Дипломдық жұмысы Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында дарынды балалармен бастауыш сынып мұғалімінің жұмысының ерекшеліктері



бет4/4
Дата20.06.2016
өлшемі295 Kb.
#149620
түріДиплом
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Үстеу және оның түрлерін пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың үстеу туралы білімін пысықтау. Сөздік қорын молайту. Сөйлем ішінде үстеуді ажырата білу қабілетін арттыру.

  2. Дамытушылық: Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, сауалнам »Алтын қақпа» ойыны компьютер.

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық.

Оқушыларды 3 топқа бөлу. Өлең шумағын хормен айту.

Қазақ тілім - ­ өз тілім, ана тілім ,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл­ - қызың мәңгі сені ,

Болашағым, бақытым, дара тілім .

Топтарды сабақтың барысымен таныстыру.

1.Психологиялық дайындық.

2.Сауалнама.

3.Ой ашар. Жаңа сабақ. «Алтын қақпа» ойыны.

4. «Тас қақпаны» ашу. «Фильворд» ойыны.

6. «Алтын қақпа» ойыны. Сюжеті сурет бойынша мәтін құрау.

7. «Алтын сандық» . Деңгейлік тапсырма.

8. Қорытынды.

«Алтын қақпа» ойынына қатысу үшін сауалнама аламын .

Сұрақтарды беріп орындатамын.

І. «Тас қақпаны» ашу. «Фильвор» ойынын ойнатып, сабақтың тақырыбын шығарамыз .

ІІ. «Күміс қақпаны» ашу . Тапсырма теледидардан оқылады .

1-топ. Мақал-мәтел жазады, құрамында үстеу болсын.

2-топ. Құрамында үстеулері бар жұмбақ жазады.

3-топ. Құрамында үстеулері бар жаңылтпаш жазады.

Тапсырманы орындауға уақыт беремін. Орындап болған соң әр топтан 1-2 оқушыға оқытып , үстеулерді тауып ,сұрақ қойғызамын.

ІІІ. «Алтын қақпаны» ашу. Тапсырма беріледі. Тақтаға 3 топқа 3 сюжетті сурет ілінеді.

1-топ. Көктем мезгілі туралы мәтін құрайды.

2-топ. Жаз мезгілі туралы мәтін құрайды.

3-топ. Күз мезгілі туралы мәтін құрайды.

Сөйлемдердің құрамында үстеу болсын.

Тапсырманы орындап болған соң, әр топтан 2-3 оқушыға мәтіндерін оқытып, үстеуді тапқызамын.

ІV. «Алтын сандықты» ашу. Тапсырманы конверттен аламыз.
Деңгейлік тапсырма.

1-топ


1-деңгей

«Ұстаз» сөзін тәуелдеп жаз.

2-деңгей

Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Біздің қораға екі қарлығаш келіп қонды.

3-деңгей


Мекен үстеуге сөйлем құра.

2-топ


1-деңгей

«Гүл» сөзін септе.

2-деңгей

Сөйлемді сөз құрамына талда.

Малшылар қыстаудан жайлауға көшті.

3-деңгей


Мезгіл үстеуге сөйлем құра.

3-топ.


1-деңгей.

«Оқушы» сөзін жікте.

2-деңгей.

Сөйлемді сөз табына талда.

Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды.

3-деңгей.

Сын-қимыл үстеуге сөйлем құра.

Деңгейлік тапсырманың бағасын қою.



V. Қорытынды.

Үстеу




Оқушыларды бағалау.

Сабақ соңында алтын сандық ашылып, сыйлықтар таратылады.

Сабақтың тақырыбы: Лексика

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың лексикадан алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеріп бағалау, сөздік қорын молайту.

2.Дамытушылық: Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершіліккке, адалдыққа, ана тілін сүюге, сөз қолданыстағы шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тест, карталар, анаграммалар, кестелер.

Түрі: Жинақтау сабағы.

Әдісі: Сұрақ-жауап, эвристикалық мәселе туғызу әдістері.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А. сәлемдесу.

Б. оқу құралына көңіл бөлу.

2. Үй жұмысын пысықтау.

3. Жаңа сабақ. Лексика.

«Лексика» атты анаграмманы шешкіземін.

1.Сөз байлығын зерттейтін сала – лексика.

2. Сөз тіркесінің түрі – еркін.

3. Белгілі бір кәсіпке байланысты айтылған сөз – кәсіби.

4. Өзара мәндес жоқ сөздер – синоним.

5. Көнерген сөздердің түрі – историзм.

6. Қолданудан шыққан сөздің атауы – көнерген.

7. Мғыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер – антоним.

Ережеден атаулар бойынша мысалдар келтіру.

Топтық тапсырмалар орындату.


1-топ.



Қатар саны

Мысалдар

Әскери

Биология

Медицина

Әдебиет

Спорт

1

2

3



4

5

6



7

8


Генерал

Окробат


Образ

Теннис


Диагноз

Поэзия


Аптека

Ағза

















2-топ.


Мысалдар

Еркін сөз тіркесі

Тұрақты сөз тіркесі

1.Көзінің еті өсті.

2.Газет оқу.

3.Қырғи қабақ болу.

4.Ән салу.

5.Ит байласа тұрғысыз.

6.Тік тұру.









3-топ.

Мысалдар

Мақал

Мәтел

1.Ердің сәні – білім

Жердің сәні – егін.

2.Көппен көрген ұлы той.

3.Әлін білмеген әлек.

4.Төзім мен еңбек бәрін

де жеңбек.

5.Кең болсаң кем болмайсың.

6.Соқыр тауыққа бәрі бидай.









Мысалдар

Диалект сөздер

Архаизмдер

Неологизмдер

Кәсіби сөздер

1.Пісте.

2.Спутник.

3.Зындан.

4.Егеу.


5.Әйдік.

6.Парламент














Кітаппен жұмыс:

209-жаттығу. Сөз өнеріндегі антонимдер.

Оқ жарасы бітер,

Сөз жарасы бітпес.

Жақсының сөзі ақыл шақырады,

Жаманның сөзі ашу шақырады.

Баланың жақсысы – қызық,

Жаманы – күйік.

210-жаттығу.

Асан - бай баласы.

Үсен – кедей баласы.

Асанның қолынан ештеңе келмейді.Тамаққа тойып алып, жылы жерден шықпаған бала.

Үсен әр іске икемді. Өз нанын өзі табу үшін, еңбек етуге бейім.

211-жаттығу.

Күн – жарық.

Ауа – тіршілік.

Жер - әлем.

213-жаттығу. Сөздік құрам.









Сергіту кезеңі «Бір сөзбен атаңдар» (кезеңі) ойыны.

Сөз тіркесін бір сөзбен айту, шыққан сөзден сөйлем құрау.



  1. Қолды болды (ұрлады).

  2. Аузының суы құрыды (таңданды).

  3. Жер соғып қалу (өкіну).

  4. Көз аларту (жақтырмау).

  5. Ат ізін салмау (қатыспау).

  6. Құлқын сәріден (ертемен).

  7. Бетінен оты шығу (ұялу).

  8. Қызыл кеңірдек болу (ұрсысу).

Қалай дер едіңдер? ойыны.

  1. Жұмыстан қолы босамайтын адам. (жұмысбасты).

  2. Молшылыққа кездесу, көп олжаға ие болу (шаш етектен бату).

  3. Мейірімсіз, сезімі жоқ адам (тас бауыр).

  4. Бағы жанып, абырой, мерейі көтерілді (тасы өрге домалады).

Омонимге, синонимге, антонимге екі-екіден мысалдар жазу.

Жаңа сабақты қорыту.

Бекіту үшін бірнеше сұрақтар беру.



Жалпы сабақты қорыту.

Үй тапсырмасына 216-217-218 жаттығулар жазбаша, 219-жаттығу ауызша беріледі.



Оқушыларды бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын түсіндіру.

Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатындығын айту.

Дамытушылық. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ..

Сабақтың жүру барысы.


  1. Ұйымдастыру. Оқу-құралдарын дайындап, назарларын мұғалімге аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ.

Ерте, ерте, ертеде «Сөзстан» деген елді мекенде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – «Күрделі сөздер» екен. Оның үш ұлы болыпты. Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте бақытты өмір кешіпті. Балалары да тату болып, бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.


Күрделі сөздер

Біріккен сөздер



Қос сөздер

Қысқарған сөздер


ІV. Оқулықпен жұмыс. 226-жаттығу.

Әр сөз неше түбірден құралған?

Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Ботагөз, Талдықорған, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ т.б.

V. Білгенге – маржан. 227-жаттығу.

Біріккен сөздердің арасына қосу (+) белгісін қойып жазу.



  1. Қос+құдық 5. Ақ+қу

  2. Қара+жал 6. Бір+жан

  3. Ақ+теңіз 7. Көк+жиек

  4. Ақ+төс 8. Саңырау+құлақ

VІ. Сергіту сәті.

Бүгін теледидардан қандай бағдарлама болатынын естеріңізге саламыз. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Қаражон атындағы орта мектептің мұғалімі.Сіздердің назарларыңызға төмендегі бағдарламамызды ұсынамыз.



    1. Жаңалықтар. 15.10. Жетісаз.

8.20. Тілашар. 15.45. Жансусар.

9.15. Аңсар. 18.40. Баспасөз-2005

10.10. Көзайым 19.40. Қалаймақан.

11.20. Бағдаршам. 20.00. Ақжүніс.

21.05. Көркем фильм «Ботагөз».

Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! (Оқушылар біріккен сөздерді тауып түбірлерін қол соғу арқылы білдіреді).



VІІ. Дәптермен жұмыс. 228-жаттығу.

Біріккен сөздердің қай есімнен жасалғанын түсіндіру.

Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,

Түрленген Тарбағатай тастарынан.

Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті,

Бурабай, Баянауыл бастарынан.



VІІІ. Мақал-мәтел.

Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

Қандай шөптердің атын білесіңдер? (итмұрын, шайқурай, бәйшешек, аскөк, түймедақ, қырықбуын, шегіргүл, түйеқарын, есекмия)

ІХ. Шығармашылық жұмыс.

1-топ.Аңдардың атын жазу.

2-топ. Құстардың атын жазу.

3-топ. Жәндіктердің атын жазу.

4-топ. Балықтардың атын жазу.


Аң

Құс

Жәндік

Балық

Ақбөкен

Тауешкі


Жолбарыс

Аққу

Көкқұтан


Жарқанат

Қараторғай

Күркетауық


Саршұнақ

Тасбақа


Қарақұрт

Көртышқан

Қосаяқ


Көксерке

Есектұмсық

Алабұға

Қызылбалық





Х. Дамытушылық тапсырма.

1-тапсырма

1. Таудың суретін сал

2. Ағып жатқан бұлақты сал

3. Шөптің суретін сал

4. Балықтың суретін сал



ХІ « Кім шапшаң?» ойыны.

1-топ


Сары

Саңырау


Кемпір

Темір


Бибі

3-топ. Сөйлем құрау. ( Аққу,Есдәулет)

1. Аққу-сұлу,нәзік құс.

2. Кітапханадан Есдәулет атай кездесті.

ХІІ. Қорытындылау.

-Сонымен,біз бүгін сабақта қандай тақырып өттік? Не үйрендік?




ХІІІ. Үйге тапсырма. 230-жаттығу.

ХІV. Сабаққа тиянақты қатысқан барлық оқушыларды бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Алдамұратов Ә. « Жалпы психология» Алматы 1996 ж.

  2. Ахметжанова А. «Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» Білім 2004

  3. Әбжанов С. «Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту» Бастауыш мектеп №2. 2003

  4. Әбілқасымова А.Е. «Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру» Алматы Білім 1994

  5. Әуелбеков Ш. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы 1987

  6. Әлмұханова Г. «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау» Бастауыш мектеп №10. 2002

  7. Бабаев С. « Жалпы психология» Алматы 2003

  8. Волков И.П. «Творчествоға үйрету» Бастауыш мектеп №7 1988

  9. Ділдәбекова Г. « Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №7 2001

  10. Есмағанбетова Ш.«Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» Алматы. Ғылым 2002

  11. Жақсылықова Т. « Қазақ тілі сабағы» Бастауыш мектеп №1 2003

  12. Жұмабаев М. « Педагогика» Алматы 1992

  13. Жұманбаева Қ. « Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» Бастауыш мектеп. №7. 2001

  14. Жүнісова Д. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №10. 2002

  15. «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында аға білім мазмұны тұжырымдамасы».

  16. Задинова С. «Қызығушылықты арттыру» бастауыш мектеп №1. 1985

  17. Искакова М. «Халық календары» Алматы Қазақстан. 1990

  18. Кәкімова Ш.Л., Қашығынова Ә.Қ. «Оқушы шығармашылығын дамыту» бастауыш мектеп №1,№2. 1999

  19. Қазыбаев С. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы 1990

  20. Қайранова Ғ. «Білім негізі бастауышта» бастауыш мектеп №2. 2002

  21. Қазиева С. «Оқушылардың ой-өрісін дамыту» Бастауыш мектеп №1.2003

  22. Қазақстан мектебі №1.2002

  23. Қазақстан мектебі №2. 2002

  24. Қазақстан мектебі №3. 2002

  25. Қазақстан мектебі №5. 2002

  26. Қазақстан мектебі №6. 2002

  27. Қазақстан мектебі №9. 2002

  28. Қазақстан мектебі №6. 2004

  29. Қошанова М. «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2004

  30. Қоянбаев Ж. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы. Рауан. 1990

  31. ҚР «Білім мемлекеттік бағдарламасы»

  32. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030»

  33. Өмірәлиев Қ. «Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану» Алматы. Мектеп. 1968

  34. Рүстемова Ж. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2003

  35. «Республика ұстаздары» газеті №21. 2004

  36. Сабыров Т. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» Алматы. 1992

  37. Сәкенова Р., Найманбаева П. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2003

  38. Табылдиев Ә. «Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие» Алматы 1992

  39. Тұрғынбаева Б. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №7. 1997

  40. Жүнісова Д. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №10. 2002

  41. Жұманбаева Қ. «Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» бастауыш мектеп №7. 2001







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет