repens > Z. іnermіs > A. gigantea = Ph. pratense.
Жоғарыдағы көрсеткіштерге мән бере қарасақ, тәжірибедегі өсімдіктердің тамыр жүйесі сабаққа қарағанда кадмийдің улы әсеріне көп ұшыраған. A. gigantea, Ph. pratense өсімдіктерінде тамыр биомассасы ең жоғары концентрацияларда мүлде тежелген. Ал, A. repens және B. іnermіs өсімдіктерінде тамыр жүйесінің биомассасы сабақпен салыстырғында азайғанмен, өз тіршілігін сақтап қалған. Бұл көрсеткіш тәжірибедегі басқа өсімдіктермен салыстырғанда аталған өсімдіктердің кадмийдің әсеріне төзімділігі деп айтуға негіз болады. Дегенмен, Ауыр металдарға өсімдіктердің төзімділігі Уилкинс коэффиценті бойынша анықталатындығын ескерсек (3-кесте), төменгі 3,2 мг/кг концентрацияда A. gigantea өсімдігі бірінші тұрса, келесі концентрацияларда оның сезімталдылығы артып ең жоғары концентрацияда үшінші орында тұратындығы байқалады. Ал, Ph. pratense өсімдігі ауыр металға сезімталдылығы кадмий элементінде де байқалады. Өйткені бұл өсімдік барлық концентрацияларда төртінші орында тұрса ең жоғары концентрацияда мүлде түзілмеген. Өсімдіктер арасында Z. іnermіs өсімдігі кадмийдің орташа концентрацияларына төзімділігімен ерекшеленгенімен ең жоғары концентрацияда төзімділік коэффиценті A. repens өсімдігінен кейін тұрғаны анықталды. Сонымен өсімдіктердің кадмийге төзімділігі ең жоғары концентрациямен есептелетін болса төзімділік қатары келесідей болады. A. repens> Z. іnermіs> A. gigantea > Ph. pratense. Ескере кететін жағдай Уилкинс коэффиценті бойынша өсімдіктердің арасында кадмийдің төменгі концентрациясына A. gigantea төзімділік танытса, орташа концентрацияға Z. іnermіs өсімдігін атауға толық негіз бар. Ал, кадмийге ең төзімді өсімдік A. repens.
Ауыр металдардың өсімдіктерге улы әсері олардың концентрациясына байланысты екендігі белгілі. Ол, өсімдіктердің тамыр жүйесінің мүлде тіршілігінің тоқырауынан байқалса, кей жағдайда ауыр металдардың (мырыш, қорғасын) улы әсері өсімдіктердің өсуін мүлде тежейтіндігі анықталды. Бұндай көрсеткіштерді Гармаш 1989 жылғы [95] бидай және бұршақ өсімдіктері мен салыстырмалы жасаған жұмыстарында келтірген болатын.
Тәжірибеге алынған өсімдіктердің өсуіне мырыштың қоректік ортадағы концентрациясы өте улы әсер етті. Төменгі концентрацияның өзінде Ph. pratense және A. gigantea өсімдіктері тіршілігі мүлде жойылды. Бұл көрсеткіш аталған өсімдіктердің мырыштың тәжірибедегі концентрацияларына сезімталдылығы деп есептеуге болады. Ал, мыс және кадмий элементтеріне салыстырмалы төзімділік танытқан A. repens және Z. іnermіs өсімдіктері мырыштың жоғары концентрациясында сабағы сақталғанмен тамыр жүйесі өспей қалған. Мысалы, Z. іnermіs өсімдігі сабағының биомассасы 1,96 мг бақылау вариантымен салыстырғанда төменгі концентрацияның өзінде (100 мг/кг) 1,14 мг-ға азайса, 200 мг/кг және 300 мг/кг концентрацияларда 1,04 мг-нан 0,93 мг-ға дейін төмендеді. Ал тамыр жүйесі биомассасы бақылау вариантында 0,73 мг-ды құрап, төменгі концентрацияда 0,06 мг-ға дейін азайса жоғары концентрацияларда мүлде түзілмей қалған. Мұндай көрсеткіштер тұтас бір өсімдіктің биомассасында да сақталған. Сонымен қатар, A. repens өсімдігі сабағының биомассасы бақылау вариантында 1,26 мг болса, концентрация
4-кесте Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің құрғақ биомасса жинақтауына мырыштың әсері (мг)
-
Варианттар
|
A. repens
|
Z. inermis
|
сабақ
|
тамыр
|
бір өсімдік
|
сабақ
|
тамыр
|
бір өсімдік
|
Бақылау
|
1,26±0,02
|
0,57±0,01
|
1,83±0,03
|
1,96±0,1
|
0,73±0,03
|
2,69±0,13
|
100 мг/кг
|
0,69±0,00
|
0,18±0,01
|
0,87±0,01
|
1,14±0,03
|
0,06±0,00
|
1,20±0,03
|
150
|
0,64±0,02
|
0,04±0,00
|
0,68±0,00
|
1,04±0,02
|
0
|
1,04±0,02
|
200
|
0,63±0,01
|
0
|
0,63±0,01
|
0,93±0,01
|
0
|
0,93±0,01
|
Уилкинс коэффиценті бойынша өсімдіктердің мырышқа төзімділігі
|
100 мг/кг
|
0,31
|
0,08
|
150
|
0,1
|
0
|
200
|
0
|
0
|
Уилкинс коэффиценті бойынша өсімдіктердің төзімділік қатары (25,6 мг/кг)
A. repens > Z. іnermіs.
артқанда 0,69 мг, 0,64 мг және 0,63 мг-ға төмендеген кезде тамыр биомассасы 0,57 мг- нан төменгі концентрацияда 0,18 мг-ды құрап, орташа концентрацияда 0,04 мг-биомасса ғана жинақтаған. Мырыштың ең жоғары концентрациясына да A. repens өсімдігінің тамыр жүйесінің түзілуінде тоқыратқаны да байқалды. Өсімдіктердің ауыр металдарға төзімділігін анықтайтын Уилкинс коэффицентіне назар аударсақ мырыштың орташа концентрациясына төзімділігімен A. repens ерекшеленеді. Ал, Z. іnermіs өсімдігі ең төменгі концентрацияның өзінде төзімділік коэффиценті 0,08-ді ғана көрсетті. Жалпы тәжірибе барысында белгілі болғандай, мырыштың ортадағы концентрациялары тәжірибедегі өсімдіктерге өте улы әсер еткендігі анықталды.
Жұмыс барысында белгілі болғандай, қорғасын өсімдіктердің дәнінің өнуіне өте улы болғанымен өсімдіктің әрі қарай өсіп-дамуына басқа элементермен салыстырғанда әлсіз әсер етті. Тек, A. gigantea өсімдігі ғана бұл элементке төтеп бере алмай барлық концентрацияларда тіршілігін жойды. Ал, қалған өсімдіктер концентрацияға тәуелді түрде биомасса жинауы азайғанмен, мүлде тіршілігін жоюы байқалған жоқ (кесте-5). Мысалы, A. repens өсімдігінің сабағының 1,26 мг бақылау вариантымен салыстырғанда биомассасы төменгі концентрацияда 1,24 мг-ға азайса, орташа (300 мг/кг) және жоғары (400 мг/кг) концентрацияда 1,18 мг және 1,11мг-ға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш Z. іnermіs өсімдігінің бақылау вариантының сабағы 1,96 мг болса жоғары концентрацияларда 1,70 мг, 0,74 мг және ең жоғары концентрацияда 0,60 мг- ға төмендеді. Ал, Ph. pratense өсімдігінің сабағының биомассасы 0,68 мг бақылау вариантымен салыстырғанда төменгі концентрацияда 0,55 мг-ға, орташа концентрацияда 0,48 мг-ға және ең жоғары концентрацияда 0,40 мг-ға дейін төмендеген болса, тамыр жүйесі төменгі концентрацияда бақылау варианты деңгейінде 20 мг биомасса жинап, орташа концентрацияда 0,19 мг-ға ғана азайды, тек жоғары концентрацияда 0,1 мг-ға дейін төмендеді. Бұндай көрсеткіш концентрация A. repens өсімдігінде 0,57 мг бақылау вариантымен салыстырғанда төменгі концентрацияда 0,44 мг-ды құраса, концентрация 300 мг/кг болғанда 0,40 және 400 мг/кг болғанда 0,39 мг-ға азайды. Сондай-ақ, Z. іnermіs өсімдігінің тамыр биомассасы 0,73 мг бақылау вариантымен салыстырғанда 0,63 мг-ға азайып, орташа концентрацияда 0,80 мг-ға артқанымен жоғары концентрацияларда 0,67 мг-ға керісінше төмендеді. Тәжірибедегі өсімдіктердің жалпы тұтас өсімдік биомассасына тоқталатын болсақ, Z. іnermіs өсімдігінің бақылау вариантымен (2,69 мг) салыстырғанда жоғары концентрацияларда тәуелді түрде азайып отырып ең жоғары концентрацияда өсімдіктің жалпы биомассасы (1,27 мг) 2 ден жоғары мөлшері азайған. Ал, Ph. pratense өсімдігінің тұтас биомассасы бақылау вариантымен (0,88 мг) салыстырғанда да (0,50 мг) 2 еседей мөлшері кеміген. A. repens өсімдігі тұтас биомассасы 1,83 мг-нан ең жоғары концентрацияда 1,50 мг-ға ғана азайды. Жалпы өсімдіктердің ауыр металға төзімдік коэффицентімен салыстыратын болсақ (5 кесте), өсімдіктер арасында Ph. pratense өсімдігінің төзімділігі концентрацияға байланысты кеміген сайын, керісінше Z. іnermіs өсімдігінің төзімділігі артты. A. repens өсімдігінің төзімділік коэффиценті орта деңгейде сақталып отыр. Сонымен, қорғасынның төменгі (200 мг/кг)
5-кесте Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің құрғақ биомасса жинақтауына қорғасынның әсері (мг)
-
Варианттар
|
A. repens
|
Z. inermis
|
Ph. pratense
|
сабақ
|
тамыр
|
бір
өсімдік
|
сабақ
|
тамыр
|
бір
өсімдік
|
сабақ
|
тамыр
|
бір
өсімдік
|
Бақылау
|
1,26±0,02
|
0,57±0,01
|
1,83±0,03
|
1,96±0,07
|
0,73±0,04
|
2,69±0,11
|
0,68±0,04
|
0,20±0,003
|
0,88±0,07
|
200 мг/кг
|
1,24±0,01
|
0,44±0,01
|
1,68±0,02
|
1,70±0,08
|
0,63±0,01
|
2,33±0,09
|
0,55±0,00
|
0,20±0,001
|
0,75±0,01
|
300
|
1,18±0,10
|
0,40±0,01
|
1,58±0,11
|
0,74±0,01
|
0,80±0,00
|
1,54±0,02
|
0,48±0,01
|
0,19±0,01
|
0,67±0,02
|
400
|
1,11±0,01
|
0,39±0,00
|
1,50±0,01
|
0,60±0,00
|
0,67±0,01
|
1,27±0,01
|
0,40±0,00
|
0,10±0,00
|
0,50±0,00
|
Уилкинс коэффиценті бойынша өсімдіктердің қорғасынға төзімділігі
|
200 мг/кг
|
0,77
|
0,86
|
1
|
300
|
0,70
|
1,00
|
0,95
|
400
|
0,68
|
0,91
|
0,50
|
Уилкинс коэффиценті бойынша өсімдіктердің төзімділік қатары (25,6 мг/кг)
Z. іnermіs >A. repens > Ph. pratense.
концентрациясына Ph. pratense төзімді болса, жоғары концентрацияға Z. іnermіs өсімдігі төзімділік танытты. Ал, A. repens өсімдігінің қорғасынға төзімділігі орташа қалыпта тұр. Қорыта келгенде, қорғасынға ең жоғары
концентрация бойынша өсімдіктердің төзімділігі бойынша мынандай қатарға жіктеледі Z. іnermіs >A. repens > Ph. pratense.
Қорыта келгенде, ауыр металдар өсімдіктердің биомасса жинақтауына кері әсері өте жоғары. Тәжірибе барысында белгілі болғандай өсімдіктердің тамыр жүйесі сабаққа қарағанда өте қатты зардап шегетіндігі анықталды. Мұндай көрсеткіштер кадмий, мырыш және қорғасынның жоғары концентрацияларында анық байқалды. Дегенмен, төзімділік коэффиценті бойынша анықталғандай, ауыр металдардың әсеріне байланысты өсімдіктер арасынан ең жоғары концентрация бойынша төзімділік қатарын шығаруға болды. Мысалы:
Мысқа (25,6 мг/кг) Z. іnermіs> A. gigantea >A. repens>Ph. ratense
Кадмийге (25,6 мг/кг), A. repens>Z. іnermіs> A. gigantea > Ph. pratense
Мырышқа (200 мг/кг) A. repens>Z. іnermіs
Қорғасынға (400 мг/кг) Z. іnermіs >A. repens > Ph. pratense
Өсімдіктердің жекеленген мүшелерінің биомасса жинақтауы олардың қоректік ортадағы ауыр металдарды сіңіріп басқа мүшелеріне таратуда болуы мүмкін. Өсімдіктердің тамыр жүйесінің сабаққа қарағанда көп зардап шегуі, оның ауыр металдарды көп шоғырландырып қорғанғыштық қызметін атқаруы болуы мүмкін. Сондықтан, тәжірибедегі өсімдіктердің жекеленген мүшелеріндегі ауыр металдардың шоғырлануын қарастырайық.
3.3 Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің жекеленген мүшелерінде ауыр металдардың таралу ерекшеліктері
Ауыр металдардың өсімдіктердің жекеленген мүшелеріне жинақталуы өсімдіктің түріне, сортына, элементтің химиялық қасиетіне байланысты. Зерттеушілердің көрсетулері бойынша ауыр металдар өсімдіктердің тамырында [19, 23, ] негізінде тамыр клетка қабығында шоғырланады [37, 38, 39, 40, 41], олардың өсімдіктің басқа мүшелеріне тасымалдануы әр өсімдік үшін әртүрлі.
Өсімдіктердің мұндай ерекшеленуі олардың қоректік ортадағы ауыр металдарды сіңіруімен, тамырдың басқа мүшелеріне тарату қабілетіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан ауыр металдардың өсімдік мүшелеріне тасымалдануына көңіл аударайық. Ол көрсеткіштерді 7-14 суреттерден көруге болады.
Мыстың таралуы. Жетінші және сегізінші суреттерде келтірілгендей, мыс тәжірибеге ілінген өсімдік мүшелерінде жинақталуы олардың түр ерекшеліктеріне байланысты екендігі байқалды. Мысалы, A. repens өсімдігі сабағында мыстың концентрациясы жоғарылаған сайын (3,2, 6,4, 12,8, 25,6 мг/кг) 50, 160, 155, 160 мг/кг-ға көбейсе, сәйкесінше тамыр жүйесінде 437, 997, 847, 1000 мг/кг дейін артты. Ал, Z. іnermіs өсімдік сабағында орташа концентрацияларда 25 мг/кг бақылау деңгейінен көп ауытқымаса (15, 40, 60 мг/кг) жоғары 25,6 мг/кг концентрацияда 352 мг/кг жеткен. Ал, өсімдік тамырында орташа концентрацияда аз шоғырланып тек 25,6 мг/кг жоғары концентрацияда ғана 932 мг/кг жоғарылады. Бұл, Z. іnermіs өсімдігінің мысты көп қабылдамайтындығын көрсетеді. Ал, Ph. pratense өсімдік сабағында 3 мг/кг
бақылаумен салыстырғанда орташа және жоғары концентрацияларда 61, 160, 184, 230 мг/кг дейін артып, сәйкесінше тамыр жүйесінде 281 мг/кг бақылаумен салыстырғанда 674, 1016, 1409 мг/кг жинақталған, тек 25,6 мг/кг концентрацияда, керісінше 600 мг/кг дейін азайды. Ал, A. gigantea өсімдігі мысты сабағына аз өткізетіндігімен ерекшеленді. Бұл өсімдіктің сабағындағы мыстың мөлшері бақылау вариантында 34 мг/кг мөлшерінде жинақталған болып тәжірибелік үлгілерде 33, 53, 101, 42, мг/кг мөлшерінде жинақталған болса, тамыр жүйесінде 674, 1316, 1256 мг/кг, ал енді мыстың ең жоғары концентрацияда 709 мг/кг-ғана болып едәуір кеміді.
Сонымен, тәжірибедегі нәтижелерге көз жіберсек, мысты сабақ және тамыр жүйелерінде концентрация жоғарылаған сайын біркелкі таратумен A. repens, Ph. pratense ерекшеленсе, Z. іnermіs өсімдігі мөлшерден жоғары қабылдамайтындығымен ерекшеленді. Ал, A. gigantea өсімдігі сіңірілген мысты тамырында шоғырландырып сабағына көп тасымалдамайтындығы белгілі болды.
Өткен ғасырдың 80-інші жылдарында көптеген зеттеушілердің көрсетулері бойынша өсімдікке қажетті тапшы элементтермен кешенді байланыс түзіп, оларды өсімдікке сіңіретін жүйе ашылған болатын .Бұл жүйе алғашында темір иондарының жеткіліксіз жағдайында ашылып, кейіннен басқа бірқатар элементтермен байланысатындығы жорамалданды. Қазіргі кезде бұл тетік физиологияда жалпы фитосидерофорлар деген атпен белгілі. ФС тек астық тұқымдас өсімдіктерге ғана тән және ауыр металдар әсерінен тапшы болатын микроэлементтерді сіңімтал формасына айналдыратын бірден-бір тетік.
Сондықтан жұмысымыздың келесі бөлімінде тәжірибедегі төзімді деп аталған (A. repens, Z. іnermіs) өсімдіктерден ФС бөліп шығару қарқынын қарастыруды жөн көрдік.
3. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Ауыр металдармен жұмыс атқару кезінде арнайы сақталатын еңбек ережелерін мүлтіксіз сақтау шарт. Ауыр металдардың тұздары улы болып келеді. Оларды тәжірибелерге пайдалану кезінде, бүрку және сумен себелеу немесе топыраққа араластыру кезінде арнайы маска немесе қорғаныш орамалдарды пайдаланады. Жұмыс орны ауа тартқыш шкафтармен және су ағатын бұрандалармен қамтамасыз етілуі қажет. Далада және ыстық аймақтардағы зерттеулік жұмыстарды жүргізу ерекше еңбек шарттары мен ережелерін орындауды талап етеді. Шөл далаға экспедиция ұйымдастыру кезінде оның құрамына кіретін адамдардың денсаулықтары туралы мәліметтер алыуны қажет. Өйткені, далада күн радиациясының қарқыны бірнеше рет артады. Сондықтан, жүрек жұмысының ақауы бар, астма ауруымен ауыратын, көптеген шөптермен тозаңдарға аллергиясы бар, қан қысым жоғары адамдар экспедиция құрамына кіре алмайды. Экспедиция алдында барлық мүшелердің қатысуымен алдын ала техника қауіпсіздігі өткізілуі тиіс. Мұнда тауда кездесетін қауіпті жағдайлар, сақталатын шартты іс-шаралар және қозғалу маршруты мен талап етілетін тәртіптер экспедицияның барлық мүшелеріне түсіндіріледі. Экспедицияның басшысы анықталады. Зерттеулік жұмыстың мақсаты мен атқарылу реті дәрістеледі. Жұмыстар белгілі жоспармен атқарылады. Әр экспедиция мүшесіне оның міндеті мен жауапкершілігі түсіндіріледі.
Улы және беймәлім өсімдіктермен жұмыс атқарудың өзіндік қауіпсіздік ерекшеліктері бар. Мұндай кезде жұмысшылармен немесе ғылыми жұмыстармен айналысатын қызметкерлермен арнайы техника қауіпсіздігі жүргізілуі тиіс. Ол сабақтарды техника қауіпсіздігі жөніндегі инженермен бірге биолгия саласындағы немесе фармацевтика саласының маманы жүргізуі қажет. Бұл кезде жұмысшыларға улы заттардың әсері, олармен уланған кездегі алғашқы симптомдарды, уланған адамға алғашқы медицианлық көмек көрсету шараларын және беймәлім немесе улы өсімдіктермен жұмыс атқарған кездегі қауіпсіздіктерді сақтау ережелері дәрістелуі тиісті.
Ұзақ уақыт ішінде зиянды заттармен жұмыс атқаратын жұмысшылар үшін қосымша төлем ақы мен қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.
Мұндай кезде жұмысшының жұмыс режимі белгілі нормативпен нақтыланады. Экспедиция басшысының зат құтысында тауда болуы мүмкін жарақаттарға пайдаланылатын және улану, аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер болуы тиіс. Сонымен қатар, ғылыми экспедицияның маршруты мен тауда болу уақыт ұзақтығы және базаға қайта оралу мерзімі мекеме басшыларына алдын ала айтылып ескертіледі.
Экспедиция мерзіміне жеткілікті тамақ пен су мөлшері алдын ала есептеліп анықталады. Шөл далада өте улы жәндіктер мен жыртқыш аңдар кездесуі мүмкін. Адам ағзасының қызметі нашарлап медициналық көмек керек болған жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсете алатын адам болуы тиісті және қажетті дәрі дәрмектер жеткілікті болуы қажет. Медикаменттердің құрамы мен мөлшерін медицина маманының кеңесі арқылы анықтап құраған жөн.
Зерттеулік жұмыстарды атқару кезінде арнайы құралдар мен жабдықтар пайдалану керек. Улы шөптерді және беймәлім өсімдіктерді қолмен қол қапсыз ұстауға болмайды. Тамақтанар алдында міндетті түрде қолды таза сумен жуу қажет. Дем алыс кезінде жерге жату және кез келген жерге отыру қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан, тамақтану немесе дем алу үшін ашық, шөп жамылғысы жоқ таза жерді пайдаланған жөн.
Ауыр металдар адам ағзасына ауа, су арқылы түседі. Сондықтан, тәжірибе кезінде тамақтану және жеке бас гигиеналарын сақтауға қажетті санитьарлық жағдай жасалуы шарт.
4.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Ауыр металдардың табиғаттағы үлесі жылдан жылға артып келеді, оның себебі метал өндіру мекемелері мен қоғамдағы автотранспорттың санының артуында. Түтін мен, шаңмен ауыр метал иондары атмосфералық ауа құрамына еніп алыс қашықтықтарға дейін таралып көп аймақты заладайды. Ол иондар жаңбыр арқылы және шық арқылы топыраққа жәнек су көздеріне түседі. Соның салдарынан өсімдікке, одан жануар ағзасына ең соңында адам ағзасына енеді. Ол металдар көп уақыт ішінде белгілі мүшелерде жиналып зала келтіреді. Оның салдарынан ісік жәнеде басқа қатерлі аурулар пайда болдафы. Сондықтан, ауыр металдардың адам өмір сүретін ортасында көбеймеуін қамтамасыз ету және олардан тазарту жолдарын іздестіру қазіргі замандағы экологтардың басты мәселелерінің біріне айналып отыр.
Соңғы ғасырдың екінші жартысынан бері қарай, өндірістік технологияның қарқынды дамуына байланысты алғашқы шикізаттарды табиғи танаптардағы өсімдіктерден алу қарқынды жүрді. Көптеген сирек кездесетін және өндіріске қажетті өсімдіктердің қазіргі кездегі нашар экологиялық жағдайына сол себеп болды. Мысалы, 19-20 ғасырларда, синтетикалық каучук пен сабын өндіру технологиялары меңгерілмеген кезде, олөндірістерге қажетті шикізаттарды Қазақстандағы табиғи жағдайда өсетін көксағыз және бозтікен өсімдіктерінің тамырларын жинау арқылы өндірді. Сондықтан, қазіргі кезде, бұл өсімдіктер жойылу қауіпінің қасында деуге болады. Бозтікен өсімдігі ОҚО Қазығұрт ауданында 20 гектардай территорияда ғана сақталып қалды. Ал, Қара ындыз және жауқазын сияқты өсімдіктердің де экологялық жағдай жылдан-жылға нашалап барады.
Бүгінгі күнгі өсімдіктер әлемін қорғау іс – шаралары бұл нашарлау тенденциялы үрдіске лайықты тосқауыл бола алмай отыр десек артық емес. Өйткені, қорғау іс шараларына қарамай, аталған өсімдіктер әлемінің қал ақуалы нашарлау үстінде. Көптеген қорыққа жақын және табиғаты тамаша таулы аймақтардың өсімдіктер әлемі мал жайылымы ретінде пайдалану арқылы күйзелу үстінде.
Бұл үрдістің үдеуіне антропогендік фактордың үлесі мол. жаз күндері ретсіз демалу шылар табиғатқа айтарлықтай зиян келтіруде. Осы мәселелерді жою жолында қарастырылған шаралар әлсіз.
Тағы бір айтарлықтай фактор ретінде атап кететін мәселе, ол жергілікті табиғатты пайдаланатын, дем алу сауығу кезінде табиғатқа баратын адамдардың мәдениеті мен табиғатты қорғау туралы түсініктерінің дәрежесінде. Ақпарат құралдарында экологиялық мәселелерді көтеретін бағдарламалар өте аз. Сонымен қатар, итабиғатты қорғауға деген көңіл әге дейін жеткіліксіз. Қорықтардағы өсімдіктерді тек қорғау емес, олардың көбеюіне жағдай жасайтын зертханалар мен питомниктер саны жеткіліксіз.
Таулы аймақтардағы өсімдіктер флорасы ерекше ботаникалық құрамнан түзілген. Ол мәңгілік тұрақты емес. Шаруашылықтық әрекетерді асыра пайдалану бұл қауымдастықтағы тұрақтылыты бұзуы мүмкін. Әсіресе, қазіргі кездегі экономиканың қарқынды дамуын ескерген кезде, бұл ассоциациялық құрамның жағдайын үнемі зерттеп тұру қажет. Сонымен қатар, пайдалану үшін қажетті ережелер мен қағидаларды түзу керек.
Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендердегі жол аймақтары мен гүлзарларджағы топырақтардағы ауыр металдар иондарының концентрациясы шектік мөлшерлік концентрациядан аысп отыр. Бұл өте көңіл аударытын және шешімін күтудегі экологиялық мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |