Дипломдық ЖҰмыс тақырып «Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы» «Қаржы және Есеп»



бет1/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#141477
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7


Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып «Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы»

«Қаржы және Есеп» факультеті

«Бухгалтерлік есеп және аудит»

кафедрасы


Орындады:Джабалбаева К.Ғ.

күндізгі бөлімнің 4 курс студенті

«Есеп және аудит» мамандығы

шифр 050508


Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к,профессор

Сатмурзаев А.А ___________қолы


Рецензент: _____________________

Жұмыс қорғалуына рұқсат беріледі:


Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к. доцент
Міржақыпова С.Т.___________қолы

Алматы, 2008 жыл



Жоспар

Бет


Кіріспе ..............................................................................................................3

I- Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы

1.1.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау......................................................................................6

1.2.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің есепті ұйымдастыру...............20

II- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі

2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі.......................26

2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі...................34

2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі....................................................................43

III- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы

3.1. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы және айналым қажеттілігін талдау...........................................................................................67

3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі....................................................................................................................71

3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау......75

Қорытынды........................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................88

Қосымшалар…………………………………………………………………...90

Кіріспе

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.

Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:


  • экономикалық өсуді ынталандыру;

  • кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

  • аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;

Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.

Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:


  • отандық экономиканың нақты секторының мәселелерін ашып көрсету;

  • осы мәселелерді шешудің жолдарын активтердің мүмкіншіліктерімен ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсыну.

Жұмыстың негізгі міндеттері:

  • ұйымның активтер есебінің даму ерекшелігін ескере отырып, оны экономиканың нақты секторын белсендіруде толық пайдалануды анықтау;

  • ұйымның экономикасын қаржыландырудағы барлық мүмкіншіліктерін пайдалануды көздеуді қарастыру.

Осыған орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит ұйымдастырудың жетілдіру бірегей органды құру, оның құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер шеңберін айқындауы құрайды. Талдау үшінші бөлімде қарастырылған, онда шетелдік тәжірибе негізге ала отырып, отандық нарыққа сәйкестендірілген нұсқаулар көрсетілген.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшіп, даму жолында нарықтық қатынастардың реттелінуі мемлекеттің белгілі бір реттеуімен жүзеге асырылып отырды және бүгінгі таңға дейін асырылып келеді.

Осы айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде активтерге аудитті талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады. Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі халықтың – салымшылардың мүддесін, құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.

Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өз уақытында өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – экономика саласына өзінің алатын орны ерекше екендігін көрсету. Және де ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебі мен талдау атты тақырыпты жазу себебім, серіктестіктердің негізгі құралдарды мен материалдық емес активтер иммобильдық құралдар, қысқа мерзімді активтеріміз мобильдік қорлар болып табылатындықтан, осы құралдарсыз өндіріс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда, экономиканың нақты секторын белсендірудегі және пайда табу көздерін ұлғайтудың негізі активтердің айналымдылығын жетілдіру мен қаржыланудың жолдары меншікті және тартылған капитал тарапынан, әр түрлі қоғамдық ұйымдар бухгалтерлік есептің стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қажет ететін мемлекеттің жүзеге асыруға міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.

Осымен бұл дипломдық жұмыс 3-бөлім және бөлімшелерден тұрады. Бұл бөлімдерде тақырып толық ашылатын болады. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарын пайдаланып жазылады.



I- бөлім Акционерлік қоғамның техника-экономикалық сипаттамасы

1.1. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техника экономикалық көрсеткіштерді талдау

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Crocus Multimedia Services» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепберу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заң, Қазақстан Республикасының өзге заң актілеріне сәйкес, өзінің жарғылық қызметін орындау арқылы табыс мақсатымен нарық тетіктерін енгізу барысын үдету және Қазақстан Республикасының Заңдары тыйым салмаған кез-келген шаруашылық қызметінің түрлерін либерализациялау үрдісін әрі қарай дамыту үшін құрылды.

Серіктестіктің атауы:

Толық:


Қазақ тілінде — «Crocus Multimedia Services» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Орыс тілінде — Товарищество с ограниченной ответственностью «Crocus Multimedia Services»

Қысқартылған:

Қазақ тілінде — «Crocus Multimedia Services» ЖШС;

Орыс тілінде — ТОО «Crocus Multimedia Services»;

Серіктестіктің құрылтайшы:

- Нурлыбеков Азамат Нурлыбекүлы жеке күәлігінің № 004547379, Қазақстан Республикасы ІІМ 04.09.1998 жылы берілген, тұрғылықты мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ, 15 ықшам ауданы, 55 үй, 39 пәтер.

Серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа есеппен алғанда 50-ден және активтерінің жыл ішіндегі жалпы құны орташа есеппен алғандағы алпыс мың айлық есептік айырысу көрсеткіштен аспайды. Серіктестіктің қызметтері болып келесілерді жатқызуға болады:

● есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;

● акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

● астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

● лотереялар өткізуді;

● ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;

● сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;

● мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өндеу және сату;

● жөніндегі қызметті;

● радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

● банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру;

● нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

● аудиторлық қызметті;

● бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

Заңды мекен-жайы: 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 77 үй, 7 офисі, Алмалы ауданы.

Меншік нысаны — жеке меншік.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің мерзімі – шектелмеген.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыстар алу және

Құрылтайшыға тұрақты табысты қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік қызметінің келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

● жарнамалық және маркетингтік қызметтер;

● сауда және делдалдық қызмет;

● халыққа қызмет көрсету;

● халық тұтынатын тауарларды өндіру;

● сыртқы экономикалық қызмет;

● тәтті тағам және аспаздық бұйымдарды өндіру және сату;

● бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді ұйымдастыру;

● сауда-саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу үшін ауылшаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өндеу;

● ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық құралдарын өңдеу және өндеу;

● жарнама-ақпарат қызметі;

● қосымша шикізаттарымен өнеркәсіптік қалдықтарын дайындау, өңдеу;

● комиссиялық сауданы ұйымдастыру;

● Қазақстан Республикасы заңдарына тиым салынған басқа қызмет түрлері.

Серіктестік белгіленген тәртіпте алынған лицензияны пайдалану мерзімінде ғана 17.04.1995 ж. заң күші бар ″Лицензиялау туралы″ сәйкес лицензиялауға тиісті қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Серіктестіктің құқықтық мәртебесі

Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқығын алады.

Серіктестік өз қызметін осы Жарғыға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізеді.

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарында осындай ұйымдық-құқықтық нысан үшін белгіленген барлық құқықтарды пайдаланады.

Серіктестік өз міндеттемелері үшін барлық оның иелігіндегі мүлкімен жауап береді. Серіктестіктің Қатысушысы міндеттемелері бойынша жауапты емес және Серіктестіктің іс-әрекеттеріне байланысты шығының өзінің Жарғылық капиталға енгізген салымының құны шегінде көтереді. Серіктестік Қатысушысы міндеттемелері үшін жауапкершілік үшін көтермейді. Қазақстан Республикасы Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауапты емес, ал Серіктестік Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін жауапты емес.

Серіктестік өз атынан келісімдер жасасуға, мүліктік және жеке-дара мүліктік емес құқықтарды иемденуге, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқылы.

Серіктестіктің дербес балансы болады және толық шаруашылық есеп жасау, өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік, соның ішінде валюталық өз шығынын өзі өтеушілік негізінде іс-әрекет жасайды. Серіктестіктің фирмалық атауы көрсетілген мөрі, фирмалық таңбасы, фирмалық бланкі болады.

Серіктестік қолданыстағы заңдарға сәйкес өз мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына, өз қызметінің мақсаттарына және мүліктің пайдаланылуына сәйкес иемденеді, пайдаланады және билік етеді.

Сеоіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шетелдерде филиалдар мен өкілдіктерді ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға, құқылы. Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы жөнінде және олардың мекен-жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.

Өзінің еңбегімен серіктестіктің іс-әрекеттеріне еңбек шарты немесе қызметкердің серіктестікпен еңбек қатынастарын реттейтін басқа
нысандар негізінде қатысқан тұлғалар еңбек ұжымының мүшелері болып табылады. Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңдырының нормаларымен реттеледі.

Бас директор серіктестіктің Қазақстан Республикасының еңбек заңдары шеңберіндегі еңбек қатынастарына байланысты барлық мәселелерді шешеді. Еңбекақының нысанын, жүйесін және мөлшерін, сонымен қатар қызметкерлердің табыстарының басқа түрлерін Бас Директор тағайындайды. Әрбір қызметкердің еңбек табысы жұмысының түпкі нәтижесі ескеріле отырып, оның жеке еңбек үлесімен, бірақ жоғарғы деңгейін шектемей анықталады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оған салық салынады.

Серіктестік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтардың берілуіне кепілдік береді.

Серіктестік барлық қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті және заң белгілеген тәртіппен олардың денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтереді.

Серіктестікті қайта құру және тарту

Серіктестікті қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, түрлендіру) және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жасалады.

Серіктестікті өз еркімен қайта құру және тарату серіктестік құрылтай мүшелерінің шешімімен жүзеге асырылады. Мәжбүрлеп тарату оны банкрот етіп жариялағанда және заң актілерінде белгіленген басқа да жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырыла алады.

Серіктестікті қайта құру барысында серіктестіктің құрылтай құжаттарына және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.


Серіктестікті қайта құру барысында серіктестіктің мүлкі, заң актілерінде немесе қайта құру туралы шешімде басқаша белгіленбесе, оның құқық мұрагерлеріне ауысады.

Серіктестік келесі жағдайларда таратылады:

Серіктестік құрылтай мүшелерінің шешімі бойынша;

сот шешімі бойынша;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа жағдайларда;

Серіктестіктің ерікті тарату Серіктестік құрылтай мүшелері тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді, ол Серіктестік құрылтай мүшелерінің тарату балансын бекітуге береді. Серіктестіктің қызметі сот шешімімен доғарылған жағдайда, тарату комиссиясын сот тағайындайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін доғаруға, жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа, келесі жағдайлар негіз бола алады:


  • егер жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оныың мөлшері «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңда белгіленген минималды мөлшерден кем болып шықса;

  • егер қатысушылар «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңда белгіленген мерзімдерде Серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаса;

  • серіктестіктің жұмыс жүргізу тілдері орыс, қазақ ағылшын тілдері болады. Жарғыда өзгерістер мен толықтыруларды серіктестіктің құрылтай мүшелері енгізеді және олар Қазақстан Республикасының заңдарында тағайындалған тәртіппен міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Осы Жарғы Серіктестіктің мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімінен бастап күшіне енеді.

Серіктестік Қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

Серіктестік құрылтай мүшелері құқылы:






  • Жарғылық қорының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға;

  • Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша, жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заң талаптарын орындай отырып, серіктестік мүлкіндегі өзінің үлесін немесе оның бөлігін үшінші тұлғаларға сатуға немесе өзге жолмен ұсынуға;

● Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес

өзінің серіктестікке қатысуын тоқтатуға;

● Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп

айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын алуға немесе осы

мүлік бөлігін заттай алуға;

● Осы жарғы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген

заңдарына қайшы келмейтін серіктестіктің қалыпты дамуына бағыт-

талған кез келген басқа да іс-әрекеттерді жасауға;

● Серіктестік құрылтай мүшелері Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңдарында көзделген өзге де құқықтар иелене алады;

Серіктестік құрылтай мүшелерінің міндеті:

● Серіктестік Жарғысының талаптарын орындауға;

● Жарғы белгіленген тәртіппен серіктестіктің іс-әрекеттеріне қатысуға;

● Серіктестік жарғысы белгілеген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде

салымдар енгізуге,

● Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария

етпеуге;

● Серіктестікке зиян келтіруі мүмкін қандай да болсын іс-әрекет

жасамауға.

Серіктестік құрылтай мүшелері осы жарғы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген басқа да міндеттерді атқарады.

Серіктестік органдары:

жоғары органы — Қатысушы;

атқарушы органы — Бас директор.

Қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзіретіне қатыстылар:



  • Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, мекен-жайы мен фирмалық атауын: өзгертуді қоса, серіктестіктің жарғысын өзгерту, немесе Серіктестіктің Жарғысының жаңа редакциясын бекіту;

  • Серіктестіктің Бас директорын сайлау немесе оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату;

  • Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза табысын бөлу;

  • Серіктестіктің ішкі тәртібін реттейтін ішкі ережелерін, оларды қабылдау үрдістерін және басқа да құжаттарды бекіту;

  • Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы жөнінде шешім қабылдау, филиалдар мен өкілдіктер ашу;

  • Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату шешім;

  • тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

  • Серіктестіктің барлық мүлкін кепілге салу туралы бір ауыздан қабылданатын шешеім;

  • Серіктестіктің мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім;

Серіктестік құрылтай мүшелерінің ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелер серіктестіктің атқарушы органының кадрларына берілмейді.

Бас директор өзінің құзіреті шеңберінде:

— Серіктестік құрылтай мүшелері белгілеген шектер мен мөлшерде Серіктестіктің мүлкіне, сондай-ақ қаржы-қаражатына билік жүргізеді;


  • Серіктестіктің қызметкерлерін жұмысқа алып, орнынан босатады;

  • Серіктестіктің штат кестесін және лауазымды еңбекақыларды бекітеді, дербес үстемелердің мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және әкімшілік жаза салады;

  • Серіктестік жалпы жиналысының шешімдерін іске асырады;

  • Серіктестік жалпы жиналысына серіктестіктің қаржылық және экономикалық жағдайы туралы есеп береді;

  1. Серіктестік атынан сенімхатсыз іс - әрекеттер жүргізеді;

  • Серіктестіктің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар мен басқа да мәмілелер жасасады;

Серіктестік атынан өкілеттік ету құқығына сенімхаттар, соның ішінде, қайта сенім арту құқығы бар сенімхаттар береді;

— банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады;



  • серіктестіктің ағымдағы (күнделікті) басшылығын жүзеге асырады.

Бас директор серіктестік жалпы жиналысы алдында есеп береді және оның бақылауында болады. Бас директорға тыйым салынады:

  • Серіктестік құрылтай мүшелерінің келісімісіз серіктестікпен одан мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер жасасуға;

  • Серіктестіктің үшінші тұлғалармен жасасқан мәмілелер үшін Серіктестіктен, және үшінші тұлғалардан комиссиялық сыйақылар алуға;

  • Серіктестікпен үшінші тұлғалар арасындағы қатынастарға үшінші тұлғалар атынан немесе олардың мүддесін білдіріп қатысуға;

Серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызмет жасауға. Осымен серіктестіктің мүлік құнының құрылымын қарастырайық.

Мүлік құнының құрылымын талдау

(2006-07жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС) кесте-1.1.1.

мың тг

Көрсеткіштер

2007жыл

2006жыл

Ауытқу

Мүлік құны (теңге)

16135513

30623789

-14488276

Иммобильдік қорлар

325461

-

325461

Мүлік құнына (%)

2

-




Мобильдік қорлар

15810052

30623789

-14813737

Мүлік құнына (%)

98

100

-2

Кестеде көрсеткендей акционерлік қоғамның мүлік құны – 14488276 мың теңгеге төмендеді. Талданып отырған серіктестіктің ұзақ мерзімді активтер ішінен тек негізгі құралдар ғана 325461 мың теңгеге ие болды. Мобильдік қорлар жыл басында 30623789 мың теңге, 2006 жылы 15810052 мың теңгеге төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда 14813737 мың теңгеге төмендеді. 2006 жылы тек активтердің 100 пайызын мобильдік қорлар ие болды. 2007 жылы 98 пайызды мобильдік қор 2 пайызды иммобильдік қорлар үлес қосты.


Қаржылық қорлардың құрылымын талдау

(2006-07жыл «Crocus Multimedia Services» ЖШС)

кесте-1.1.2.

мың тг.


Көрсеткіштер

2006жыл

2007жыл

ауытқу

Қаржылық қорлар(теңге)

30623789

16135513

-14488276

Меншікті капитал

60064

2405216

2345152

Қаржылық капиталға (%)

0,19

14,9

14,71

Тартылған капитал

30563725

13730297

-16833428

Қаржылық капиталға (%)

99,81

85,1

-14,71













Талдау жасалынған акционерлік қоғамның қаржылық қор сомасы 14488276 мың теңгеге төмендегін байқаймыз. Мұндай өсу біріншіден меншікті капиталдың өсу нәтижесінде болған. Меншікті капитал 2345152 мың теңгеге өскен. Яғни үлес салмағы 14,71 пайызға өсті. Қарастырылып отырған акционерлік қоғамның тартылған капиталының сомасы 16833428 мың теңгеге азайған. Осымен акционерлік қоғамның қазіргі таңда қаржыланудың бар жоғы екі жолы бұл:

1) меншікті капиталды ұлғайту;

2) сырттан тартылған капиталды көбейту.

Мына осы екі қаржыланудың жолдарын ұлғайту керек екендігін көріп отыр.
Капиталдың құрамы мен құрылымын талдау

(2006-07жыл «Crocus Multimedia Services» ЖШС)

кесте-1.1.3.

мың тг.


Көрсеткіштер

2006 жыл

2007 жыл

Жыл бойындағы

өзгеріс (+,-)



Құрылым

ының


өзгеруі

(4гр-2гр)



сомасы,

мың,тг


үлес салмағы

%


сомасы,

мың,тг


үлес салмағы

%


мың,тг.

(3гр-1гр)


(5гр/1гр*100)



үлес салмағы

%





1

2

3

4

5

6

7

1. Капиталдың барлығы

30623789

100

16135513

100

-

-47,3

-

2.Меншікті капитал

60064

0,2

2405216

14,9

-

-468,8

14,7

3.Қатыстырылған капитал

30563725

99,8

13730297

85,1

10673972

34,9

-14,7

Тәуелсіздік коэффициент (2/1) 0,5-0,6




0,001




0,14







0,139

Қаржыландыру коэффициент (2/3) >1




0,002




0,15







0,148

Қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы (3/2)<1




508




5,7







-502,3

Инвестициялық коэффициент (2/нег.кап)>0,5

-







7,3







7,3

Талдау жүргізіп отырған «Crocus Multimedia Services» ЖШС 2006 жылы капитал 30623789 мың теңгеге 2006 жылы 16135513 және үлес салмағы 47,3 пайызға төмендеді. Осы көрсеткіштің төмендеуіне меншікті капиталдың төмендеуі әсер етті. Ол есеп беру жылы 28158509 мың теңгеге, төмендегенін көріп отырмыз. Ал қатыстырылған капиталы жыл басында 30563725 мың теңге, 2007 жылы 2405216 мың теңгеге ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға төмендеді. Барлық коэффициенттер қолайлы мәедерге ие болып отырған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет