықтаңыздар. Мыстың тығыздығы  кг/ .
Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқалар.
1-нұсқа. Жұқа сымның  диаметрін сызғыш арқылы өлшенбейді. Алайда сымның ұзындығын сызғышпен өлшеп, және таразы арқылы   массасын біле отырып,   көлемді анықтаңыздаруға болады.

 болғандықтан, мұндағы   - көлденең қимасының ауданы сымның. Осыдан   диаметрін есептеп табамыз.

2-нұсқа. Сымды қарындашқа 30-40 рет ораймыз. Орамның ұзындығын өлшеп, оны   орам санына бөлеміз. 

  1. Ауа көлемін өлшеу.

Сіздерге суы бар кювета, көлемі 500 өлшегіш цилиндр, көлемі   шыны бөтелке, резеңке түтікше, резеңке шар берілген. 
Тапсырма: Осы құралдардың көмегімен өз өкпелеріңіздің активті көлемін анықтаңыздар. Өкпенің активті көлемі деп, өкпеден бір рет шығарылған ауаның максимал көлемін айтамыз. 
Ескерту: Егер сіздер резеңке түтікшені ауыздарыңызға салатын болсаңыздар, онда оны алдын-ала спиртке батырылған мақтамен сүрту керек. 
Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқалар:
1-нұсқа. Бес литрлік шыны бөтелкені суға толтырып, оны суы бар кюветаға төңкеремізде бөтелкеге резеңке түтіктің бір ұшын енгіземіз. Егер резеңке түтіктің екінші ұшынан ауаны үрлейтін болсақ, онда судың бір бөлігі бөтелкеден шығады. Шыққан судың көлемі бір рет тыныс алғандағы шығарылған ауа көлеміне тең (атмосфералық қысымда). Бөтелкенің  көлемін біле отырып және бөтелкеде қалған судың  көлемін өлшеп, шығарылған судың көлемін есептейміз. 
.
2-нұсқа. Резеңке шарға бір рет толық үрлейміз. Содан кейін суға толы бөтелкеге немесе өлшегіш цилиндрге шардағы ауаны жібереміз. 
4. Доптың бастапқы жылдамдығын анықтаңыздар.
Тапсырма: Тек секундомер көмегімен теннис добын қандай жылдамдықпен лақтыра алатындығыңызды анықтаңыздар.
Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқа.
Экспериментті жүргізу үшін екі оқушы спорт алаңына шығуы керек. Бір оқушы допты вертикаль лақтырады, ал екіншісі оны лақтырған мезеттен бастап қолына түскен соқтығысқанға дейінгі аралықты секундомермен өлшейді. Ол уақыт доп қанша уақытта жоғары көтерілсе, сонша уақытта жерге түседі, яғни өлшенген  уақыттың жартысына тең болады. Доптың қолға түскен жылдамдығы оның бастапқы жылдамдығына тең. Бұл жылдамдықты еркін түсу үдеуі  -ге және еркін түсу уақытына көбейту арқылы табамыз: .
6. Түскен дененің бастапқы жылдамдығын анықтаңыздар.
Тапсырма: Сіздерге тек өлшегіш лента берілген. Өшіргіш резеңке кесегін саусақпен түртіп құлату арқылы қандай бастапқы жылдамдық бере алатыныңызды есептеңіз. 
Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқа: 
Резеңкені стол шетіне қоямыз. Шерту арқылы оны горизонталь бағытта қозғалысқа келтіреміз және еденге түскен резеңкенің орнын белгілейміз. Столдың биіктігін және резеңкенің еденге түскен нүктесінен столға дейінгі қашықтықты өлшейміз. 
Қозғалыс кезінде горизонтальдық жылдамдық өзгермейді, сондықтан оны мына формуладан табамыз: 
, мұндағы   - резеңкенің қозғалыс уақыты. 

  • түсу биіктігін біле отырып,  формуладан  уақытты табамыз.
    .
    Сонымен, резеңкенің бастапқы жылдамдығы .

Эксперименттік есептер мәтінді есептерге қарағанда, дайындыққа және шешуге көп уақыт қажет етеді, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар экспериментті тұрғызуға дағдылану керек. Бұндай есептерді физиканы оқытудың сапалық жағына оң әсерін тигізеді. Эксперименттік есептердің артықшылықтары:
- Барлық эксперименттер сияқты эксперименттік есептер оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін едәуір көтереді, логикалық ойлау қабілетін арттырады, құбылысқа анализ жасауға үйретеді, сабақта алған практикалық дағдысын ескере отырып оқушы терең ойланады. Эксперименттік есептерді шешу оқушыларды бірлікке ұмтылуға, өз күштерімен білімді игеруге, дүниені тануға құлшынып ұмтылуға тәрбиелейді.
- Эксперименттік есептер оқушыларға шынайы білім алуға үйретеді, эксперименттік есептерді шеше отырып, оқушылар нақты мысалдарға көз жеткізеді, атап айтқанда, практикалық сұрақтарды шеуге өз мектептерінің білімі сай екендігіне, бұл білімнің көмегімен физикалық құбылыстарды байқауға, оның заңдылықтарымен физикалық құбылыстарды басқаруға болатындығын және т.б. Осылай теориялық және кітаптардағы болжамдар нақты шын мәнге ие болады. Эксперименттік есептерді шығару оқушыларға берік негізі бар білім алуға, бұл білімді практикада да өмірде де қолдануға үйретеді.
- Эксперименттік есептерді шығару және шешімін тәжірибе жүзінде тексеру, оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне, алған білімдеріне әрқашан толық сенуге, практика мен тәжірибе теориялық білімнің критериясы екендігіне, практика жүзінде тексерілген білім адамға ең қымбат білім екендігіне көздерін жеткізеді. Қиын практикалық есептерді шығарғанда, қоршаған құбылыстарды тануға эксперименттің үлесі жоғары.
- Эксперименттік есептерді шешуде оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуі, оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұнда оқушылар есеп жоспарын құрып қана қоймай, сонымен қатар кейбір мәтіндерді есептеу жолдарын қарастыру, өз беттерімен құралдарды жинау зерттелетін құбылысқа сай құралдарды таңдап алу, конструкциялау керек.
- Эксперименттік есептерде талдау оқушыларды өлшеу нәтижелерін дәлдікпен алуға жүргізілетін эксперименттердің берілгеніне мұқият мән беруге үйретеді. Практикада олар өлшеу нәтижелерінің әрқашанда жуық екендігіне және оларға әртүрлі себептер әсер ететіндігіне көз жеткізеді. Сондықтын, эксперимент жүргізгенде барлық зиянды нәрселерді болдырмау керек.
- Эксперименттік есептердің ерекшелігі олар шын мәнінде берілімдері толық емес есептер болып табылады. Мұндай есептер, оқушылар өмірде кездестіре алатын құбылыстарға елеулі түрде жақын болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет